"Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3069. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 № 110 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес Бұйырамын:
      1. Көрсетілген бұйрықпен «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы Көлік    
және коммуникациялар министрінің   
2004 жылғы 18 наурыздағы       
N 122-І бұйрығымен бекітілген,   
N 2810 нөмірімен тіркелген,    
Қазақстан Республикасында темір   
жол көлігімен жолаушыларды, багажды 
және жүк-багажын тасымалдау ережесін
тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды
жүзеге асыру ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрінің    
2004 жылғы 31 тамыздағы      
N 324-І бұйрығымен бекітілген   

"Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын
тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге
асыру қағидаларында

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

1. Жалпы ережелер

      1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» (бұдан әрі - Заң) 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      2. Қағидалар тасымалдаушылардың «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген қағидаларын сақтауға бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      3. Бақылау Заң талаптарына сәйкес көліктік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      4. Лауазымды тұлғалар жол жүру құжаттарын сату, ресімдеу және қайта ресімдеу, багажды және жүк-багажын ресімдеу мен тасымалдау тәртібінің шарттарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      5. Тексерулер жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде:
      1) жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан ақпарат пен мәліметтер сұрайды;
      2) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдауды ұйымдастыру саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нұсқамалар береді;
      3) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажы тасымалдарын ұйымдастыруды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізеді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      5-1. Алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

  2. Жолаушылар тасымалын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      6. Жолаушылар тасымалының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асыру кезінде жол жүру құжаттарын сату және ресімдеу орындарында, темір жол станцияларының вокзалдарында және өзге де құрылыстарында, сондай-ақ жолаушы поездарында мынадай мәселелер қарауға жатады:
      1) Темір жол көлігі тасымалдаушыларының және ұйымдарының жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау  қағидаларын сақтау;;
      2) жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру, соның ішінде тасымалдау және жол жүру құжаттарын беру және ресімдеу дұрыстылығы;
      3) темір жол ұйымдары бекіткен жолаушы поездарын құрау сұлбасына сәйкес белгіленген санаттағы вагондарды пайдалану дұрыстығының сақталуы;
      4) темір жол көлігі объектілері үшін белгіленген өрт және санитарлық қауіпсіздік нормаларының сақталуы;
      5) жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      6) қауіпті заттарды тасымалдау кезінде сақтық шарттары мен шараларын қамтамасыз ету;
      7) Алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).
      8) темір жол көлігі саласында заңнамамен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және тыю;
      9) ішкі жабдықтың және алмалы-салмалы мүкәммалдың жай-күйі, жылыту, жарықтандыру, желдету және салқындату жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі;
      10) төсек-орынның жұмсалуын есепке алу;
      11) жолаушылардағы жол жүру құжаттарының (билеттердің), жолаушылар ұсынған жол жүру құжаттарының жол жүріп келе жатқан вагондардың санатына сәйкестігі;
      12) осы жол жүру құжаттарының (билеттердің) жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкестігі;
      13) жолаушылар алып жүрген қол жүгін алып жүрудің белгіленген нормаларына сәйкестігі;
      14) жолаушы поезы бастығының және вагон жолсеріктерінің лауазымдық нұсқаулық пен басқа да нормативтік кесімдердің белгіленген талаптарын орындауы.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      7.  Жолаушылар поездарын тексеру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғамен бекітілетін осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жүргізіледі.
      Тексеруді тағайындау туралы актіні осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің немесе оның аумақтық органының басшысы береді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      8. Лауазымды тұлғалардың жолаушы поездарына тексеру жүргізу тәртібі мынадай ретпен жүзеге асырылады:
      1) жолаушылар поезын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондарды) тексеру алдында лауазымды тұлғалар қызметтік куәлігін және осы поезды тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді, бұл ретте жолаушы поезының бастығын (жолаушы, багаж, почта-багаж, почта немесе қызметтік вагондардың қабылдаушы-тапсырушысын) тексерудің басталғаны туралы хабардар етеді;
      2) поездардың жолаушы вагондарындағы жолаушылардың жол жүру құжаттарын тексеруді лауазымды тұлғалар поезд жөнелту және/немесе құрау станциясынан жүріп өткеннен кейін бастайды;
      3) тексеру жолаушы поезының тексеріліп жатқан құрамының барлық вагондарында билетсіз жолаушының жүріп өтуін және рәсімделмеген багаж бен жүк-багажын алып жүруді болдырмау бөлігінде жүзеге асырылады;
      4) жолаушылар вагондардың барлық үлгілерінде билетсіз жолаушылар анықталған кезде лауазымды адамдар осы қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша тексеру нәтижесі туралы акт жасайды;
      5) тексеру барысында анықталған барлық бұзушылықтар поездың (вагонның) рейстік журналында бейнеленеді;
      6) темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының 245-тармағындағы талаптарына сәйкес жолаушыны көліктен түсіру бойынша шараларды қабылдайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      9. Жолаушылар поездарында билетсіз жолаушылардың бар немесе жоқ екендігін түнгі уақытта тексеру жолаушыларды мазаламайтындай етіп жүргізілуі тиіс.

  3. Багаж, жүк-багажы тасымалдарын бақылауды жүзеге асырудың
тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      10. Жолаушы, багаж, почта-багаж және почта вагондарының жол жүруі кезінде багаж, жүк-багажы тасымалдарының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырғанда лауазымды тұлғалар:
      1) тасымалданатын багаждың және жүк-багажының ілеспе құжаттарға сәйкестігін, сондай-ақ қауіпті заттар және багаж немесе почта-багаж вагонында тасымалдауға тыйым салынған заттар болып табылатын бұйымдардың бар болуын тексереді;
      2) багаж, почта-багаж және почта вагонында бөгде (жүріп өтуге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде акт (1-қосымша) жасайды, онда вагонды қабылдаушы-тапсырушының (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаның) деректері, анықталған билетсіз жолаушылар саны көрсетіледі, олардан айыппұл өндіріп алынады. Вагонды қабылдаушы-тапсырушының (немесе тасымалдауға жауапты тұлғаны) билетсіз жолаушылар алып жүргені үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 479-бабының 3) немесе 4) тармақшаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады;
      3) тиісті ресімдеусіз тасымалдауға қабылданған багажды және жүк-багажын анықтаған кезде анықталған бұзушылық туралы багаж немесе почта-багаж вагонының рейстік журналында жазу жазып, оны одан әрі ресімдеу үшін жақын арадағы темір жол станциясының багаж бөлімшесіне тапсыру жөнінде шаралар қабылдайды;
      4) «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларын темір жол көлігі тасымалдаушылары мен ұйымдарының сақтауын тексереді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді). 

      11. Багаж, почта-багаж және почта вагондарын тексеруді лауазымды тұлғалар темір жол станцияларында және поездың жүру жолында жүргізеді, бұл ретте багаж, почта-багаж және почта вагондарының мөрленген қоймалары тек қана станцияларда почта тасымалдау бөлімшесінің және багаж бөлімшесінің әкімшілігі өкілінің қатысуымен тексеріледі.

  4. Арнайы вагондарды тексеруді жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      12. Жолаушы поезының құрамына енгізілген арнайы вагондарды (вагон-мейманхана, купе-буфет, туристік вагондар, қызметтік, қызметтік-техникалық, жалға алынған) тексеруді ұйымдастыру жалпы негізде жүргізіледі.

      13. Вагон-мейманханаларды (купе-буфеттерді) оларда билетсіз жолаушылар бар немесе жоқ екендігіне қатысты тексерген кезде вагон-мейманхана (купе-буфет) қызметкерлерінің олардың жол жүру құқығын растайтын құжаттары тексеріледі. Жолаушылардың жол жүру құжаттарымен (билеттерімен) жүру фактісін растау мақсатында тексеру барысында лауазымды тұлғалар вагон-мейманханадағы (купе-буфеттегі) жолаушылардан олар жол жүріп келе жатқан вагонның поезд құрамындағы нөмірін көрсетуін талап етеді. Бұл ретте, вагон-мейманханадағы (купе-буфеттегі) жолаушының жол жүру құжатын (билетін) жеткізуді лауазымды тұлғалардың өтініші бойынша поезд бастығы ұйымдастырады. Билетсіз жолаушылар және оларды вагон-мейманхананың (купе-буфеттің) қызметкерлері алып жүргендігі анықталған жағдайда жол жүруге рұқсат берген жолаушылар мен тұлғалар заңнамалық кесімдерде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      14. Қызметтік, қызметтік-техникалық вагондарды тексеру кезінде жолаушыларда жолаушы поезы құрамындағы вагонды пайдалану және оларда жол жүру құқығын белгілейтін құжаттардың бар болуы тексеріледі.
      Вагонда бөгде (жол жүруге құқық беретін құжаттарсыз) тұлғалар анықталған кезде тексеру актісі жасалады. Вагонның жолсерігі де (не тасымалдау үшін жауапты тұлға) билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 479-бабының 3) немесе 4) тармақшаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      15. Арнайы вагондарда багажды немесе жүк-багажын тиісті ресімдеусіз тасымалдау анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар заңнамалық кесімдерде белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

      16. Темір жолында тасымалдау жасайтын жеке және заңды тұлғалар лауазымды тұлғалар тексеру кезінде:
      1) көлік бақылау қызметкерлерден тексеру кезінде тиісті құжаттар сұрайды (тексеруге нұсқама, қызметтік куәлік);
      2) тексеру қорытындысымен танысады.

  5. Анықталған бұзушылықтарды ресімдеу тәртібі

      17. Лауазымды адамдар жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау бұзушылықтарын анықтаған жағдайда:
      1) тексеру актісін жасауы;;
      2) бұзушылықтар анықталған жағдайда олардың қызметкерлерінің кінәсінен бұзушылықтарға жол берілген ұйымның басшысына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруі;
      3) темір жол көлігінде әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуы тиіс.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

      18. Жолаушы поездарының барлық санаттағы вагондарында төлемсіз жолаушыларды, багажды немесе жүк багажын алып жүргені туралы тексеру актісі билетсіз жолаушыны, төлем жасалмаған багажды немесе жүк-багажын алып жүру оқиғасы көрсетіліп, үш данада жасалады, олардың әрқайсысына лауазымды тұлға, жолаушы поезының бастығы, вагон жолсерігі не вагон қабылдаушы-тапсырушы қол қояды. Тексеру актісінің бірінші данасы әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жұмыс орнына жіберіледі, екінші данасы жолаушы поезының бастығына (багаж, почта-багаж, почта вагондарының қабылдаушы-тапсырушысына) қол қойдырып, тапсырылады, үшінші данасы бақылау жасау үшін лауазымды тұлғада қалады.

      19. Жолаушы поезының бастығы (багаж, почта-багаж, почта вагондарының қабылдаушы-тапсырушысы) немесе вагонның жолсерігі тексеру актісіне қол қоюдан және/немесе анықталған бұзушылықтар жөнінде жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда лауазымды тұлға бұл оқиғаны тексеру актісінде және рейстік журналда жазып көрсетеді.

      19-1. Тексеру актісі (1-қосымша) және Тексеру жүргізуге арналған нұсқама (2-қосымша) белгіленген үлгі бланкілері болып табылады.
       Ескерту: 19-1-тармақпен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 470-І бұйрығымен, 2006 жылғы 9 наурыздағы N 70 бұйрығымен.

  6. Қауіпті заттарды тасымалдау тәртібін бақылау

      20. Қауіпті заттардың багаж және почта-багаж вагондарында тасымалдануын бақылауды ұйымдастыру кезінде лауазымды тұлға олардың ресімделу, тиелу және бекітілу дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      21. Багаж, почта-багаж вагондарында жол жүру құжаттары ресімделмеген, тасымалдау шарттары сақталмай және алдын алудың белгіленген шаралары сақталмай тасымалданатын қауіпті заттар анықталған кезде лауазымды тұлға көрсетілген заттарды одан әрі ресімдеу үшін ең жақын багаж бөлімшесіне бере отырып, олардың вагондардан алып тасталуы жөнінде шаралар қабылдайды.

                                 «Жолаушыларды, багажды және  
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
темір жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажын тасымалдау
қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын
бақылауды жүзеге асыру қағидаларын
бекіту туралы» қағидаларына 1-қосымша
нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

«Бекітемін»           
Қазақстан Республикасының   
Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің 
басшысы              

____________________________жолаушы поездарын
тексерудің 20___жылғы ______ айына арналған
Жоспар-кестесі

Іс-шараның атауы

Тексеру күні

Тексерушілердің Т.А.Ә.

Тексеру нәтижелері


























Бөлім бастығы
________________________________

«Жолаушыларды,багажды және  
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
темір жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажын тасымалдау
қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын
бақылауды жүзеге асыру қағидаларын
бекіту туралы» қағидаларына 2-қосымша
нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

Тексеруді тағайындау туралы акті N_________

20____жылғы «____» ___________

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүретін жолаушылар
поездарына (барлық санаттарына) немесе жолаушылар тасымалдарының
шаруашылық жүргізуші субъектілеріне тексеру жүргізу үшін
(тексерілетін объектілердің астын сызу қажет)
_______________________________
_____________________________________________________________________
                    (бақылаушы органның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________ жібереді.
      Журналда тіркелген күні ___________________________________
№_________________
      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауы мен тұрған жері
немесе станцияның тексерілетін учаскелеріндегі жолаушылар поезының
нөмірі (қажет емесі сызылып тасталынсын) ____________________________
ЖСН/БСН _____________, тексеру түрі _______________________, тексеру
_____________________________________________________________________
_______________________________________________мәселелері
Тексеру жүргізу мерзімі _______________________________________
Тексеру жүргізу кезеңі ________________________________________
Тексеру жүргізудің негізі _____________________________________
________________________________________                 ____________
(бақылаушы орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты)         (қолы)

«Жолаушыларды,багажды және  
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
темір жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажын тасымалдау
қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын
бақылауды жүзеге асыру қағидаларын
бекіту туралы» қағидаларына 3-қосымша
нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.12.07 № 856 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).

Тексеру нәтижелері туралы акт №_____

      20 ____ жылғы «___» _____________ мынадай лауазымды адамдардың
қатысуымен __________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, куәлік №)
_____________________________________________________________________
(тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты, куәлік № көрсетілсін)
______________________________________________________ құрамындағы
____________________________________________________ қатынасындағы
№ _____________ жолаушы поезын (вагонын) тексеру барысында №
___________ вагонда (), учаскеде ____________________________ мыналар
анықталды:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (тексерушілердің Т.А.Ә. және қолдары)

      ТАНЫСТЫМ:
      ______________________________________________________________
      (поезд бастығының және вагон жолсерігінің Т.А.Ә. және қолдары)
       Актінің екінші данасын алдым _________________________________
                                            (қолы, Т.А.Ә.) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады