Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 15 шілдедегі N 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3027. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 38 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2011.01.25 № 38 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының 24 және 29-баптарын және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 558-бабын орындау үшін бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
      3. Бұйрық жекелеген батальонға дейін жіберілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      армия генералы

"Қазақстан Республикасының    
Қарулы Күштерінде санитариялық- 
эпидемиологиялық қадағалауды   
ұйымдастыру және жүзеге асыру  
жөніндегі нұсқаулықты бекіту   
туралы" Қазақстан Республикасы  
Қорғаныс министрінің       
2004 жылғы 15 шілдедегі     
N 387 бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі
Нұсқаулық

      Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жеке құрамының арасындағы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі - СЭҚ) мамандары мен бөлімшелерінің қызметін жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық негіздерін айқындайды.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі - объектіні тексеру қорытындысы бойынша оның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретін құжат;
      2) адамға зиянды әсер - адамның өміріне немесе денсаулығына қатер туғызатын мекендеу ортасының ықпал етуі;
      3) гигиеналық норматив - зерттеулермен белгіленген, адам үшін оның мекендеу ортасының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы позициясынан сол немесе басқа факторды сипаттайтын көрсеткіштің жол берілген жоғары немесе төменгі мөлшердегі сандық және (немесе) сапалық мәні;
      4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - денсаулық пен мекендеу ортасын қорғау мақсатында әскерлердің жеке құрамының және әскери бөлімшелердің орналасу аумағында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуының алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының іс-әрекеті;
      5) зарарсыздандыру, дезинсекциялау және дератизациялау - инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, көпшілік орындардағы үй-жайларда және аумақтарда жүйелі жүргізілетін шаралар кешені;
      6) декреттенген топ - айналадағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін неғұрлым көп қауіп туғызатын салада қызмет көрсетуде жұмыс істейтін адамдар;
      7) инфекциялық және паразиттік аурулар - шығуына және таралуына оның мекендеу ортасының биологиялық факторларының әсер етуімен негізделген адам ауруы;
      8) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері - ұжым, жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнімдер және оларды қолдану мен пайдалану адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер, қызметтер;
      9) шектейтін іс-шаралар, соның ішінде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық және өзге де қызметтердің ерекше режимін көздейтін шаралар;
      10) уланулар - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының күшті немесе созылмалы әсерінен туындайтын адамның ауруы;
      11) кезеңдік медициналық тексерулер - денсаулық жағдайын динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурудың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік, инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының алдын алу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкілетті органмен белгіленген мерзімде өткізілетін халықты тексеру;
      12) алдын ала медициналық тексерулер - жұмысқа және оқуға қабылданатын адамдарды, олардың денсаулық жағдайын анықтау, қайғылы оқиғалардан, жалпы, кәсіби, инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының алдын алу мақсатындағы қараулар;
      13) санитариялық паспорт - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын және оның пайдаланылуына немесе қолданылуына құқық беретін объектінің, көлік құралының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін дәлелдейтін құжат;
      14) санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер) - оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ аурулардың шығуына және таралуына қатер төндіретін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін (соның ішінде адам үшін мекендеу ортасының қауіпсіздік және (немесе) зиянсыздық факторлары өлшемі) нормативтік құқықтық актілер;
      15) санитариялық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шаралар - адамға мекендеу ортасы факторларының зиянды әсер етуін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық, паразиттік аурулардың, жаппай уланулардың туындауын және таралуын болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
      16) әскерлердің жеке құрамының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің адамға мекендеу ортасы факторларының зиянды әсері жоқ кезде және тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайларымен қамтамасыз етілетін денсаулық жағдайы;
      17) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгіленген аумақта және белгіленген уақытта халықтың денсаулығының және мекендеу ортасының жағдайы;
      18) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттамалардың, мекендеу ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтердің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;
      19) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг - халықтың денсаулық жағдайын және мекендеу ортасын, олардың талданылуын, бағалануын және болжалуын, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен мекендеу ортасы факторының әсері арасындағы себептік-тергеулік байланысты анықтайтын мемлекеттік бақылау жүйесі;
      20) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық және өзге де қызметтер объектілерінің санитариялық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында физикалық факторларды өлшеулер кешені.

      2. СЭҚ-тың мамандары мен бөлімшелері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің қауіпсіз өмір сүру жағдайларын, еңбегі мен денсаулығын қорғаудың, малдан және өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттардың қауіпсіздігінің, сондай-ақ адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғануының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      3. СЭҚ бөлімшелері Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің бірыңғай жүйесіне кіреді.

      4. СЭҚ бөлімшелері әскерлердің тұрақты немесе уақытша орналасатын жерлеріне медициналық, бактериологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық барлауларды, сондай-ақ жеке құрамның індетке қарсы қорғануын ұйымдастыруға және жүргізуге арналған. Оларға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары аумағындағы, әуе кемесі мен әскери кемелеріндегі, оқу орталықтары мен басқа да объектілердегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау бөлігіндегі функциялар жүктеледі.

      5. СЭҚ бөлімшелері өз қызметінде Қазақстан
Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның және нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.

      6. Санитариялық-гигиеналық және санитариялық індетке қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің барлық объектілерінде орындалуға міндетті болып табылады.

      7. СЭҚ-тың лауазымды адамдарының іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

2-бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау міндеттері

      9. СЭҚ-тың лауазымды адамдары мен мамандары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптары негізінде:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің жобаларын, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы (алдын алу) шаралардың уақтылы және сапалы өткізілуі жөнінде өзге де нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
      2) жобалауға тапсырма, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жалпыәскери және арнайы құрылыс объектілерін жобалаудың ведомстволық құрылыстық нормалары мен ережелерінің жобалары бойынша сараптамалық санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды қарастырады және береді;
      3) қайта жаңарту немесе күрделі құрылыс, техникалық қайта жабдықтауды жүргізу кезеңінде күрделі құрылыс объектілерін жобалау кезінде санитариялық ережелердің сақталуына тексеру жүргізеді, сондай-ақ орындалған жобалық, құрылыстық-монтаждық және жүргізу-жөндеу жұмыстарының оларды пайдалануға қабылдау кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне сараптамалық гигиеналық баға береді.

      10. СЭҚ-тың лауазымды адамдары мен мамандары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптары негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар береді және іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін қадағалайды:
      1) қондырғылардың санитариялық ережелерін сақтау және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтарында, оқу орталықтары мен мекемелерінде қадағалау объектілерін ұстау бөлігінде әскери бөлімшелердің орналасқан жерлеріне медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық және бактериологиялық барлау бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сыртқы табиғи ортаны (су қоймаларының, топырақтың және атмосфералық ауаның) ластанудан сақтау, шектеу және жою бойынша;
      3) әскерлерде адамдар мен жануарлар үшін карантиндік және басқа да жұқпалы ауруларды (инфекциялық, паразиттік) жұқтырып әкелуден және таратудан сақтандыру бойынша;
      4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жеке құрамының денсаулығына биологиялық, физикалық және химиялық факторлардың қолайсыз әсер етуінен сақтандыру бойынша;
      5) кәсіби, инфекциялық және паразиттік ауруларды шектеуді және жоюды және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі объектілерінің орналасу аумағын карантиндік және басқа да жұқпалы аурулардың жұқтырылып әкелуінен (шеттен әкелінуінен) және таратылуынан сақтандыру және санитариялық қорғау бойынша;
      6) ішуге, тұрмысқа, сауықтыруға және басқа да қажеттіліктерге қолданылатын жер үсті және жер асты суларының, сондай-ақ топырақтың және атмосфералық ауаның зиянды биологиялық, өндірістік және басқа да шығарындылар мен шаруашылық-тұрмыстық ағындылар және қалдықтармен ластануын шектеуді және жоюды ескерту бойынша;
      7) қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың, сондай-ақ декреттенген контингентке жататын адамдардың алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден уақтылы және толық өтуі бойынша;
      8) әскери оқу ұйымдары мен бөлімшелеріндегі сабақтардың оқу-еңбектік жүктемесі және режимі бойынша;
      9) әскери қалашықтар аумағында орналасқан, не Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағыныстағы сауда кәсіпорындарына немесе объектілеріне сатылуға келіп түскен азық-түліктер, тағамдық қоспалар, тауарлар мен кең көлемде қолданылатын заттар бойынша;
      10) жалпыәскери және арнайы құрылыс объектілеріне жер телімдерін таңдау және бөлу кезінде;
      11) әскери қалашықтар мен оқу орталықтарын келешекке жоспарлау сатысы мен кезеңінде;
      12) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жеке құрамының аса қауіпті инфекциялық аурулардың табиғи ошақтары аумағымен жаяу ретпен, автомобиль және темір жол көліктерімен қозғалу бағытын жоспарлау кезінде;
      13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің объектілері мен құрылыстарын жобалау, салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу кезінде;
      14) жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының құрылысы және қайта жаңартылуы аяқталған объектілерде, оларды пайдалануға беру кезеңіндегі жұмысы уақытында;
      15) құрылыста, күнделікті өмірде және тұрмыста полимер материалдарын, пластик массаларды және олардан жасалған өнімдерді қолдану кезінде;
      16) радиоактивті заттар мен иондалушы сәуле көздерін, ракеталар отыны компоненттерін, улы және күшті әсерлі заттарды, өсімдіктерді қорғайтын химиялық дәрілерді, өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, ветеринарлық препараттарды, азықтар мен азық қосымшаларын, патологиялық материалдарды немесе үлгілерді, ыдыстарды, буып-түю материалдарын, жануарлардың өлекселерін және т.б. тасымалдау, сақтау, қолдану және көму кезінде;
      17) жеке құрамға, әскери қалашықтар халқына немесе шаруашылық жұмыстарына арналған өнімдерді, ішетін суды шеттен әкелу, өндіру, қолдану мен сату кезінде;
      18) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық зертханаларын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басқа да объектілері мен мекемелерін тиісті қорытындылармен ресімдеу арқылы аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау кезінде;
      19) адамдарды, тағам өнімдерін, азық-түлік шикізаттарын, шаруашылық-ішетін суларды, топырақты, өсімдіктерді, химиялық, токсиндік және радиациялық заттарды тасымалдауға пайдаланылатын көлік құралдарын тексеру кезінде. Көліктердің санитариялық талаптарға сәйкестігі белгіленген үлгідегі санитариялық паспортпен бекітіледі.

      11. СЭҚ-тың лауазымды адамдары мен мамандары орындарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-медициналық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мәселелеріне қатысты бұйрықтары мен директиваларын сақтауды талап етеді.

      12. СЭҚ-тың лауазымды адамдары мен мамандары әскери техника мен қару-жарақтың, киім-кешектің, азық-түлік үлестері мен тағам рационының, арнайы киімдердің, сондай-ақ жеке құрамның ұжымдық және жеке қорғану құралдарының жаңа және жетілдіруші объектілерін (стационарлық және жылжымалы) зертханалық, полигондық және әскери сынауларда мамандардың қатысуын қамтамасыз етеді.

3-бөлім. Санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалаудың лауазымды адамдары мен мамандарының
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. СЭҚ-тың лауазымды адамдары мен мамандары:
      1) әскерлердің жеке құрамының және әскери бөлімшелердің орналасу аумағының санитариялық және эпидемиологиялық жай-күйін анықтау үшін әскерлер мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша ақпараттарға сұрату салады және алады;
      2) әскерлердің жеке құрамындағы және әскери бөлімшелердің орналасу аумағындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылу фактілерін қарау үшін өз өкілеттігі шегінде жеке, лауазымды және заңды тұлғаларды шақыртады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайда жеке, лауазымды және заңды тұлғалар мен азаматтардан дереу санитариялық індетке қарсы шараларды жүргізуді талап етеді;
      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар фактісі анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес кінәлі жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
      5) декреттенген контингенттің санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді білуін бағалау мақсатында дайындық және аттестаттау өткізеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қорытындыларды қарайды және береді:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жалпы әскери ғимараттарын, құрылыстары мен арнайы объектілерін (әскери қалашықтарды, оқу орталықтарын жоспарлау және салу жобалары бойынша) жобалау бойынша;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі құрылыс объектілеріне жер телімдерін таңдау және бөлу мәселелері бойынша; бас тоғанға орын белгілеу және ағып келіп қосылатын суларды, шығарындыларды атмосфераға тастау, қалдықтарды жинау және пайдаға асыру шарттары кезінде;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үйлер, құрылыстар мен мекемелер және ұйымдар құрылысына техникалық және жұмыс сызбалары, жобалары бойынша, сондай-ақ қолданыстағы нормативтердің талаптарынан бас тарту қажеттігі туындағанда немесе заңнамалық тәртіппен бекітілген нормалар болмаған жағдайда;
      сериялық өндіріс үшін тағайындалған әскери техниканың, қару-жарақтың, технологиялық жабдықтар мен саймандардың, заттай мүліктердің жаңа түрлерінің жобасы мен конструкциясы және оларды қолдануға қатысты қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша;
      тағам қосындылары, тауарлар мен жалпы тұтынудағы заттар бойынша;
      әскери оқу ұйымдары мен бөлімшелеріндегі сабақтардың оқу-еңбектік жүктемесі мен режимі бойынша;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің денсаулығын биологиялық, химиялық және физикалық факторлардың зиянды әсерінен сақтау бойынша;
      7) халықтың декреттенген тобына жататын, инфекциялық, паразиттік аурулардың шығу көздері болып табылатын, уақытында медициналық тексерілуден өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша босату туралы өкім шығарады;
      8) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың, сондай-ақ декреттенген контингенттердің алдын ала және кезеңдік кәсіби медициналық тексерілуден уақытында және толық көлемде өтуін бақылайды;
      9) инфекциялық және паразиттік ауруларды таратудың әлеуетті көздері болып табылатын (аурулармен, таратушылармен, қатынаста болғандармен) адамдарды міндетті түрде госпитальға жатуға және (немесе) медициналық тексерілуге жібереді;
      10) жеке құрамға міндетті вакцина егуді, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарына алдын алу және ошақтық зарарсыздандыру, бұқырлау мен дератизация жүргізуді талап етеді;
      11) жеке құрамның, ал қажет кезде жабық әскери қалашықтар тұрғындарының иммунитетін (төтемелілігін) қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асырады;
      12) қаулылар негізінде шектелген объектілерде карантин мен овсервация белгілейді;
      13) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағыныстағы аумағы шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жеке және заңды тұлғаларға өкім береді;
      14) жеке құрамға, әскери қалашықтардың халқына және шаруашылық жұмыстарына арналған өнімдердің шеттен әкелінуіне, өндірілуіне, қолданылуы мен сатылуына тыйым салады;
      15) заңнамамен белгіленген тәртіппен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта жойғанға дейін: жеке жұмыс түрлерін, қолданыстағы, салынып жатқан және қайта жаңартылудағы объектілерді пайдалануды мерзімге тоқтата тұрады;
      16) шикізаттарды, өнімдерді, жабдықтарды, процестерді, саймандарды - оларды адамдар мен жануарлардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті деп таныған жағдайда: өндіруге, қолдану мен сатуға тыйым салады;
      17) қаулылар мен өкімдер негізінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағыныстағы аумағында тұратын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша: суға, топыраққа, ауаға, өнімдерге және басқа да шаруашылық, тұрмыстық және әскери мақсаттағы объектілерге белгіленген үлгідегі қорытындыны ресімдеу арқылы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
      18) сынамалар алады және осы өнімнің құнын өтемей-ақ сараптама жүргізу үшін жеткілікті және қажетті көлемнен аспайтын азық-түлік үлгілерінің саны мен көлеміне таңдау жүргізеді;
      19) жоғарғы қолбасшылықтың шешіміне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді енгізеді.

      14. СЭҚ-тың лауазымды адамдары мен мамандары:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Штабтар бастықтары комитетінің тиісті департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармалары мен қызметтерінің, түрлер мен әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың басшылық құрамын, құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекемелері мен ұйымдарының бастықтарын, ал қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін де: әскерлер мен аумақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайының қиындауы туралы; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өрескел бұзылуы туралы; объектіге режимдік-шектеу шараларын (овсервация, карантин) енгізу қажеттігі туралы уақтылы хабарлайды;
      2) орындарда кәсіби уланулар мен сырқаттанудың, инфекциялық және паразиттік аурулардың шығуы мен таралуына әсер ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді;
      3) кәсіби және жоғары контагиоздық инфекциялық және паразиттік аурулар мен уланулардың әрбір жағдайын мемлекеттік есепке алуды және санитариялық-эпидемиологиялық тексерулерді жүргізеді;
      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу салдарлары туралы жеке, лауазымды және заңды тұлғаларды берілген уәкілеттілігі шеңберінде жазбаша түрде ескертеді;
      5) барлық дәрежедегі бастықтар мен командирлерден олардың және олардың бағынысындағылардың санитариялық ережелерді, гигиеналық нормативтерді сақтауын, сондай-ақ індетке қарсы және зарарсыздандыру іс-шараларының уақтылы және сапалы өткізілуін талап етеді және кінәлі адамдарға әкімшілік және тәртіптік ықпал ету шараларына тарту туралы мәселені қояды;
      6) дәрігерлік құпияны сақтайды;
      7) өтініштерді қарайды және олар бойынша шаралар қолданады.

      15. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімдері мен мекемелері жеке құрамының жеке және ұжымдық иммунитетін (төтемелілігін) қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-індетке қарсы іс-шаралар кешенінің мүлтіксіз орындалуын қадағалау объектілеріне бақылауды жүзеге асырады.

      16. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметкерлерінің жеке санаттарына оларды кейін аттестаттаумен гигиеналық оқулар жүргізеді.
      17. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жеке құрамның арасында медициналық және гигиеналық оқуларды насихаттауды бақылауды қамтамасыз етеді.

      18. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргізеді.

      19. СЭҚ мамандарының мемлекеттік органдармен және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің ұйымдарымен шұғыл өзара іс-әрекетін ұйымдастырады.

4-бөлім. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға басшылық жасау

      20. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды лауазымға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен тағайындалатын және босатылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас санитариялық дәрігері санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы басқарады.

      21. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас санитариялық дәрігері - басқарма бастығы:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-медициналық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығына бағынады және есеп береді (бұдан әрі - ҚР ҚК ӘМҚББ);
      2) СЭҚ бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      3) СЭҚ-тың барлық бөлімшелерінің жеке құрамының лауазымға тағайындалуына, ауыстырылуына және босатылуына ұсыныс жасайды;
      4) материалдық-техникалық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) СЭҚ мамандарының жұмысында заңдылықтың қатаң сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      6) әскерлердің жеке құрамының және әскери бөлімшелердің орналасу аумағының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қадағалау бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне басшылықты және ұдайы бақылауды жүзеге асырады;
      7) СЭҚ-тың жеке құрамымен оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырады және өткізеді;
      8) осы Нұсқаулық көлемінде басқа да функцияларды орындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады