Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Нотариалдық iс-әрекеттердi жасау тәртiбiн жетiлдiру және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендiру мақсатында, Бұйырамын:
Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 539 "Қазақстан Республикасында нотариалдық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы Нұсқаулығын бекiту туралы" бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 564 болып тiркелген, Қазақстан республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенiнде 1998 жылдың 30 қарашада N 8 жарияланған, Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2000 жылғы 20 қарашада N 527-К "Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 539 бұйрығына өзгерiстермен толықтырулар енгiзу туралы" бұйрығымен өзгерiстермен толықтырулар енгiзiлген, Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 28 шiлдедегi N 539 "Қазақстан Республикасында нотариалдық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы Нұсқаулығын бекiту туралы" бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген, Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 "Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" бұйрығымен) келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы нотариалдық iс-әрекеттердi жақсарту тәртiбi туралы Нұсқаулықта көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген:
1) 2 бөлiмнiң 3) бөлiмшесi келесi редакцияда көрсетiлсiн:
"3) сенiмгерлiк басқарушыға мұрагерлiктi тағайындайды";
2) 8 бөлiмдегi 1) бөлiмше келесi редакцияда көрсетiлсiн:
"мұрамен сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау;";
5 бөлiм алынып тасталсын;
3) 35 бөлiмде:
"нотариустың"сөзiнен кейiн "жеке" сөзiмен толықтырылсын;
келесi мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"бұл ретте нотариуспен қойылған қолдың көшiрмесiн қолдануға жол берiлмейдi";
4) 46 бөлiмде "олар мұраны иеленедi" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ мұрагерлiктi қабылдау үшiн негiз болып табылатын туыстық және басқа-да қарым-қатынасты дәлелдейтiн құжаттар";
5) 49 бөлiм келесi редакцияда көрсетiлсiн:
"49. Мемлекеттiк нотариалдық кеңседе қызмет жасайтын нотариус, және жергiлiктi атқарушы органның лауазымды тұлғасы нотариалдық iс-әрекеттi жасағаны үшiн мемлекеттiк бажды, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетiлген ставкамен алады.
Жекеше нотариустардың нотариалдық iс-әрекеттердi жасау төлемi Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көрсетiлген мемлекеттiк баждардың өлшемiне сәйкес ставка бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң лауазымды тұлғасы нотариалдық iс-әрекеттердi жасағаны үшiн алымды консулдық тарифпен айқындалған алымға сәйкес алады.";
6) 52, 54 бөлiмдер алынып тасталсын.
7) 69 бөлiмде "сондай-ақ төленген тариф (жекеше нотариустың қосымша қызметтерi)" сөзi алынып тасталсын;
8) 78 бөлiмнiң екiншi және үшiншi жаңа жолдары алынып тасталсын;
9) 80 бөлiм келесi редакцияда көрсетiлсiн:
"80. Жер заңнамасына сәйкес нотариус иелiктен айыруды куәландыруға құқығы жоқ:
1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсіруге арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23 бабы );
2) мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23 бабы );
3) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 24 бабы );
4) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығы (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 34 бабы );
5) мемлекеттiк жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруға, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi не оның кепiлiн белгiленген тәртiппен иелiктен шығаруға болмайды (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 39 бабы ).;
10) 97 бөлiмде "жылжымайтын мүлiк орталығы" сөзiн "уәкiлеттi тiркеу органдары" сөзiмен ауыстырылсын;
11) 152 бөлiмнiң төртiншi жаңа жолында "негiзгi сенiмхат" сөздерi "негiзгi сенiмхатты куәландырған нотариустың аты-жөнi, тегi, тiзiлiмдiк нөмiрі" сөздерiмен ауыстырылсын;
12) 5 тараудың аты келесi редакцияда көрсетiлсiн:
"5. Мұрамен сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау"
13) 157, 160-163, 169-178, 183 бөлiмдерi алынып тасталсын;
14) 164 бөлiмнiң бiрiншi жаңа жолы алынып тасталсын;
15) 179 бөлiмде "(Қазақстан Республикасы "Нотариат туралы" Заңының 66 бабы)" сөзi алынып тасталсын;
16) 187 бөлiмi келесi мағынада екiншi жаңа жолмен толықтырылсын:
"мұрадан бас тарту өтiнiшiндегi қолдың түпнұсқалығын куәландырған нотариус, мұраны жерiнде ашқан нотариусқа бұл фактi туралы хабарлайды";
17) 246 бөлiмi келесi мағынада екiншi жаңа жолмен толықтырылсын:
"Нотариус заңды мағынасы жоқ жеке хаттарды, монографияларды, мақалаларды, кiтаптарды, газеттiк шығарылымдарды және де нормативтiк құқықтық актiлердiң және басқа да құжаттардың көшiрмесiнiң дұрыстығын куәландыруға құқығы жоқ";
18) 260 бөлiмде "ата-аналарын (асырап алушыларды, қамқоршыларын)" сөздерiн "ата-аналарының бiреуiн (асырап алушыны, қамқоршыны)" сөздерiмен ауыстырылсын;
19) 296 бөлiмнiң екiншi жаңа жолында "заңды тұлға" сөзiнен кейiн "нотариустың депозитiне ақша салған" сөздерiмен толықтырылсын;
20) 360 бөлiмнiң екiншi, үшiншi және төртiншi жаңа жолдары алынып тасталсын.
2. Бұйрық мемлекеттiк тiркеуден кейiн қолданысқа енедi және жариялануға жатады.
Әділет министрі