2004 жылы жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды 2(3)-курстан кейін аралық аттестаттаудан өткізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2851. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 341 бұйрығымен (V053663 қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 264  бұйрығымен  бекітілген "Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізудің ережесіне" сәйкес бұйырамын:
      1. 2004 жылға бекітілсін:
      1) іштей оқу нысанындағы білім алушыларға 2(3)-курстан кейін кешенді тестілеу өткізу үшін даярлау бағыттарының, мамандықтар мен пәндердің тізбесі, қосымша;
      2) заң, педагогикалық және экономикалық даярлау бағыттары және мамандықтары бойынша деңгейлік балл тест тапсырмаларының жалпы санының 30 %-дық, ал медициналық мамандықтар үшін - 40%-дық дұрыс жауабына тең болуы.
      2. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (Т.О.Балықбаев) білім алушыларға 2(3) курстан кейін кешенді тестілеу өткізу бекітілген технологияға сәйкес жүргізсін.
      3. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ә.Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г. Гамарникке жүктелсін.

      Министр

2004 жылы жоғары оқу орындарындағы  
білім алушыларды 2(3)-курстан кейін  
аралық аттестаттаудан өткізу туралы" 
Қазақстан Республикасы         
Білім және ғылым министрінің     
2004 жылғы 23 сәуірдегі       
N 351 бұйрығына қосымша       

Іштей оқу нысанындағы білім алушыларға 2(3) курстан кейін кешенді тестілеу өткізу үшін даярлау бағыттарының, мамандықтар мен пәндердің тізбесі

021600 мамандықтары және 521630 "Юриспруденция" даярлау бағыттары үшін

      1. Әкімшілік құқық;
      2. Экономикалық теория негіздері;
      3. Информатика;
      4. Мемлекет және құқық теориясы;
      5. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.

030000 "Педагогикалық мамандықтар" (жаратылыстану) топтары және 521930 даярлау бағыттары үшін

      1. Мәдениеттану;
      2. Информатика;
      3. Математика;
      4. Психология;
      5. Педагогика.

030000 "Педагогикалық мамандықтар" (гуманитарлық) топтары және 540330 даярлау бағыттары үшін

      1. Мәдениеттану;
      2. Математика және информатика;
      3. Жас физиологиясы және валеология;
      4. Психология;
      5. Педагогика.

040000 "Медициналық мамандықтар" топтары ( 040500 және 040800 басқа "Маман (бейіні бойынша)" біліктілігімен және даярлау бағыттары үшін

      1. Информатика;
      2. Философия;
      3. Биологиялық химия;
      4. Патологиялық физиология;
      5. Патологиялық анатомия;
      6. Микробиология және вирусология.

040500 "Фармация" мамандықтары үшін

      1. Информатика;
      2. Философия;
      3. Биологиялық химия;
      4. Аналитикалық химия;
      5. Органикалық химия;
      6. Микробиология және вирусология.

040800 "Медициналық-биологиялық іс" "Маман (бейіні бойынша)" біліктілігімен мамандықтары үшін

      1. Информатика;
      2. Философия;
      3. Биологиялық химия;
      4. Қалыпты физиология;
      5. Адам анатомиясы;
      6. Цитология және гистология.

070000 "Экономика және басқару мамандықтары" топтары және 520530, 520830, 522230, 522330, 540430 даярлау бағыттары үшін

      1. Математика;
      2. Информатика;
      3. Экономикалық теория негіздері;
      4. Микроэкономика;
      5. Макроэкономика.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады