N 2573 тiркелген "Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 421 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2897. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.07.15 № 309 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Бұйырамын :
      1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде N 2573 тiркелген "Мемлекеттiк емес ұйымдарды аккредитациядан өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 421  қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733  бұйрығына (бұдан әрi - Бұйрық), мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      Бұйрықтың 1-тармағында "1-5-қосымшаға" деген сөздер "1-3, 5-қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Бұйрықтың 1-қосымшасының 8-тармағының екiншi абзацы және тиiсiнше 4-қосымшасы алынып тасталсын;

      Бұйрықтың 2-қосымшасында:
      15-тармақтағы кесте мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
8. | Ұйымның қаржылық-экономикалық | мың теңге |      |      |
   | жағдайы                       |           |      |      |
___________________________________________________________________

      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет";
      көрсетiлген Бұйрықтың 3-қосымшасында:
      кестенiң реттiк нөмiрi 4-8-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.Бектұрғановқа жүктелсiн.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады