Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 304-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2997. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.26. N 67-НҚ Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (И.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оның белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, "КазТрансОйл" акционерлік қоғамының және "МұнайТас СБТК" жабық акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның міндетін атқарушы


      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика және минералдық

      ресурстар министрі

      __________________________

      2004 жылғы 14 шілде



  Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
5 шілде 2004 жылғы N 304-НҚ
бұйрығымен бекітілген

Магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілері іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.26. N 67-НҚ Бұйрығымен.

      2. Нұсқаулық магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің құрамына кіретін және оларды есептеу мен бекіту, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді кезеңге есептеу мен бекіту кезінде пайданың мүмкін деңгейін есептеу тетігін нақтылайды.

      3. Нұсқаулық магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуші пайданы негізді есептеу және алу мүмкіндігі мақсатында енгізіледі.

      4. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын мұнай құбыры ұйымының тарифтерін қарау және бекіту кезінде уәкілетті орган айқындайды.

      5. Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      табыстылықтың тәуекелсіз ставкасы - АҚШ Қазынашылығының 20 жылдық облигациялары табыстылығының жылдық ставкасы;

      пайданың мүмкін деңгейі - мұнай құбыры ұйымы тиімді жұмыс істеуі және магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну сапасын жақсарту үшін алуға құқығы бар тариф құрамына кіретін пайда (салық салынғаннан кейінгі таза табыс);

      қарыз капитал - мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнге немесе уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, мұнай құбыры ұйымының алған кредиттері бойынша міндеттемелері;

      құзыретті орган - мұнай құбыры көлігі саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      мұнай құбыры ұйымы - магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісі;

      есепті кезең - мұнай құбыры ұйымы қызметтеріне тарифтерді белгілеуге немесе өзгертуге өтінім беру күні алдындағы қаржы жылы;

      іске қосылған активтердің реттелетін негізі - магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау жөнінде қызметтер ұсыну кезінде пайдаланылатын есепті кезеңнің соңына ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар және материалдық емес активтер қалдық құны бойынша) және таза айналым капиталының (ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырма ретінде есептелетін) жиынтық сомасы;

      меншік капитал - мұнай құбыры ұйымының есепті кезеңнің соңына теңгерімдік деректері бойынша анықталатын мұнай құбыры ұйымының меншігіне жататын және үлестердің немесе акциялардың белгілі бір санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлінбеген пайданы қамтитын капитал және резерв капитал, қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал;

      капиталдың құны - мұнай құбыры ұйымының магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау жөнінде қызметті жүзеге асыруымен байланысты инвестициялық тәуекелдерді бейнелейтін қарыз және меншік капиталдың табыстылығы ставкасын сипаттаушы шама;

      уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.26. N 67-НҚ Бұйрығымен.

2. Іске қосылған активтерге пайда ставкасын есептеу

      6. Мұнай құбыры ұйымының іске қосылған активтерінің реттелетін негізіне пайда ставкасы капиталдың орташа алынған құны бойынша анықталады және мына формула бойынша есептеледі:

      [СК x СП СК ] + [ЗК x СП ЗК x (1-t)]

      СП ЗА = -------------------------------------,

      СК + ЗК

      мұндағы:

      СП ЗА - іске қосылған активтерге пайда ставкасы;

      СК - меншік капитал, теңге;

      СП СК - меншік капиталдың құны;

      ЗК - қарыз капитал, теңге;

      СП ЗК - қарыз капиталдың құны;

      t - салық салудың тиімді ставкасы.

      7. Меншік капиталдың құны тәуекелсіз ставканы, Қазақстанның елдік тәуекелі үшін сыйлықты, құбыр секторына арналған акциялар бойынша тәуекел үшін сыйлықты және мұнай құбыры ұйымына тән ерекшелікті тәуекел үшін сыйлықтарды мына формула бойынша жинақтаумен айқындалады:

      СП СК = r f1 + r c + r а + r s ,

      мұндағы:

      r f1 - кірістіліктің тәуекелсіз ставкасы;

      r c - елдік тәуекел үшін сыйлық;

      r а - мұнай құбыры секторына арналған акциялар бойынша тәуекел үшін сыйлық;

      r s - мұнай құбыры ұйымына тән ерекшелікті тәуекел үшін сыйлық.

      8. Мұнай құбыры ұйымы меншік капиталының құнын есептеу кезінде табыстылықтың тәуекелсіз ставкасы (r f1 ) мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнге немесе уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі деректерінің негізінде анықталатын АҚШ Қазынашылығы 20 жылдық облигацияларының ағымдағы табыстылығына тең қабылданады.

      9. Мұнай құбыры ұйымының елдік тәуекел үшін сыйлығын (r c ) анықтау Moody's, Fіtch және Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттіктері берген және мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнге немесе уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне қолданыстағы Қазақстан Республикасының егемен борышы рейтингісін пайдаланып дефолт-спреданы есептеуді көздейтін рейтингтік әдіске негізделген.

      Елдік тәуекел үшін сыйлығы мына формула бойынша есептеледі:

      r c = d s x k v ,

      мұндағы:

      d s - дефолт-спред;

      k v - қор рыногы тұрақсыздығының орташа коэффициенті.

      Базистік тармақтардағы дефолт-спред (1 базистік тармағы = 0,01%) Moody's, Fіtch және Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстан Республикасына берген кредит рейтингі негізінде анықталады (1-қосымша).

      Мұнай құбыры ұйымының іске қосылған активтеріне пайда ставкасын есептеуге арналған қор рыногы тұрақсыздығының орташа коэффициенті жаһандық қор рыногы бойынша есеп негізінде анықталған және 1,5 деңгейде қабылданған (2-қосымша).

      10. Құбыр секторына арналған акциялар бойынша тәуекел үшін сыйлық (r а ) тұтас алғанда АҚШ қор рыногы бойынша тәуекел үшін ұзақ мерзімді сыйлық негізінде анықталады (3-қосымша) және салалық бета-коэффициентте мына формула бойынша түзетіледі:

      r а = b (r m - r f2 ),

      мұндағы:

      r m - 1926-2001 жылдар кезеңінде тұтас алғанда АҚШ қор рыногы бойынша орташа арифметикалық жалпы рыноктық табыстылық;

      r f2 - 1926-2001 жылдар кезеңінде АҚШ-тың 20 жылдық мемлекеттік облигацияларының орташа арифметикалық табыстылығы;

      b - мұнай құбыры секторының салалық бета-коэффициенті.

      Мұнай құбыры ұйымының іске қосылған активтеріне пайда ставкасын есептеуге арналған салалық бета-коэффициент 0,88 деңгейде алынған (4-қосымша).

      11. Мұнай құбыры ұйымына тән ерекшелікті тәуекел үшін сыйлық (r s ) салалық бета-коэффициентпен және елдік тәуекел үшін сыйлықпен жабылмайтын мұнай құбыры ұйымына инвестициялармен байланысты қосымша тәуекелдерді бейнелейді. Ерекшелікті тәуекел үшін сыйлық мәні оларды бағалауға байланысты 0-ден 10%-ға дейін диапазонда болады.

      Мұнай құбыры ұйымының ерекшелікті тәуекел үшін сыйлығының мөлшерін айқындаушы негізгі факторлар:

      1) мұнай тасымалдауға арналған тарифтердің ағымдағы деңгейі;

      2) елеулі тапсырысшыларға/клиенттерге тәуелділік;

      3) бизнестің даму келешегі;

      4) іске қосылған активтердің жай-күйі;

      5) бизнестің қаржылық жай-күйі және күрделі шығындарды қаржыландыру бойынша мүмкіндік болып табылады.

      Мұнай құбыры ұйымы үшін тән ерекшелікті тәуекелдерді объективті бағалау үшін алгоритм пайдаланылады, ол ерекшелікті тәуекелдердің негізгі факторларын ескереді (5-қосымша).

      Мұнай құбыры ұйымының ерекшелікті тәуекелдерін бағалауды құзыретті орган жүргізеді.

      12. Мұнай құбыры ұйымының бүкіл капиталына қатысты бүкіл қарыз капиталының үлес салмағы 50%-дан кем болатын қарыз капиталының құны мына формула бойынша анықталады:

      n

      Е кредиттер і х ставка і

      1

      СП ЗК = -------------------------,

      n

      Е кредиттер і

      1

      мұндағы:

      СП ЗК - қарыз капиталға пайда ставкасы;

      кредит і - мұнай құбыры ұйымының айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерін қоспағанда, мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнге не уәкілетті орган мұнай құбыры ұйымының тарифін қайта қарау туралы шешім қабылдау күніне алынған қаржы ресурстары бойынша міндеттемелері;

      ставка і - тиісті кредит бойынша сыйақының жылдық пайыздық ставкасы.

      13. Мұнай құбыры ұйымының бүкіл капиталына қатысты бүкіл қарыз капиталының үлес салмағы 50%-дан артық болатын қарыз капиталының құны мына формула бойынша анықталады:

      n

      Е кредиттер і х (СРНБ - Учі+ставка і )

      1

      СП ЗК = ------------------------------------,

      n

      Е кредиттер і

      1

      мұндағы:

      СП ЗК - қарыз капиталға пайда ставкасы;

      кредиті - мұнай құбыры ұйымының айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерін қоспағанда, мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнге не уәкілетті орган мұнай құбыры ұйымының тарифін қайта қарау туралы шешім қабылдау күніне алынған қаржы ресурстары бойынша міндеттемелері;

      СРНБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнге не уәкілетті орган мұнай құбыры ұйымының тарифін қайта қарау туралы шешім қабылдау күніне қайта қаржыландыру ставкасы;

      Учі - елдің бірінші деңгейлі банкінің (орталық банк) мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнге не уәкілетті орган мұнай құбыры ұйымының тарифін қайта қарау туралы шешім қабылдау күніне кредит алынған валютада қайта қаржыландыру ставкасы;

      ставка і - тиісті кредит бойынша сыйақының жылдық пайыздық ставкасы.

      14. Салық салудың тиімді ставкасын есептеу (t) мұнай құбыры ұйымы тарифті бекітуге өтінім берген күнінің не уәкілетті орган мұнай құбыры ұйымының тарифін қайта қарау туралы шешім қабылдау күнінің алдындағы жыл үшін мұнай құбыры ұйымының аяқталған аудиттелген қаржы есебі деректері негізінде жүргізіледі (6-қосымша).

      Капиталдың орташа алынған құнын есептеу кезінде салық салудың тиімді ставкасын қолдану Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай құбыры ұйымының корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстардың бір бөлігін шығарып тастауға жатқызбау факторын ескереді.

  Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 5 шілдедегі
N 304-НҚ бұйрығымен бекітілген
  Магистральдық труба құбырлары
арқылы мұнай тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуші табиғи
монополия субъектілеріне іске
қосылған активтерінің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша

      Несие рейтингі бойынша дефолт-спред белгілеу

      __________________________________________________________________

      Несие рейтингі | Дефолт-спред

      __________________________________________________________________

      Aaa 0

      Aa1 75

      Aa2 85

      Aa3 90

      A1 100

      A2 125

      A3 135

      Baa1 150

      Baa2 175

      Baa3 200

      Ba1 325

      Ba2 400

      Ba3 525

      B1 600

      B2 750

      B3 850

      Caa 900

      Ca 1100

      __________________________________________________________________

      Ескерту: Әр рейтинг үшін дефолт-спред елдің осы рейтингте шығарылған, елдің осы рейтингте шығарған АҚШ долларымен іріленген бондыларына пайыз ставкасы және АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына пайыз ставкасы арасындағы орташа айырма ретінде есептеледі. АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары дефольт тәуекелінен іс жүзінде бос болып есептелетіндіктен ол осы есептемеге пайдаланылады.

  Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 5 шілдедегі
N 304-НҚ бұйрығымен бекітілген
  Магистральдық труба құбырлары
арқылы мұнай тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуші табиғи
монополия субъектілеріне іске
қосылған активтерінің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша

      Қор рыногы тұрақсыздығының коэффициентін есептеу

      Құбылмалылық коэффициенті = елдегі қор индексінің орташа ауытқу квадраты/елдің ұзақ мерзімді мемлекеттік облигацияларының орташа ауытқу квадраты

      Жаһандық қор рыногы құбылмалылығының орташа коэффициенті есебі рыногы дамып келе жатқан 20 ел және мұнай құбыры саласының рыногы дамыған 12 елдің көрсеткіштеріне негізделеді. Дамушы рыногы бар елдер үшін коэффициент 1,3, дамыған елдер үшін - 1,8 болды. Жаһандық қор рыногы тұрақсыздығының орташа коэффициенті 1,5-ті құрады.

  Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 5 шілдедегі
N 304-НҚ бұйрығымен бекітілген
  Магистральдық труба құбырлары
арқылы мұнай тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуші табиғи
монополия субъектілеріне іске
қосылған активтерінің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша

      Мұнай құбыры саласының акциялары бойынша

      тәуекел үшін сыйлық есептеу мысалы

      __________________________________________________________________

      |Жалпы рыноктық| |Тәуекелсіз | |(r m - r f2 )

      | табыстылық | | ставка | |

      | r m | | r f2 | |

      __________________________________________________________________

      S&P 500 12,65 % - 5,23 % = 7,42 % (акциялар

      бойынша тәуекел

      үшін пайдаланылған

      сыйлық)

      __________________________________________________________________

      Ескерту: АҚШ қор рыногының бақылау көрсеткіші үшін 1926-2001 жылдар кезеңінде рыноктың толығымен алғанда динамикасын көрсететін және рыноктың бақылау көрсеткіштерінің мейлінше көп тарағаны болып табылатын S&P 500 индексі қабылданды.

  Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 5 шілдедегі
N 304-НҚ бұйрығымен бекітілген
  Магистральдық труба құбырлары
арқылы мұнай тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуші табиғи
монополия субъектілеріне іске
қосылған активтерінің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу
жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша

      Рыногы дамып келе жатқан елдердегі

      салалық бета-коэффициенттер

      __________________________________________________________________

      Сектор | Талдауға |Биржа бағамдарының |Бета-коэффициент

      | енгізілген |стандартты ауытқулары|

      |фирмалар саны| |

      __________________________________________________________________

      Біріктірілген

      мұнай

      компаниялары 18 32,67% 0,88

      Мұнай

      тасымалдау

      бойынша мұнай

      компаниялары 4 7,24% 0,88

      Барлау және

      өндіру - мұнай

      компаниялары 9 30,37% 0,76

      __________________________________________________________________

      Ескерту: бета-коэффициент мұнай құбыры саласы үшін 0,88 деңгейінде қабылданған.

      Бета-коэффициент қор рыногына толығымен қатысы бойынша акциялардың құбылмалылығын немесе жүйелі тәуекелін өлшейді. Бета-коэффициент регрессиялы талдау әдісін пайдалану жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:

      COV(Rі, Rm)

      b = -----------------

      б2m

      мұндағы,

      Rі - сала акцияларының табыстылығы

      Rm - қор рыногының толығымен алғанда табыстылығы

      Cov (Rі, Rm) - сала акцияларының табыстылығы мен толығымен қор рыногының табыстылығы арасындағы ковариация

      бm 2 - толығымен қор рыногының табыстылығының стандартты ауытқу квадраты

  Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 5 шілдедегі
N 304-НҚ бұйрығымен бекітілген
  Магистральдық труба құбырлары
арқылы мұнай тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуші табиғи
монополия субъектілеріне іске
қосылған активтерінің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу
жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша

      Мұнай құбыры ұйымына тән ерекше

      тәуекелдерді бағалау алгоритмі

      __________________________________________________________________

      Тәуекел факторы | Тәуекел деңгейі | Құзыретті және

      |-------------------------| уәкілетті органдар

      | Төменгі |Орташа | Жоғары|бағасының жиынтықты

      | | | | нәтижесі

      __________________________________________________________________

      Тасымалдауға арналған

      тарифтердің ағымдағы

      деңгейі 1 2 3

      Негізгі тапсырысшыларға

      тәуелділік 1 2 3

      Бизнесті дамытудың

      ұзақ мерзімді

      жоспарлары 1 2 3

      Негізгі активтердің

      жай-күйі 1 2 3

      Бизнестің қаржылық

      жай-күйі және күрделі

      шығындарды қаржыландыру

      жөніндегі мүмкіндіктері 1 2 3

      Жиыны (нәтижелер сомасы)

      Тәуекелдің есептік

      деңгейі (орташа)

      __________________________________________________________________

      Тәуекел факторлары көрсеткішін есептеу алгоритмі

      __________________________________________________________________

      Тәуекел факторы |Тәуекел бағасы | Көріністер

      __________________________________________________________________

      Тарифтер деңгейі Төменгі Тарифтердің жоғары деңгейі

      (орташа салалықтан жоғары)

      Орташа Тарифтердің орташа деңгейі

      (орташа салалық)

      Жоғары Тарифтердің төменгі деңгейі

      (операциялық шығындар)

      Негізгі Төменгі Клиенттердің кең және

      тапсырысшыларға әртараптандырылған базасы.

      тәуелділік Орташа Біреуінің немесе бірнешеуінің

      кетіп қалуы компанияның

      операциялық немесе қаржылық

      нәтижелеріне әсер етпейтін

      бірнеше маңызды клиенттердің

      болуы.

      Жоғары Біреуінің немесе бірнешеуінің

      кетіп қалуы компания қызметінің

      нәтижелеріне елеулі әсер ететін

      бірнеше ірі клиенттердің болуы.

      Бизнес әлеуеті Төменгі Өңірлік экономикалық дамудың

      жақсы келешегі, кәсіпорындар

      тарапынан сұраныстың көбеюі,

      халық табысының өсуі;

      Айдау көлемдерінің өсу

      мүмкіндігі, клиенттер базасының

      кеңеюі және басқа өңірлерге

      өктемдік жүргізу

      Орташа Өңірлік баяу экономикалық өсуінің

      келешегі;

      Елеулі артусыз тұрақты сұраныс

      күтіледі

      Жоғары Өңірде экономикалық дамудың

      пессимистік болжамы, құлдыраудың

      белгілі болжамының болуы;

      Қуаттылықтардың жетіспеуі және іс

      жүзінде жеткізуді арттыру

      келешегінің толық болмауы.

      Айдау көлемдері төмендеуінің

      айқын мүмкіндігі.

      Негізгі актив. Төменгі Негізгі құралдардың тозуы -

      тердің жай-күйі 40%-ға дейін.

      Орташа Негізгі құралдардың тозуы -

      40%-дан 70%-ға дейін.

      Жоғары Негізгі құралдардың тозуы -

      70%-дан жоғары.

      Бизнестің Төменгі Өтімділіктің жоғары

      қаржылық жай-күйі деңгейі:

      және күрделі Өтімділік коэффициенті >2

      шығындарды Жедел өтімділік коэффициенті > 1

      қаржыландыру Қарызға алудың төменгі деңгейі:

      жөніндегі Меншік және қарыз қаражаттың

      мүмкіндіктері қатынасы > 3

      Қарыздар/іске қосылған

      капитал < 0,3

      Орташа Өтімділіктің орташа деңгейі:

      Өтімділік коэффициенті >1

      Жедел өтімділік коэффициенті >0,5

      Қарызға алудың орташа деңгейі:

      Меншік және қарыз қаражаттың

      қатынасы > 2

      Қарыздар/іске қосылған

      капитал < 0,5

      Жоғары Өтімділіктің төменгі деңгейі:

      Өтімділік коэффициенті >1

      Жедел өтімділік коэффициенті >0,5

      Қарызға алудың жоғары деңгейі:

      Меншік және қарыз қаражаттың

      қатынасы > 2

      Қарыздар/іске қосылған

      капитал < 0,5

      __________________________________________________________________

      Мұнай құбыры ұйымына тән ерекше тәуекелдер

      үшін сыйлықақы диапазондары

      __________________________________________________________________

      Тәуекел деңгейі | Есеп айырысу бағасы | Ерекше тәуекелдер

      __________________________________________________________________

      Орташадан төмен > = 1 және < 1,5 3 - 4 %

      Орташа > = 1,5 және < 2 5 - 6 %

      Орташадан жоғары > = 2 және < 2,5 7 - 8 %

      Жоғары > = 2,5 9 - 10 %

      __________________________________________________________________

      Ескерту: магистральдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілерінің меншік капиталының мөлшері 1 миллиард АҚШ долларынан асқан кезде ерекше тәуекелдің аз мәнін, меншік капиталының мөлшері 1 миллиард АҚШ долларынан кем болған жағдайда - жоғарыда көрсетілген диапазоннан ерекше тәуекелдің көп мәнін қабылдау қажет.

  Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 5 шілдедегі
N 304-НҚ бұйрығымен бекітілген
  Магистральдық труба құбырлары
арқылы мұнай тасымалдау бойынша
қызметтер көрсетуші табиғи
монополия субъектілеріне іске
қосылған активтерінің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу
жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша

      Мұнай құбыры ұйымы үшін салық салудың

      тиімді ставкасын есептеу нысаны

      __________________________________________________________________

      Реттік| Атауы | Өлшем |Есептік

      N | | бірлігі | кезең

      __________________________________________________________________

      1. Корпоративтік табыс салығына дейінгі табыс мың теңге

      2. Пайдаға салынатын салық (корпоративтік

      табыс салығының ставкасы) %

      3. Күтілетін салық шығыстары (1*бет 2 бет) мың теңге

      Салық тиімділігі қосылсын (шегерілсін):

      4. Салық салу үшін базаны азайтуға

      жатқызылмайтын шығыстар мың теңге

      5. Бағамның айырмашылығынан салынбайтын табыс

      (залал), таза мың теңге

      6. Корпоративтік табыс салығы (3бет+4бет+5бет) мың теңге

      7. Салық салудың тиімді ставкасы (6бет / 1бет) %

      __________________________________________________________________

      Ескерту: тиімді салық ставкасы есептік кезең үшін мұнай құбыры ұйымының қаржы есептілігі базасында бухгалтерлік есептің деректері бойынша табыс салығына дейінгі пайданы төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы сомасының пайдаға қатынасы ретінде есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады