Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 11 тамызда N 2997 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2004 жылғы 18 қыркүйектегі N 38 (195) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 304-НҚ бұйрығына:
кіріспедегі "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа:
1-тармақтағы "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
2) <*>
Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.3) <*>
Ескерту. 3) тармақшаның күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және кәріз жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Ә. Жарқынбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Төраға | Н. Алдабергенов |
Келісілген: | |
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика және минералдық | |
ресурстар министрі | |
_______________С. Мыңбаев | |
2009 жылғы 12 наурыз |