Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1672 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 626 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 шілдедегі N 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3017

      Бұйрықты қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жақсарту және халықпен жұмыс істеу жағдайына ішкі істер органдары басшыларының жауапкершілігін арттыру, ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтардың арыздары мен өтініштерін жүйелеу мақсатында бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 626  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      "ҚАЖ Комитет төрағасы" деген сөздер "комитеттерінің төрағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін" деген сөздер "ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 3-іне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің органдарында, ұйымдарында азаматтардың өтініштерін қарау мен шешуді және қабылдауды ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
      4-тармақ алынып тасталсын;
      34-тармақтың ескертпесі алынып тасталсын.
      2. Ішкі істер министрлігінің Хатшылық басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Хатшылық басқармасына (Ә.А.Ақанов) жүктелсін.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады