Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3082. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 248-р өкіміне сәйкес Бұйырамын :
      1. Қоса беріліп отырған Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

     
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2004 жылғы 23 тамыздағы     
N 454 бұйрығымен бекітілген   

      Ескерту. Оң жақ бұрышқа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру
Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Сорттық және тұқымдық бақылау тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұқым шаруашылығы субъектілерінің иелігіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің егістері мен тұқымдары бойынша жүргізіледі және оның ішіне:
      тұқымды өндіру, өңдеу, сақтау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
      тұқымның сорттық және егістік сапаларына сараптама жүргізілуін бақылау;
      сорттық егістіктерге тексеру жүргізілуін бақылау;
      тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды және басқа да нормативтік актілерді сақтауын бақылау енеді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      2. Сорттық және тұқымдық бақылау жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының барлық аумағында тұқым шаруашылығы саласындағы бірыңғай әдістер, терминология және нормативтік құжаттар, сондай-ақ техникалық құралдардың бірыңғай үлгілері қолданылады.

2. Сорттық және тұқымдық бақылау жүргізетін
ұйымдар мен тұлғалар

      3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің егістері мен тұқымдарына сорттық және тұқымдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті мен оның аумақтық органдарының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары (бұдан әрі - мемтұқинспекторлар) жүргізеді.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      4. Тұқымның сорттық және егістік сапаларын зертханалық сынауды ( тұқымның сапасын сараптау ) белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүргізеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

       5. Топырақтық бағалау мен зертханалық сорттық сынауларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сортсынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және (немесе) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-зерттеу кәсіпорындары жүргізеді.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

3. Сорттық бақылау жүргізу

      6. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің егістері мен тұқымдарын сорттық бақылау тексеру, топырақтық бағалау, зертханалық сорттық сынаулар арқылы жүргізіледі.

      7. Белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілерде мемтұқинспекторлар жыл бойы тұқым өндірісін бақылауды жүзеге асырады. Оның ішіне мынадай кезеңдер:
      тұқым себу үшін дайындалған танаптарды тексеру;
      өсу кезеңінде сорттық егістерді тексеру;
      сорттық және будандық егістердің тексерілуі мен далалық зерттелуін бақылау;
      тұқымның терілуін (жиналуын), тасымалдануын, өңделуін (тазалануын) және сақталуын, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау;
      тұқымды өндіру технологиясының сақталуын бақылау енеді.

      8. Аттестатталған тұқым өндірушілер дер кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) танаптардың тұқым шаруашылығы үшін егуге дайын екендігі туралы хабарлайды, содан соң мемтұқинспекторлар танаптарды тексеруді жүргізеді. Танаптарды тексеру кезінде кеңістіктік бөлектеу, ауыспалы егісті ұстау, қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу, танаптардың шекараларының тазалығы тексеріледі. Танаптарды тексеру нәтижелері бойынша 1-қосымшаға сәйкес есеп жасалады.
      Егісті тексеру кезінде себуге әзірленген тұқымның сорттық және егістік сапаларын растайтын құжаттардың бар болуы, егіс техникасының жағдайы, егіс технологиясы ережелерін сақтау тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша 2-қосымшаға сәйкес есеп жасалады. Танаптың дайындығын тексеруді егісті тексерумен қиыстыруға жол беріледі.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      9. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсуі кезеңінде түрлік, сорттық фитопатологиялық тазартуды (арамшөп жұлу) жүргізуге тексеру жүргізіледі.

      10. Тұқымы сатуға немесе тұқым өндірушінің өзінің тұқымдық егістерінде пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің егісі міндетті түрдегі тексеруге жатады.

      11. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін тексеруді белгіленген тәртіппен аттестатталған апробаторлар тұқым өндірушілердің облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) берген тапсырыстары бойынша жүргізеді.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      12. Танаптық тексеруді:
      бірегей тұқымдардың егістерін - облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрылған облыстық және аудандық аумақтық инспекциялардың мемтұқинспекторлары, тиісті дақыл жөніндегі селекционер, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі құрамындағы комиссия;
      элиталық тұқымдардың егістерін - облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрылған құрамында облыстық және аудандық аумақтық инспекциялардың мемтұқинспекторлары, облыстың жергілікті атқарушы органының өкілі, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар комиссия;
      бірінші және келесі репродукциялы тұқымдық егістерді - облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығына сәйкес тұқым өндірушінің өкілінің қатысуымен белгіленген тәртіппен аттестатталған апробаторлар жүргізеді.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      13. Егістерді сорттық бағалау нәтижелері негізінде тиісті тексеру құжаттары жасалады, оларды:
      бірегей тұқымдардың егісіне арналғанын - облыстық аумақтық басқарманың бастығы;
      элиталық тұқымдардың, бірінші және келесі репродукциялы тұқымдардың егісіне арналғанын - аудандық аумақтық басқарманың бастығы бекітеді.

      14. Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірегей және элиталық тұқымдары топырақтық бағалауға жатады.
      Зертханалық сорттық сынауға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының соңынан сатуға арналған элиталық тұқымдары мен бірінші репродукциялы тұқымдары жатады.
      Топырақтық бағалау мен зертханалық сорттық сынау тәртібін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілейді.

      15. Тұқымды дайындау, өңдеу, сақтау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Сатуға жататын бірегей және элиталық тұқымдарды, бірінші және келесі репродукциялы тұқымдарды сақтауға арналған астық қоймаларының дайындығы мемтұқинспектордың тексеруімен анықталады. Оның нәтижелері бойынша 3-қосымшаға сәйкес нысанда қорытынды жасалады.

4. Тұқымдық бақылау жүргізу

      17. Тұқымдық бақылауға сатуға жататын бірегей және элиталық тұқымдардың, сондай-ақ бірінші және келесі репродукциялы тұқымдардың партиялары жатады.

      18. Тұқымдық бақылау тұқымның бақылама сынамаларын алу және соңынан оларды белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханаларда зерттеу арқылы жүргізіледі.
      Тұқымды сапасын сараптауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілейді.

      19. Бақылама сынамаларын зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды талдау нәтижесін береді.

      20. Тексерістік бақылау (мемлекеттік бақылау) кезінде, сондай-ақ таласты жағдайларда бақылама сынамаларын алуды стандарттарға сәйкес мемтұқинспектор тұқым иесінің өкілі мен сатып алушының қатысуымен жүргізеді. Таласты жағдайларда бақылама сынамаларын алуды сатып алушысыз да жүргізуге жол беріледі.
      Бақылама сынамаларын алу нәтижесі 5-қосымшаға сәйкес нысандағы кесіммен ресімделеді.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      21. Таласты жағдайларда тұқымның сапасын бақылаулық зерттеуді жүргізуге арналған өтінішті тиісті аумақтық инспекцияға:
      тұқымды жеткізуші 5 күннен кешіктірмей - сапасы жеткізушінің құжаттарында көрсетілген көрсеткіштерге сай емес тұқым алғандығы туралы тұтынушыдан ескертпе хат алғаннан кейін;
      тұқымды тұтынушы 20 күннен кешіктірмей - жеткізушіден сапасы жеткізушінің ілеспе құжаттарында көрсетілген көрсеткіштерге сай емес тұқым партиясын алғаннан кейін, беруі тиіс.
      Өтінішпен бірге:
      тұқымды жеткізуші - қарсылық білдірген тұқымның сапасы туралы куәлікті немесе оның көшірмесін және алу кесімімен бірге сынаманың телнұсқасын;
      тұқымды тұтынушы - сынау қорытындысын және алу кесімімен бірге сынаманың телнұсқасын жібереді.
      Өтініш мынадай жағдайларда қабылданбауы мүмкін:
      телнұсқалық сынама бақылаулық талдауға түскен уақытқа қарай қарсылық білдірген тұқымның сапасы туралы куәліктің күші біткен;
      сынамаларды алу мерзімдері бұзылған.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      22. Тексерістік бақылау кезінде, сондай-ақ таласты жағдайларда тұқым сапасын сараптау қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүргізіледі.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      23. Аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалардың тұқымның сорттық және тұқымдық сапасын сараптауды жүргізуін және олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды сақтауын бақылауды мемтұқинспекторлар жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша 6-қосымшаға сәйкес нысандағы кесім жасалады.
      Аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалардың стандарттармен белгіленген тұқымның сапасын анықтау әдістерін бұзғандары белгілі болған жағдайда облыстық аумақтық инспекциялар стандарттау, метрология және сертификаттау органдарына олардың зертханадағы өлшеу жағдайын бағалау туралы куәлігін кейін қайтарып алу туралы ұсыныс жібереді.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

      24. Тұқым өндіруші аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар берген тұқымның сорттық және тұқымдық сапасын зерттеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемтұқинспекторлар тұқым өндірушілердің наразылықтарын қарастырады.
      Бақылаулық сынаманы зерттеу кезінде алынған нәтижелердің бұдан бұрын берілген тұқымның сапасын растайтын құжаттарда көрсетілген нәтижелермен үйлеспеушілігі расталған жағдайда тұқымның сапасын сараптау жөніндегі осы зертхана мемтұқинспектордың қорытындысы негізінде белгіленген тәртіппен оларды жаңасына ауыстырады.
      Тұқым өндіруші қорытындымен келіспеген жағдайда талас заңнамамен белгіленген тәртіппен шешіледі.

      25. Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру кезінде туындайтын таластар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Сорттық және тұқымдық бақылауды 
жүзеге асыру ережесіне     
1-қосымша            

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

Тұқымдық егіс үшін арналған танаптарды тексеру туралы
Есеп

________________________________________________________ негізінде
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                    (тұқым өндірушінің атауы
___________________________________________________________________
                           дақыл, сорт
________________________________________________________ тұқымын
                           репродукция)

өндіру мақсатында егу үшін арналған танаптарын тексеру жүргізілді.
Тексеру жүргізілген күн: 200__ жылғы "____" ____________________.

                       Тексеру нәтижелері

Алқап, га ________________________________________________________
Жағдайы, дайындығы _______________________________________________
Агротехникасы ____________________________________________________
Дақыл, репродукция, өткен жылғы сорт _____________________________
__________________________________________________________________
Тұқымның шығу тегі _______________________________________________
                    (құжаттың N, күні, репродукция, сорт, партия,
                             салмағы, алынған жері)
Егістік техниканың жағдайы _______________________________________
Қорытынды ________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________________________________

Тұқым өндірушінің
өкілі, лауазымы    _____________        __________________________
                      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
аумақтық инспекциясының тұқым
шаруашылығы жөніндегі
мемлекеттік инспекторы _____________    ___________________________
                          (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты)

Сорттық және тұқымдық бақылауды
жүзеге асыру ережесіне    
2-қосымша           

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.

Егісті тексеру туралы
Есеп

________________________________________________________ негізінде
__________________________________________________________ тұқымын
                  (дақыл, сорт, репродукция)
өндірудің белгіленген технологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау
мақсатында ______________________________________________________
                  (өтініш берушінің атауы)

егісін тексеру жүргізілді.

Тексеру жүргізілген күн: 200__ жылғы "____" ____________________.

                         Тексеру нәтижелері

Алқап, га ________________________________________________________
Тұқымның шығу тегі _______________________________________________
                    (құжаттың N, күні, репродукция, сорт, партия,
                                салмағы, алынған жері)
Агротехникасы ____________________________________________________
Себілген күн _____________________________________________________

Қорытынды ________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Тұқым өндірушінің
өкілі, лауазымы     _____________      ___________________________
                       (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
аумақтық инспекциясының тұқым
шаруашылығы жөніндегі
мемлекеттік инспекторы _____________    ___________________________
                          (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты)
 

Сорттық және тұқымдық бақылауды
жүзеге асыру ережесіне    
3-қосымша          

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.          

Қорытынды

________________________________________________________ негізінде
__________________________________________________________________
                    (тұқым өндірушінің атауы
__________________________________________________________________
                     дақыл, сорт, репродукция)
сатуға жататын тұқымын сақтауға арналған N _________тұқым қоймасын
тексеру жүргізілді.
Тексеру жүргізілген күн: 200__ жылғы "____" ____________________.

                        Тексеру нәтижелері

Тұқым қоймасының жағдайы _________________________________________
Дайындығы ________________________________________________________

Қорытынды ________________________________________________________
__________________________________________________________________

Тұқым өндірушінің
өкілі, лауазымы     _____________      ___________________________
                       (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
аумақтық инспекциясының тұқым
шаруашылығы жөніндегі
мемлекеттік инспекторы _____________    ___________________________
                          (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты)

Сорттық және тұқымдық бақылауды
жүзеге асыру ережесіне    
4-қосымша          

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.            

N ___ тұқымды талдау нәтижесі

__________________________________________________________________
    (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты,
__________________________________________________________________
                 әкесінің аты, аудан, облыс)
________________________________________________________ сақтаулы
                     (N ___ бөлімше (бригада)

200_ жылғы __________ берілген N __ кесіммен талдауға тапсырылған
          (күні, айы)
_________________________________________________________ алынған,
________________________ репродукциялы, ____________ жылғы егіннің
__________________________________________________________________
                (ауыл шаруашылығы өсімдігі, сорты)
салмағы __ центнер, фракция N __ тұқымының N __партиясына берілді.
Орын саны   (қап),     N ____ қойма,     N ____ қамба үйіндіде

Тұқымның мақсаты _________________________________________________

                        Талдау нәтижелері
___________________________________________________________________

1. Тазалығы ___________________ %, оның ішінде __________________ %
2. Қалдық, барлығы _______ %, оның ішінде басым топтар __________ %
3. Басқа өсімдіктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)_________
4. Жемдік шөптердің басқа түрлерінің тұқымдары __________________ %
5. Басқа екпе өсімдіктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %) _____
6. Арамшөптік өсімдіктер тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %),
   барлығы ___________
   оның ішінде:
   аса зиянды арамшөп тұқымдары (жемдік шөптер үшін, 1 кг-ға дана)
   ____
   жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана) ___________________
   карантиндік арамшөптердің тұқымдары (1 кг-ға дана) ____________
   улы арамшөптердің тұқымдары (1 кг-ға дана) ____________________
7. Қаракүйелік құрылымдар ______________________________________ %
8. Қарамықтар __________________________________________________ %
9. Бидай нематодасының беріштері (1 кг-ға дана) __________________
10. Өсу қуаты __________________________________________________ %
11. Өнгіштігі __________________________________________________ %
    оның ішінде қаттылары ______________________________________ %
    Өсіру жағдайлары ___________________________________________
12. Өмірге бейімділігі _________________________________________ %
    Анықтау әдісі _______________________________________________
13. Ылғалдылығы ________________________________________________ %
14. 1000 дәннің салмағы ________________________________________ г
15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезінде толтырылады:
центрифугалау әдісімен _____ дана, биологиялық әдіспен _________ %)
16. Зиянкестермен жайлануы _______________________________________
17. Тұқым сынамаларын сырттай қарау мәліметтері:
    түсі           қалыпты              иісі             қалыпты
                   қарайған                              көгерген
18. Басым түрлердің ботаникалық құрамы:
    басқа екпе өсімдіктердің тұқымдары ___________________________
                                                  (аты)
    сорттық өсімдіктердің тұқымдары ______________________________
                                                   (аты)
19. Басқа анықтамалар: ___________________________________________
__________________________________________________________________

                      Қорытынды мен ұсыныстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Толық немесе толық емес талдау жүргізген кезде:
__________________________________________________________________
    Тұқымдар мына       |    Талдау кезінде    |    Стандартпен
көрсеткіштер бойынша   |    белгілі болды     |    белгіленгені
       сапасыз          |                      |
__________________________________________________________________

Тұқымдар ______________________ және қайташа толық талдауға жатады
              (өңдеу түрі)

Толық емес талдау жүргізген кезде:
Тұқымдар _________________________________________________________
               (талдау жүргізілген көрсеткіштер атауы)
бойынша стандарттар талаптарына сай.

Зертхана меңгерушісі _____________________________________________
                         (тегі, аты, әкесінің аты, қолы, мөрі)

200__ жылғы ________________
              (күні, айы)

Сорттық және тұқымдық бақылауды
жүзеге асыру ережесіне    
5-қосымша           

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.           

Тұқымдық сараптама өткен ауыл шаруашылығы
дақылдарының тұқымын тексерістік бақылау
кесімі

200__ жылғы __________________ ____________________ дейінгі кезеңде
төрағасы __________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы)
мүшелері __________________________________________________________
___________________________________________________________________
құрамдағы комиссия 200__ жылғы "___" _______________ N ___ тұқым
сапасы туралы куәлік алған ________________________________________
                                    (тұқым өндірушінің атауы)
өндірген __________________________________________________________
          (дақыл, сорт, репродукция, партия N, себу стандартының
                                 сыныбы)
тұқымын бақылауды жүргізді.

Тексеру кезінде белгілі болғаны:

1. Тексеру объектілері ____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
         (тұқымның сапасы, сақтау жағдайлары және т.б.)
2. Тұқымды бірдейлестіру және сынау нәтижелері ____________________
___________________________________________________________________
3. Өндірісті тексеру нәтижелері ___________________________________
___________________________________________________________________
4. Қорытынды: _____________________________________________________
___________________________________________________________________
(тұқым мен оны өндірудің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау)

Комиссия төрағасы   _______________           __________________
                       (қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты)

Комиссия мүшелері   _______________           __________________
                       (қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты)

Сорттық және тұқымдық бақылауды
жүзеге асыру ережесіне    
6-қосымша           

       Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009.01.05 N 05 Бұйрығымен.            

Аттестатталған тұқымның сапасын сараптау
жөніндегі зертханаларды тексеру
кесімі

________________________________________________________ негізінде
__________________________________________________________________
             (аттестатталған тұқымның сапасын сараптау
__________________________________________________________________
                   жөніндегі зертхананың атауы)
орындалатын тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау
жөніндегі жұмыстар бойынша және тұқым шаруашылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды сақтауы
тексерілді.

Тексеру жүргізілген күн: 200__ жылғы "____" ____________________.

                         Тексеру нәтижелері

Мамандардың бар болуы, олардың біліктілігі ________________________
___________________________________________________________________
Нормативтік құжаттардың жаңғыртылған қорының бар болуы ____________
___________________________________________________________________
Қажетті өлшеу құралдарының бар болуы ______________________________
___________________________________________________________________
Қорытынды _________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Аттестатталған тұқымның
сапасын сараптау
жөніндегі зертхананың
өкілі, лауазымы      _____________      ___________________________
                       (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің аумақтық
инспекциясының тұқым
шаруашылығы жөніндегі
мемлекеттік инспекторы _____________    ___________________________
                         (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады