Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1124 болып тіркелген "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3143. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 385 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.06.20 N 385 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының  1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 20 маусымдағы  
N 385 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...;
      2. ...;
      3. ...;
      4. ...;
      5. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1124 тіркелген»Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қазанда N 3143 тіркелді; 2005 жылғы 7 қазандағы N 121-122 (746)»"Заң газетінде" жарияланды;
      6. .... 
-----------------------------  

      " Астық туралы " Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері туралы" 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273  қаулысына  сәйкес бұйырамын:

      1. "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1124 тіркелген, 2000 жылғы 30 мамырдағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы  N 167 , 2001 жылғы 29 мамырдағы  N 150 , 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесінде:
      3-тармақтағы "қызметінің айрықша (жалғыз) түрі құқығында" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақта:
      1)-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;
      2) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;
      3) астықты қабылдау бойынша қызмет көрсету - астықтың астық сақтау қоймасына келіп түсуі, партияларды қалыптастыру және тиімді орналастыру кезіндегі астықтың көлемі мен сапасын анықтау бойынша, сонымен бірге дербес шоты бойынша астықты есептеу іс-шаралары;
      4) астықты өлшеу бойынша қызмет көрсету - таразыда астықтың салмағын анықтау;
      5) астықты кептіру бойынша қызмет көрсету - астық ылғалдылығын төмендетуге бағытталған технологиялық операциялар жиынтығы;
      6) астықты тазарту бойынша қызмет көрсету - астықта бар қоспаларды бөлу жөніндегі технологиялық операциялардың жиынтығы;
      7) астықты сақтау бойынша қызмет көрсету - астықтың санды-сапалы сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық операциялар жиынтығы астық сақтау қоймаларында астықтың сапасы мен жағдайын бақылау жөніндегі іс-шаралар;
      8) астықты тиеп жөнелту бойынша қызмет көрсету - астықты жіберу жөніндегі технологиялық операциялардың жиынтығы.";
      9) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;

      7-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы тиісті облыстық аумақтық басқарманың анықтамасы;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) астық қабылдау кәсіпорнының мүліктік кешеніне меншік құқығын тіркеу туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі.";

      7-1-тармақта:
      "көрсетілген құжаттарды беру кезінде" деген сөздер "лицензия беру кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "лицензия алуға арналған өтінімдерді тіркейтін журналдарында" деген сөздер "берілген хабарламалар журналында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Лицензиат лицензия алған кезде осы Ережедегі 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық қолхатына қол қоюға уәкілетті адамдардың аты-жөні және әкесінің аты жазылған, олардың қойылған қолдарының үлгілері, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдің бедер-таңбасының үлгісі бар карточканы нотариалды растап Лицензиарға табыс етеді.";

      10-тармақта:
      алтыншы абзацта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "кәсіпорын Жарғысының қызмет түрлері бөлігінде "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  19-бабының  талаптарына сәйкес келмеуі.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Заңды тұлғаның атауы немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгертілген жағдайда ол бір ай ішінде мынадай қосымша құжаттарымен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігінің нотариалдық расталған көшірмесі;
      2) лицензиялық алымды төлегендігі туралы түбіртек немесе төлем құжатының көшірмесі;
      3) лицензияның түпнұсқасы.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Лицензиат лицензиядан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда соттан тыс тәртіппен лицензия кері қайтарып алынады. Лицензияның соттан тыс тәртіппен кері қайтарып алынуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.";

      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-1. Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру:
      1) астық қолхатынан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды бұзғаны;
      3) нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамағаны;
      4) астық қабылдау кәсіпорындары үшін шектелген қызметті жүзеге асырғаны;
      5) астық қолхаттарын ұстаушылардың өтініштері бойынша, астықты қабылдау және түсіру-тиеу кезінде және олар құжаттамамен расталған жағдайда астықтың саны мен сапасының көрсеткіштерін үнемі бұрмалау фактілерінің анықталғаны (кейінгі күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет);
      6) жыл сайынғы міндетті аудит өткізу туралы талаптарды орындамағаны үшін жүргізіледі.";

      24-тармақтағы "астық қабылдау кәсіпорынын тексеру актісінің" деген сөздер "заңды бұзу анықталып жойылғанын растау құжаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-1-тармақта:
      "объектінің" деген сөз "астық қабылдау кәсіпорнының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тексеру актісі" деген сөздер "астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарына сәйкестігі және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы нысанасына осы Ережедегі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу актісі (бұдан әрі - зерттеу актісі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "дайындық актісі" деген сөздер "зерттеу актісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Егіншілік департаменті (Евниев А.Қ.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

"Қазақстан Республикасының     
Әділет министрлігінде N 1124    
болып тіркелген "Астық қабылдау   
кәсіпорындарында астықты сақтау   
бойынша қызметті лицензиялаудың   
ережесін бекіту туралы" Қазақстан  
Республикасы Ауыл шаруашылығы    
министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі 
N 97 бұйрығына өзгерістер мен    
толықтырулар енгізу туралы"     
Қазақстан Республикасы Ауыл     
шаруашылығы министрінің       
2004 жылғы 14 қыркүйектегі     
N 484 бұйрығына 1-қосымша      

Астық қабылдау кәсіпорындарында 
астықты сақтау бойынша қызметті 
лицензиялаудың ережесіне     
1-қосымша             

Карточка

__________________________________________________________________
      (астық қабылдау кәсіпорнының атауы, орналасқан жері)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(астық қолхатына қол қоюға уәкілетті адамдардың аты-жөні және
әкесінің аты)

      Қойылған қолдарының үлгілері және мөрдің бедер-таңбасы

______________________________________         ___________________
(аты-жөні және әкесінің аты, лауазымы)                (қолы)
______________________________________         ___________________
(аты-жөні және әкесінің аты, лауазымы)                (қолы)
______________________________________         ___________________
(аты-жөні және әкесінің аты, лауазымы)                (қолы)

М.О.

"Қазақстан Республикасының     
Әділет министрлігінде N 1124    
болып тіркелген "Астық қабылдау   
кәсіпорындарында астықты сақтау   
бойынша қызметті лицензиялаудың   
ережесін бекіту туралы" Қазақстан  
Республикасы Ауыл шаруашылығы    
министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі 
N 97 бұйрығына өзгерістер мен    
толықтырулар енгізу туралы"     
Қазақстан Республикасы Ауыл     
шаруашылығы министрінің       
2004 жылғы 14 қыркүйектегі     
N 484 бұйрығына 2-қосымша      

Астық қабылдау кәсіпорындарында 
астықты сақтау бойынша қызметті 
лицензиялаудың ережесіне     
2-қосымша             

"Бекітілді"      
ҚР АШМ аумақтық    
басқармасының бастығы 
____________Аты, жөні 
200__ жылғы "__"_____ 

Астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарға
сәйкестігін және 200__ жылғы егіннің астығын
қабылдауға дайындығын зерттеу
Актісі

200__ жылғы "___"________             ____________________________
                                 Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Мына құрамдағы комиссия:
Төраға: мемлекеттік астық инспекторы _____________________________
Комиссия мүшелері:
Астық қабылдау кәсіпорнының басшысы ______________________________
Санитарлық бақылау органының өкілі _______________________________
Экологиялық бақылау органының өкілі ______________________________
Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша инспектор ______________
кәсіпорынның 200__ жылғы егіннің астығын қабылдауға дайындығына
тексеру жүргізді.
Тексерумен анықталды:

 1. Ғимараттардың, құрылыстардың және құрал жабдықтардың дайындығы
___________________________________________________________________
              Объект           |Өлшем бірлігі|01.01.200__|Дайындығы
                               |             |жылғы қолда| туралы
                               |             |   бары    | мәлімет
___________________________________________________________________
Астық қоймасының сыйымдылығы      мың тонна
оның ішінде: элеваторлық          мың тонна
пайдалануға жоспарланғаны         мың тонна
оның ішінде: қоймалық             мың тонна
пайдалануға жоспарланғаны         мың тонна
оның ішінде тұқым сақтауға
арналған қоймалық                 мың тонна
Астық кептіргіштер                штук/тонна
                                  1 сағатта
Асфальтталған алаңдар             мың м 2
Автомобиль түсіргіштер            штук
Астық тазалау машиналары          штук
Жылжымалы тасымалдау жабдықтары   штук
Автомобиль таразылары             штук
Вагон таразылары                  штук
Астық температурасын бақылайтын
арақашықтық қондырғылар           комплект
Белсенді желдету үшін
желдеткіштер                      штук
___________________________________________________________________
м 2  - шаршы метр

  2. Зертханалардың және зертханалық құрал жабдықтардың дайындығы
___________________________________________________________________
           Объект            |Өлшем бірлігі|  01.01. |Дайын. |Дайын
                             |             |200_жылғы|далғыны|емесі
                             |             |  қолда  |       |
                             |             |  бары   |       |
___________________________________________________________________
Зертхана                          штук
Сынақ алғыштар                    штук
Ылғал өлшегіштер                  штук
Кептіргіш шкафтар                 штук
Өлшегіштер                        штук
Дән маңызын анықтау үшін
жуатын жабдықтар                  штук
Зертханалық таразылар             штук
Дән ұнтау үшін диірмендер         штук
Елеуіштер комплектісі             штук
___________________________________________________________________

                 3. Іс шаралардың орындалысы
___________________________________________________________________
           Талаптар            |   Орындалысы (керек  | Растайтын
                               |  емесін сызу керек)  |құжатты беру
                               |                      |  мерзімі
___________________________________________________________________
Экологиялық бақылаудың
талаптары                       Орындалды  Орындалмады
Санитарлық бақылаудың
талаптары                       Орындалды  Орындалмады
Өсімдіктерді қорғау және
карантин бойынша талаптары      Орындалды  Орындалмады
Зертханада өлшемдердің
жай-күйін бағалау туралы
куәліктің бар болуы             Бар        Жоқ
Қозғалмайтын мүлікке құқықты
тіркеу органы берген, үшінші
тұлғалардың міндеттемелері
бойынша кепілге мүліктің
қойылмағаны туралы анықтама     Бар        Жоқ
Жылдық қаржылық есепке жыл
сайынғы аудиторлық тексеру
жүргізуді талап ету             Орындалды  Орындалмады
Жылдық балансты және пайда
мен залал туралы есепті
жариялауды талап ету            Орындалды  Орындалмады
___________________________________________________________________

     4. Карантин, зиянды және өте қауіпті зиянкес организмдерді
        залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар бойынша іс шаралар
___________________________________________________________________
         Объект         |Өлшем бірлігі|Іс шаралар|Фирманың атауы,
                        |             |          |лицензияның N __
___________________________________________________________________
Силос корпусы              м 2 3 )
Астық қоймалары            м 2 3 )
Технологиялық жабдықтар    штук
Жер алаңдары               м 2
___________________________________________________________________
м 2  - шаршы метр
м 3  - текше метр

                    5. Кадрлармен қамтамасыз етілуі
___________________________________________________________________
              Мамандықтың атауы           | Қажет | Бары | Білімі
___________________________________________________________________
Аға лаборант
Лаборант
Сынақ алушы
Таразышы
Астық кептіруші
Автомобиль аудару құралдарының маманы
Айыру жабдықтарының маманы
Тасымалдау құралдарының маманы
Слесарь
Электр монтеры
Жұмыскер
___________________________________________________________________

              Астық қабылдаушы кәсіпорнының біліктілік
          талаптарды сақтауы жөнінде комиссия қорытындысы

_____________________________ астық қабылдау кәсіпорны біліктілік
талаптарға сай келеді (сай келмейді)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Төраға:
      Мемлекеттік астық инспекторы _______________
      Комиссия мүшелері:
      Санитарлық бақылау органының өкілі _________
      Экологиялық бақылау органының өкілі ________
      Өсімдіктерді қорғау және
      карантин бойынша инспектор _________________
      Астық қабылдау кәсіпорнының басшысы ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады