Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының 2004 жылғы кезекті сайлауы барысында сайлау іс-шараларын қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 28 шілдедегі N 117/143 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2980. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 91/183 қаулысымен.

  ------------Қаулыдан үзінді------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. ....
      3. ....
      
      Төраға
      
      Хатшы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. ....
      2. ....
      3. ....
      4. ....
      5. "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының 2004 жылғы кезекті сайлауы барысында сайлау іс-шараларын қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 28 шілдедегі N 117/143 қаулысы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне 2004 жылғы 3 тамызда тіркелген, тіркеу N 2980).
      6. ....

----------------------------------------------

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заңының  12 және  35 баптарына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы ", " Мемлекеттік сатып алу туралы " заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
      1. Сайлау комиссияларының, негізгі жұмысынан босатылған, мүшелеріне орташа жалақы, сондай-ақ үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы, түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша ақы төлеу сайлау өткізуге бөлінген қаржы есебінен жасалсын.
      Сайлау комиссияларының, негізгі жұмысынан босатылмаған, мүшелеріне үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы, түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша ақы төлеу, сайлау өткізуге бөлінген қаржы есебінен жасалсын.
      Үстеме жұмысы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы, түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша ақы төлеу еңбек заңдарына сәйкес жасалсын.
      Еңбек демалысындағы, сондай-ақ зейнеткерлер мен жұмыссыздар болып табылатын сайлау комиссияларының мүшелері сайлау комиссияларындағы жұмысқа еңбек келісімі негізінде, тиісті сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін белгіленген нормативтер шегінде жалақы төлеумен тартылсын.
      Республикалық бюджет қаржысынан сайлау өткізуге бөлінген қаржының есебімен есептілігін жүргізгені үшін облыстар, Астана және Алматы қалалары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының бас бухгалтерлеріне қосымша ақы төлеу еңбек келісімі негізінде еңбек заңдарына сәйкес жасалсын.
      2. Аумақтық сайлау комиссиялары, нақты жағдайларды ескере отырып және сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың санына байланысты, учаскелік сайлау комиссиялары үшін, қаржыландырудың жалпы жоспары шегінде, сараланған шығыстар нормасын белгілесін.
      3. Сайлау комиссияларына телефон және көшірме байланыстарға бөлінген қаржы абоненттік төлемді және қалааралық байланыс қызметін өтеуге пайдаланылсын.
      Телефон байланысы нүктелерін орнату, басқа техникалық қызметтер жөніндегі шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келісімімен жасалсын.
      4. Сайлау өткізуге бөлінген қаржыға тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу мемлекеттік сатып алулардың нысанасы болып табылмайды және конкурссыз, ақшаны оңтайлы да тиімді шығындау ескеріліп жүргізіледі.
      5. Округтік сайлау комиссиялары депутаттыққа кандидаттарға, жазбаша арыздары бойынша, оларға бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуге, үгіт материалдарын шығаруға, сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыруға және көліктік шығыстарға бөлінген қаржыны шығыс баптары арасында қайта бөлуге рұхсат беруге құқылы.
      6. Осы қаулы оны Қазақстан Республиканың Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуден өткізген сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрайымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады