Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2006 жылғы 7 шілдедегі N 242 бұйрығынан
үзінді:
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын талдау және әдiснамасы департаментi (А.Н.Қалиева) бiр апта мерзiмде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Ә.А. Смайыловқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2006 жылғы 7 шілдедегі
N 242 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзiмi
...
5. "Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2004 жылғы 8 сәуiрдегi N 147 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2834 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерi бюллетенiнiң 2004 ж. N 33-36, 987-құжатында жарияланған).
---------------------
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы"
заң күші бар Жарлығына
сәйкес бұйырамын:
1. "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1174 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы
N 123
- N 1478 тіркелген, 2003 жылғы 19 наурыздағы
N 117
- N 2239 тіркелген, 2003 жылғы 9 маусымдағы
N 229
- N 2388 тіркелген бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын бекіту жөніндегі нұсқаулықта:
8-1 және 8-2-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр