"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, 2810 нөмірмен тіркелген" Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 70 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4169. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 № 110 бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 66-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І  бұйрығымен бекітілген, 2810 нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І  бұйрығына (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3286 нөмірмен тіркелген 2004 жылғы 14 желтоқсандағы  N 470-І , Заң газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы 239 нөмірінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3964 нөмірмен тіркелген 2005 жылғы 22 қарашадағы  N 363-1 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3069 нөмірмен тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Лауазымды тұлғалар тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) қатаң сақтауы тиіс";

      19-1-тармақта "қатаң есеп беру" деген сөздер "белгіленген үлгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады