"Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы минитрлігі Кеден бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 139 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3564. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 373-бабына сәйкес, кедендік құнға бақылауды күшейту және импортталатын автокөлік құралдарын бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2830 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253  бұйрығымен енгізілген N 2913 болып тіркелген өзгертулермен 2004 жылғы 23 қазанда N 43 "Ресми газетада" жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 192  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "Алматы облысын қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақ алынып тасталсын;

      2-1-тармақтағы "(Ы.А. Жандарбеков)" деген сөздер алынып тасталсын;

      3 және 4-тармақтардағы "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.Қ.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы вице-министрі
      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады