Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы
N 263
бұйрығымен
.
___________________________
Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587
бұйрығына
(бұдан әрi - Бұйрық, нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Реестрiнде тiркелген нөмiрi 990,
N 571
тiркелген нөмiрi 1349,
N 787
тiркелген нөмiрi 1699,
N 775
тiркелген нөмiрi 2092,
N 722
тiркелген нөмiрi 2651 бұйрықтарымен енгiзiлген өзгерiстермен) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Iшкiісминi Жол полициясы департаментiнiң бастығы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерiн және оларды көлiк құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқау алдында диагностикалауға жiберудi қарау үшiн Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi өкiлдерiнiң қатысуымен (келiсуiмен), Қазақстан Республикасының Iшкiісминi Жол полициясы департаментiнiң аппараты қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс тобын құрсын";
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнде:
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) меншiк нысанына қарамастан автобустар, автомобиль-таксилер, адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған жүк автомобильдерi, сондай-ақ иелерi жеке кiсi тасумен айналысатын жеңiл автомобильдер - тоқсанына бiр рет";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттiк техникалық байқау мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген көлiк құралдары жол полициясында тiркелгеннен кейiн 30 тәулiк iшiнде".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар
Министрi
_________________________
2004 жыл 15 қыркүйек
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасының
индустрия және сауда
министрлiгiнiң стандарттау,
метрология және сертификаттау
жөнiндегі Комитеттің төрағасы
_________________________
2004 жыл 15 қыркүйек