Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2830. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес, кедендік құнды бақылауды күшейту және импортталатын автокөлік құралдарына бақылау жасаудың тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын: Қараңыз.K100296
      1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары "Семей" және "Ұлытау" кедендері бойынша аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес 8703 тауар позициясында жіктелетін автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу орталықтандырылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253 қаулысымен, 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 139 бұйрығымен.
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді, алынып тасталды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253 қаулысымен2005 жылғы 14 сәуірдегі N 139 бұйрығымен.
      2-1. Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті "Талдықорған" кеден бекетінің қызмет аймағында тіркелген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін көлік құралдарын кедендік ресімдеуді "Талдықорған" кеден бекетінде қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253 қаулысымен, 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 139 бұйрығымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады