Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2003 жылғы 8 ақпандағы "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 454 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтар актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3082 тіркелген, 2006 жылғы 30 қарашадағы N 158 (782) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың бесінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақтағы "Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген сөздерден кейін "Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы "ғылыми-өндірістік орталықтары" деген сөздер "ғылыми-зерттеу кәсіпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "министрлігінің тиісті аумақтық басқармаларына (бұдан әрі – аумақтық басқармалар)" деген сөздер "министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы "тиісті аумақтық басқармаға" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
екінші абзацта:
"облыстық аумақтық басқарма мен облыс әкімі жанындағы ауыл шаруашылығы департаментінің (басқармасының) бірлескен бұйрығымен" деген сөздер "облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"аумақтық басқармалардың" деген сөздер "аумақтық инспекциялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"немесе ол сенім білдірген тұлға" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"элиталық тұқымдардың егістерін - облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрылған құрамында облыстық және аудандық аумақтық инспекциялардың мемтұқинспекторлары, облыстың жергілікті атқарушы органының өкілі, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар комиссия;";
төртінші абзацтағы "облыстық аумақтық басқарма мен облыс әкімі жанындағы ауыл шаруашылығы департаментінің (басқармасының) бірлескен бұйрығымен" деген сөздерді "облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
21-тармақтағы "аумақтық басқармасы" деген сөздер "аумақтық инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
23-тармақта:
бірінші абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
екінші абзацта:
"мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
"аумақтық басқармалар" деген сөздер "аумақтық инспекциялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген ереженің 1, 2, 3-қосымшаларында:
оң жақ жоғарғы бұрыштағы ""Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 454 бұйрығымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;
"аумақтық басқармасының" деген сөздер "Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген ереженің 4, 5-қосымшаларындағы оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 454 бұйрығымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген ереженің 6-қосымшасында:
"мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
"аумақтық басқармасының" деген сөздер "Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. А. Евниев