Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2591 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау ережесiн бекiту жөнiнде" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 193 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2996. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269   қаулысымен .
_________________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  1-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау ережесiн бекiту жөнiнде" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385   қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2591 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 25 басылымдарында 2003 жылғы 01-14 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау ережесi: мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Ипотекалық облигациялар мынадай жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн:
      1) ақшамен;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен;
      3) кредиттiк рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтiк агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе "Aa2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтiк агенттiк жiктемесi бойынша) рейтингтiк бағасы бар шетел мемлекеттерiнiң бағалы қағаздарымен;
      4) сауда-саттықты ұйымдастырушының "А" санаты бойынша ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер ұйымдарының мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарымен.
      Ақша мен бағалы қағаздар ипотекалық облигацияларды шығарған және орналастырған кезде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету құрамына жатқызыла алмайды. Айналыс процесiнде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге жатқызылған бағалы қағаздар мен ақшаның құны қамтамасыз етудiң жалпы құнының 20%-тен астам емес болуы тиiс.".
      2. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Активтердi Басқарушылар қоғамдастығы" Қоғамдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қоғамдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан тiзiлiм ұстаушылар қоғамдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары E.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады