Әуеайлақ жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбегін қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3223. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1182 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу мен бекіту Ережелеріне және Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі салалық нормативтерді әзірлеу мен бекіту Ережелеріне сәйкес, сондай-ақ әуеайлақ объектілерін, әуеайлақ машиналары мен механизмдерін ағымдағы жөндеу мен ұстауды жүзеге асыратын әуеайлақ жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбегін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: Қараныз K070000251P070000721
     1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақ жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбегін қорғау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық аваиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М.Наурызәлиевке жүктелсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, танысуға және жіберуге жатады.

      Төраға

      "Келісілген"
     Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты әлеуметтік
     қорғау вице-министрі
     _________________________
     2004 жылғы "___" ________

      "Келісілген"
     Қазақстан Республикасының
     Төтенше жағдайлар министрі
     _________________________
     2004 жылғы "___" ________

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникациялар  
министрлігінің Азаматтық  
авиация комитеті төрағасының
2004 жылғы 19 қарашадағы   
N 228 бұйрығымен бекітілген

Әуеайлақ жұмысшыларының қауіпсіздігі
мен еңбегін қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулық 1-бөлім
1-тарау. Еңбек қауіпсіздігінің
жалпы талаптары

     1. Әуеайлақ жұмысшыларының қауіпсіздігі және еңбегін қорғау жөніндегі осы үлгі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына, "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және әуеайлақ жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың денсаулығын және еңбек процесінде жұмыс істеу қабілеттілігін сақтауға бағытталған. Қараныз K070000251

     2. Осы Нұсқаулық ұшу алаңын, әуеайлақтың жасанды жамылғыларын, ұшу алаңының топырақты бөлігін, әуеайлақтың суағар - кәріз желісін ағымды жөндеуден өткізу және ұстау кезінде, әуеайлақ машиналары мен механизмдеріне профилактикалық жөндеуді жүргізу мен оларды ұстау кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануды нақтылайды.

     3. Ұшу алаңын жөндеу мен элементтерін ұстау жөніндегі жұмыстарға тікелей әуеайлақта пайдаланылатын жабдықтар мен механизмдерді пайдалану ережесін, әуеайлақтың жұмыс технологиясы мен тәртібін меңгерген, азаматтық авиациядағы әуеайлақ қызмет жөнінде техникалық, құқықтық, нормативтік және нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 76 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиацияның әуеайлағында әуе кемелерінің, арнайы автокөліктердің (бұдан әрі - арнайы автокөлік) және механизация құралдарының қозғалысын ұйымдастыру жөнінде басшылығының талаптарын оларға қатысты бөлігінде білуіне оқытылған және аттестациядан өткен және еңбек қорғау бойынша кіріспе мен бастапқы (жұмыс орнында) нұсқамалықтан өткен тұлғаларға рұқсат етіледі.

     4. Әуеайлақ жұмыстарының өндірісі кезінде еңбекті қорғау жөніндегі қайталама нұсқамалық тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі. Еңбекті қорғау талаптарын бұзған, жұмыстағы үзілістер 30 күннен асқан кезде, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен технологиялық процесі өзгерген жағдайда жұмыс орнында бастапқы нұсқамалық көлемінде еңбекті қорғау жөнінде жоспардан тыс нұсқамалық жүргізіледі. Жоспардан тыс нұсқамалық жүргізілгені жоспардан тыс нұсқамалықтың арнайы журналдарында тіркеледі.

     5. Авиациялық қозғалтқыштарды жұмыс органдары ретінде иеленген компрессорлармен, машиналармен және механизмдермен жұмыс істеу, сондай-ақ ұшу алаңының жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды атқару үшін үлгі бағдарламалар бойынша курстық оқытудан өткен және арнайы рұқсаты бар тұлғаларға рұқсат етіледі. Оқытудан өткенге дейін әуеайлақ жұмысшыларына дербес жұмыс істеуге жол берілмейді.

     6. Курстық оқыту аяқталғаннан кейін әуеайлақ жұмысшыларының еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруді азаматтық авиация ұйымының біліктілік комиссиясы жүргізеді. Еңбекті қорғау жөніндегі біліміне қанағаттандырылған баға алған әуеайлақ жұмысшыларына тиісті куәліктер беріледі.

     7. Еңбек процесінде әуеайлақ жұмысшыларына мынадай негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар:
     1) қозғалған ұшақтар мен тікұшақтар, арнайы автокөлік пен өзі жүретін механизмдер;
     2) ауыспалы топырақ, жұмыс қоспалары;
     3) аспаптардың құлауы;
     4) топырақтың опырылуы;
     5) аспаптар мен жабдықтардың бетіндегі өткір жиегі, қабыршақтанулар, кедір-бұдырлар;
     6) әуе кемелерінің жұмыс істеген қозғалтқыштарынан және ауа айналдыратын мен тасымалдаушы бұрамалардан, желді машиналардан өндірілген газдардың ағысы, сондай-ақ осындай ағыстарға түскен әртүрлі заттар, топырақтықтың ұшқындары, тастар, құмдар;
     7) электромагниттік сәуле шығаруларының аса жоғарлығы;
     8) ыстық жұмыс ерітінділерінің шашырандылары (битумның, битумдық мастиканың);
     9) шілтерлерден шыққан жалын;
     10) ұшып кеткен заттар, жұмыс ерітінділерінің бөлшектері, химиялық реагенттер (ұсақтағыш ИСУ-4 және басқа да механизмдердің жұмыс істеуі кезінде);
     11) тыныс жолдары, ас қорыту жүйесі, тері жабындысы және көру мен иіс сезу органдардың сілеймелі қабықтары арқылы бояғыш лак материалдардағы және басқа жұмыс құрамдардағы улы компоненттер;
     12) шу, діріл деңгейінің аса жоғарлығы;
     13) тікелей (жарық сәулесін шығаратын арнайы көлік пен басқа көлік құралдары мен механизмдердің фараларынан және жалтылдату жарығынан) жалтыл ықпал етуі мүмкін.

     8. Ұшу алаңында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әуеайлақ қызметінің бригадирін (аға әуеайлақ жұмысшы) радио байланысымен қамтамасыз ету үшін тасымалы радиостанцияларымен жабдықталады.

     9. Әуеайлақ қызметінің әуеайлақ жұмысшылары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғау құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етілуге тиіс.

     10. Жасанды жамылғыларды, ұшу алаңының топырақты бөлігін, суағар - кәріз желісін ағымды жөндеу жұмыстары мен оларды ұстау кезінде, әуеайлақ механизмдеріне профилактикалық жөндеу жүргізу мен ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 31 қазандағы N 770-Ю бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2080 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында өрт қауіпсіздігі жөніндегі ереженің және өзге де актілердің талаптарын сақтау қажет.

     11. Әуеайлақ жұмысшылары ұшу алаңының элементтерін жөндеу жұмыстарын және ұстауын технологиялық картаға сәйкес атқаруға және өзінің еңбек процесі технологиясын сақтауға тиіс.

     12. Жаңадан жұмысқа алынатын барлық әуеайлақ жұмысшылары, оның ішінде авиа кәсіпорнында уақытша жұмыс істейтін тұлғалар ұшу алаңында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде бастапқы өртке қарсы нұсқамалықтан өтуге міндетті.

     13. Жаңадан жұмысқа алынатын әуеайлақ жұмысшылары:
     1) объектіде қолданыстағы өртке қарсы ережелермен және нұсқаулықтармен;
     2) темекі шегуге, ашық от жағуға тыйым салынатын және басқа да сақтандыру шараларын сақтауға қажетті қызметтің өндірістік учаскелерімен;
     3) өрт болған жағдайда нақты іс-әрекеттермен (өртке қарсы көмек шақыру, өртті сөндіретін бастапқы құралдарды пайдалану, адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау және басқа да);
     4) өрт шығуы мүмкін себептермен және оларды алдын алу шаралармен танысуға тиіс.

     14. Әуеайлақ жұмысшыларының өртке қарсы екінші нұсқамалықты жұмысқа жіберу алдында тікелей жұмыс орнында өтеді.

2-бөлім. Ұшу алаңының элементтеріне ағымды жөндеу
және оларды ұстау бойынша жұмыстарды жүргізген кезде
қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар 2-тарау. Ұшу алаңының элементтеріне ағымды жөндеу
және оларды ұстау жөнінде жұмыстар басталғанға дейін
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     15. Әуеайлақ жұмысшылары ұшу алаңының элементтерін жөндеу және оларды ұстау бойынша жұмыстар басталғанға дейін:
     1) арнайы киім мен арнайы аяқ киімді ретке келтіруге, киімді түймелеуге, шашты бас киімнің астына жинауға, киімнің шығып тұратын және желбірейтін элементтері болмайтындай киімді киюге;
     2) ЖҚҚ-ның (көзілдіріктердің, респираторлардың, қолғаптардың, биялайлардың) болуын және жарамдылығын тексеруге;
     3) ыстық битумдармен жұмыс істеуге қажетті жұмыс механизмдерінің және құрал-саймандарды (ожаулардың, бөшкелердің және басқа құрал-саймандардың), сондай-ақ механикаландырылмаған аспаптардың (балталардың, балғалардың, шойын балғалардың) болуын және жарамдылығын тексеруге;
     4) пневматикалы аспаптың жарамдалығына және оны шлангқа, ал шлангіні әуе бұру желісі мен компрессорға қосылуы мен бекітілуінің дұрыстығына көз жеткізуге. Штуцерлар мен ниппельдерге шлангілерді бекіту үшін айналмалар мен қысқыштарды (тарту қамыттар) қолдану қажет және бекіту үшін өзіндік жасалған құрылғыларды қолданудан толық алып тастауға;
     5) жасанды әуеайлақ жамылғыларын жөндеу кезінде пайдаланылатын таңбалау машина мен механизмдерді қарауға;
     6) радиостанциялардың, жалтылдату (импульстік) және габариттік жарықтың, дыбыстық дабылдың жарамдылығы мен болуын тексеруге;
     7) айқындалған ақауларды жоюға. Жарамсыздықтарды өз күштерімен жоюға мүмкіндік болмаған жағдайда ұшу алаңының элементтерін ағымды жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстар жүргізілуге тиіс емес;
     8) машиналар мен агрегаттарды іске қосу алдында бөгде тұлғалар және заттардың жоқтығына көз жеткізуге тиіс.

3-тарау. Ұшу алаңының элементтеріне ағымды жөндеу
және оларды ұстау жөнінде жұмыстарды жүргізген кезде
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     16. Ұшу алаңында арнайы автокөлік пен механизацияның өзі жүретін құралдары жұмыс істеген кезде олардың жүру жылдамдығы 20 км/сағ аспауға тиіс.

     17. Жүк таситын автомобильден (өзі аударғыштан) жұмыс қоспаларын және/немесе ыстық жұмыс ерітінділерін түсіру қоспаны (ерітіндіні) түсіру аймағында басқа әуеайлақ жұмысшылары жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін жүргізуге рұқсат беріледі. Түсіру кезінде оны жүзеге асыратын жұмысшылар жүк таситын автомобильдің (өзі аударғыштың) аударатын шанағының қарама қарсы жағында тұруға тиіс.

     18. Жүк таситын автомобильдің (өзі аударғыштың) шанағында тұрып қалған асфальтбетондық қоспаны жерде тұрып, сабының ұзындығы 2 метрден кем емес арнайы қырғыштардың немесе күректер арқылы түсіру керек.

     19. Ыстық асфальтбетондық қоспаны автомобильден 10 метрден аспайтын қашықтыққа қалақша күректерімен тасуға болады. Ыстық асфальтбетондық қоспаны 10 метрден аспайтын қашықтыққа төсеу орнына тастаған кезде үш жағында ернеуі жасалған зембілдерді немесе алға аударып түсіретін қол арбаларды қолданған жөн.

     20. Асфальтбетондық жамылғыны төсеу кезінде біліктерін суландыратын құралмен тығыздағыштарды жабдықтау қажет. Біліктерді қолмен суландыруға тыйым салынады.

     21. Бірнеше машиналардың және/немесе тығыздағыштардың бірлесіп жұмыс істеген жағдайында олардың арасында 5 метрден кем болмайтын аралықты сақтау қажет.

     22. Тартқышпен тіркелмелі тығыздағышты тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
     1) біліктердің астына тіреулі табандық орнатылады;
     2) тіркелмелі тығыздағыштың оқ ағашы көтергішпен көтеріледі және тартқышпен тығыздағыштың тіркелуі жүргізіледі.

     23. Тартқыштан тығыздағышты тіркеуден ажыратуы кері бірізділікпен жүргізіледі.

     24. Ыстық асфальтбетондық қоспаның жолағында әуеайлақ жұмысшылары болмаған кезде асфальтбетондық қоспаны үлестіру және тегістеу арнайы аяқ киімде (жылу айырғыш іштікпен) және биялайда жүзеге асырылуға тиіс.

     25. Қол білікпен асфальтбетондық қоспаны тегістеген кезде тізеліктер пайдаланылуға тиіс.

     26. Жамылғының бетін металды щеткамен, құм ағыс аппаратымен және басқа да аспаптармен және құралдармен тазалаумен айналысатын әуеайлақ жұмысшылары көзді қорғайтын ЗП3 немесе ЗП4 үлгідегі көзілдіріктерде, ШБ-1 "Лепесток" үлгідегі респираторларда жұмыс атқаруға тиіс.

     27. Жіктерді және жарықтарды компрессорлар арқылы тазалау кезінде компрессорлық құрылғының жанында ауажинақтаушылар орнатылуға және адамдар болуы мүмкін жағынан қоршалуға тиіс.

     28. Ауажинақтаушы сақтандырғыш клапанымен, тазалау үшін люкпен, түсірмелі кранмен, бақылауға ыңғайлы және жақсы жарықтандырылған жерде орналасқан үш жүргіштік краны бар манометрмен жабдықталуға тиіс.

     29. "Изол", "РБВ" үлгідегі резина-битумдық мастикаларды ысытқан кезде битумды ерітетін қазанды мастиканы еріткен кезде пайда болатын түтін мен булардың жұмысшыларға әсер етуіне жол бермейтіндей орнату керек. Битумды ерітетін қазанның жанында өртке қарсы құралдардың жинағы болуға тиіс: 0,5м 3 сыйымдылығымен жәшік құмымен, күректер мен өрт сөндіргіштер.

     30. Битумды ерітетін қазанның бүріккіштерін жағу мен реттеу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
     1) отынды беруін тексеру;
     2) отын құбырларының жарамдылығын тексеру;
     3) бүріккіштерді жаққан кезде алдында отынды баяу ағыспен беру, келе-келе оның беруін қажетті қарқындылығына дейін күшейту;
     4) бүріккішті оталдырғыш (алау) арқылы жағу, бүріккішті жағу мен реттеу кезінде оның бүйір жағынан болу қажет;
     5) бүріккүштің жануы тоқтаған кезде, жазатайым оқиғаны болдырмау үшін, отын беретін кранды дереу жабу және битумды ерітетін қазаннан арырақ кету керек, өйткені отынның булары жануы мүмкін;
     6) бүріккішті тазалау және битумды ерітетін қазаннан отынның буларын толық желдетіп алғаннан кейін ғана (бүріккіштің жануы тоқтағаннан кейін 5-7 минуттан кем емес) оны қайталап жағады.

     31. Мастиканың шашырандысынан күйіктер алмау үшін қазанды резина битум мастикасымен ақырын және баяулап толтырған жөн. Ысытылған қоспаға қатып қалған мастиканың үзінділерін тастауға тыйым салынады. Битумды ерітетін қазанды оның 3/4 көлемінен аспайтын толықтыру жүргізілуге тиіс.

     32. Битумды ерітетін қазанда мастиканы 160 сантиметрден кем емес металды.
     33. Битумды ерітетін қазанның жұмысы кезінде крандардың, вентильдардың және басқа да қосымдылардың жай-күйін бақылау қажет; осы жерлерде мастиканың ағуын тапқан жағдайда жұмысты тоқтату және жарамсыздықты жою керек. Бөлуші кран арқылы мастиканы құйған кезде құю аймағында бөгде тұлғалардың жоқтығына көз жеткізу қажет.

     34. Битумды ерітетін қазаннан битумды алу жеңсырық тесігінен өздігімен ағызу жолымен жүргізілуге тиіс.

     35. Ұшу алаңының элементтеріне құю кездегі жұмыстар арнайы брезенттік киімде, биялайда және табалдырығы мықты аяқ киімде атқарылуға тиіс.

     36. Қорғалмаған тері учаскелерін сақтау үшін арнайы пасталар мен жақпамайларын қолдану қажет.

     37. Жасанды жамылғылардың жіктері мен жарықтарын сұйытылған битум немесе битум эмульсиясын қолмен құю жабық сепкіштерден немесе қол құйғыштардан құйған жөн.

     38. (Сепкіштің, қол құйғыштың) сыйымдылығын толтыру кезінде іс-әрекеттің мынадай бірізділігін сақтау қажет:
     1) жел жақтан (сепкіштің, қол құйғыштың) сыйымдылығын орнату;
     2) кранды ашу;
     3) сыйымдылықты оның 3/4 көлеміне толтыру;
     4) кранды жабу.

     39. Ұшу алаңы элементтерінің жіктері мен жарықтарын тазарту, құю жөніндегі жұмыстары кезінде бір біріне жарақат жасауды болдырмау үшін 2 метр ара қашықтықты сақтау қажет.

     40. Жіктер мен жарықтарға мастиканы құю тәуліктің жарық уақытында, ал тәуліктің қараңғы уақытында жақсы жарықтанған кезде ғана жүргізілуі тиіс, ол 150 лк кем болмауға тиіс.

     41. Жіктер мен жарықтарға мастиканы құюды желдің бағыты бойынша жүргізген жөн.

     42. Асфальтбетондағы жарықтарға құю үшін машиналардың жұмысы кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
     1) жүрудің жұмыс жылдамдығын асырмау;
     2) битумды жұмыс температурасынан (170 о С) артық ысытпау;
     3) күн сайын манометрдің, термометрдің, ілмек вентильдер мен крандардың жай-күйін тексеру;
     4) құятын шлангтардың жай-күйін байқау (әсіресе ұштасқан және қосылған жерлерін).

     43. Әуеайлақ жамылғыларының жөнделетін жерлерін автомобильды немесе қол жылытқышпен кептіру мен жылыту кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
     1) асфальт жылытқыштың зонтын түсірер алдында қызмет көрсетуші персонал қауіпті аймақтан кем дегенде 5 метр қашықтық жерге жылытқыштан алыстатылуға тиіс;
     2) отын бактағы қысым манометр шкаласында қызыл сызықпен айқындалған жіберілетін шектен аспауға тиіс.

     44. Пневматикалы немесе электр аспаптармен (балғамен, құм ағысы аппаратымен, нығыздаушымен, дірілдеткішпен) жұмыс істеген кезде қысылған ауаны (электр энергиясын) оны жұмыс қалпына орнатқаннан кейін ғана берген жөн. Электрлік жетекті пайдаланатын аспап және электр аспабы қорғайтын, өшірілетін құралдар - автоматтармен жабдықталуы тиіс.

     45. 36 Вольттан асатын кернеуі болған кезде электр аспаптардың корпустары сенімді жерлендірілуі тиіс. Электр аспаптарымен жұмыс істейтін адамдар диэлектрикалық құралдармен (резина етіктермен, қолғаптармен) қамтамасыз етілуге тиіс.

     46. Дірілдеткішпен шуға қарсы дулығада ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

     47. Бетон қоспасы тығыздатқан кезде дірілдеткіштерге тұруға немесе оны салмақпен ауырлатуға тыйым салынады.

     48. Еріткіштермен және басқа да улы материалдармен жұмыс резина қолғабында, резина етік пен алжапқышта жүргізілуі тиіс. Нитро бояулармен жұмыс респираторларында немесе газ тұтқышта жүргізген жөн.

     49. Бояуларды желдетпемен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған үй-жайда дайындау және сақтау керек.

     50. Нитро бояуларды басқа жанатын материалдармен сақтауға тыйым салынады.

     51. Бояулардың ыдыстарын ашуға арналған аспаптар ұшқын бермейтін материалдардан жасалуға тиіс.

     52. Бояулары бар бөшкелерді орнату абайлап, бір біріне соқпай және тығындағыштарын жоғары қаратып жүргізілуге тиіс.

     53. Жұмыс орнында улы және тез жанатын заттарды технологиялық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті (кезекте тұтынудан аспайтын) мөлшерде ғана, оларға бөгде адамдардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген жерлерде сақтауға рұқсат беріледі.

     54. Бояғыш лак материалдары қоймаларының боялған жерлерінде, тез жанатын және жанармай сұйықтықтарын қолдана отырып, детальдарды жуатын және майын кетіретін жерлерде ашық отты және ұшқын болатын (электрмен балқытып біріктіру, ұштау т.б.) қолдануымын байланысты жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

     55. Еденге төгілген бояғыш лак материалдарын және еріткіштерді дереу сумен, жоңғақтармен және басқа құралдармен жинаған жөн. Төгілген эпоксидтік бояғыш лак материалдарын қағазбен, ал одан кейін ацетонға немесе этилцеллозольвоға матырылған тозығы жеткен нәрсемен жинау, сосын төгілген жерді жылы сумен сабынмен жуу керек. Едендерді, қабырғаларды және құралдарды еріткіштермен жууға тыйым салынады.

     56. Бояйтын құралдарды жанармай шөгінділерінен күнде кезек біткеннен кейін желдетпе жұмыс істеген кезде тазалау қажет.

     57. Жасанды жамылғыларды таңбалау жөнінде жұмыстар таңбалайтын машина қозғалысының қауіпсіздігін байқауын қамтамасыз ететін жауапты тұлға болғанда жүргізілуі тиіс.

     58. Таңбалау машина іске қосылған жалтылдату (импульстік) және габариттік жарықтарымен жұмыс істеуі тиіс.

     59. Таңбалау машинаға май құю немесе оның бактарын еріткішпен жуу респираторларда, бояу немесе еріткіш дененің ашық жерлеріне, әсіресе сілеймелі қабықтарға тидірмеу үшін абайлық танытып жүргізген жөн.

     60. Таңбалау машина өртті сөндіру - өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталуға тиіс.

     61. Таңбалау машина жұмыс істеген кезде бақтардағы қысымды байқап отыру қажет, ол 9 кг/см 2 аспауға тиіс.

     62. Таңбалау машинаны отынмен және бояумен толтыру кезінде, сондай-ақ таңбалау жұмыстарын жүргізген кезде темекі шегуге және ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.

     63. Ұшу алаңы суағар-кәріз желісінің ағымды жөндеу жұмыстарын газ тұтқышта, қорғау белдігімен, жіппен және қорғау дулығада жүргізген жөн.

     64. Су ағатын арықтардың торлары, құдықтардың қақпақтары тек қана аспаптар (арнайы күршектер, ломдар) арқылы алыну керек. Оларды іліп алу мықтылығын тексергеннен кейін көтеру және орнына орнату ақырын, жұлмай жүргізіледі.

     65. Суару - жуу машиналарды пайдалана отырып су ағатын желіні (науаларды, жаңбыр қабылдағыштарды, құдықтарды) жуу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
     1) сарқынды су желісі шаюын сутартқыштан шлангінің шығып кетуін болдырмайтын тегеурін шлангіні мықты нығайтқан кезде жүргізуге;
     2) шамалы жарамсыздықты тапқан кезде немесе шланг жыртылғанда сарқынды су желісін шаюды дереу тоқтатқан жөн;
     3) суару - жуу машинаның артында шлангі қосумен және басқа да жұмыстармен айналысып жатқан жұмысшыны ескертпей артқа шегінуге рұқсат берілмейді.

     66. Шлангқа су жіберу және тегеуріні өсіру шлангті бекіткеннен кейін, осы жұмыспен айналысып жатқан жұмысшының дабылы бойынша жүргізілуге тиіс.

     67. Тайғаққа қарсы химиялық реагенттермен жұмыстар реагенттің ерекшеліктерін жақсы білетін әуеайлақ қызметі инженерінің бақылауымен және қатысуымен жүргізілуге тиіс.

     68. Тайғаққа қарсы химиялық реагенттерді шашуға даярлау және еріткішті дайындау жұмыстары арнайы киімде, арнайы аяқ киімде және басқа да жеке қорғау құралдарында (брезенттік немесе мақта-мата костюм, резина етігі, биялай немесе колғап, алжапқыш, респираторлар, қорғау көзілдірігі) жүргізіледі.

     69. Химиялық реагенттерді (ИСУ-4 үлгідегі) ұсақтағышты оны толтырғаннан кейін және механизмнің жұмысы қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін іске қосуға рұқсат беріледі.

     70. Ұсақтағыштың бекітпесін және жұмыс органының пышақтарын мерзімді қарап отыру қажет. Қарауды ұсақтағыш өшірілген кезде ғана жүргізу қажет.

     71. Газ ағысы машиналарын пайдалану жалпы өрт қауіпсіздік ережелерін және газ ағысы машиналарда жұмыс істеу жөніндегі тиісті ережелер мен нұсқаулықтарды сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.

     72. Вокзал маңайындағы алаңды, перронды және әуеайлақтың басқа элементтерін қардан, мұздан, батпақтан және шаңнан тазалау әуеайлақ-жинау машиналардың аймағында (25 метр қашықтықтан кем емес) адамдар, автокөлік пен әуе кемелері болмаған жағдайда механиздермен орындалады.

     73. Ескі шөпті сирету, шөпті қосымша себу мен шабу кезінде жұмыс органдары мен механизмдер (тырмалар, сепкіштер, шалғылар) негізгі тартқыш құралымен (трактормен) мықтап тіркелуге тиіс.

     74. Әуеайлақтың ұшу алаңына шөп себу кезінде жұмыс істейтін механизмдердің (тырмалардың, сепкіштердің, шалғылардың) және жұмысшылардың арасындағы ара қашықтық кемінде 5 метрден болуы қажет.

4-тарау. Авариялық мән-жайларда қойылатын
еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     75. Ұшу алаңының элементтерін жөндеу мен ұстауды жүзеге асыру кезінде жазатайым оқиға туындаған кезде зардап шеккенге бірінші көмек көрсету және бригадирге (әуеайлақтың аға жұмысшысына), ауысымның бастығына немесе қызметтің басқа басшысына және медициналық (санитарлық) бөлігіне (жедел жәрдемге) болған жағдай туралы хабарлау қажет.

     76. Ұшу алаңының элементтерін жөндеу мен ұстауды жүзеге асыру кездегі жазатайым оқиғаға тергеу жүргізгенге дейін жұмыс орнындағы жағдайды және құрал-жабдықтардың жай-күйін, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе және теріс жағдайларға (аварияларға) әкеп соқпаса, жазатайым оқиға туындаған сәтке дейін қалай болды солай сақтаған жөн.

     77. Еріткіш, полимерлік шайыр және/немесе басқа да улы материалдар терінің қорғалмаған жерлеріне тиген кезде осы заттарды дереу ескі-құсқы нәрселермен, киімнің таза элементтерімен алып тастау және теріні судың көп мөлшерімен сабынмен жуып әрі вазелинді немесе крем жаққан жөн.

     78. Резина битум мастикасы көбіктенген және жиектен тасыған кезде бүріккішті (жанғанды) тез арада өшіру қажет. Мастика жанған кезде қақпақты тығыздап жабып, өрт сөндіргіш немесе құм арқылы жалынды сөндіреді.

     79. Жұмыстағы ұзақ үзілістер, шлангілер немесе құбырлар үзілген және басқа да жарамсыздықтар болған жағдайда механикаландырылған аспаптың қоректенуі өшірілуге тиіс - әуе вентилі жабылып, шаппа қосқыш пен іске қосқышты да өшіру қажет.

     80. Таңбалау машинашарықтау-қону жолағында (бұдан әрі - ШҚЖ), перронда, рульдейтін жолда және ұшақтар тұратын жерлерде сынған жағдайда олардан дереу таңбалау машинаны тіркеп сүйретіп әкету қажет.

     81. Өрт немесе өртене басталғанын байқаған әрбір әуеайлақ жұмысшы:
     1) авиа кәсіпорнының басшысына және/немесе осы кәсіпорнында өрт жағдайына жауаптыға және күзетке дереу хабарлауға;
     2) өрт ошағын жұмыс орнында бар өрт сөндіретін құралдармен сөндіруге кірісуге;
     3) өрт болып жатқан жерге қызметтің, кезектің басшысын немесе басқа лауазымды тұлғаны жеткізу бойынша шаралар қолдануға;
     4) өртті жою жөніндегі іс-шараларымен байланысты емес барлық жұмыстарды тоқтатуға;
     5) өртті сөндіруге қатысып жүрген адамдарды уланудан, күйіктерден сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

5-тарау. Ұшу алаңының элементтеріне ағымды жөндеу
және оларды ұстау жөнінде жұмыстар аяқталғаннан
кейін қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     82. Ұшу алаңы элементтерін жөндеу және оларды ұстау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін:
     1) аспаптарды, құрал-саймандарды және механизмдерді қарау және кірден тазалау;
     2) жұмыс орындарын, аспаптарды және құрал-саймандарды ретке келтіру;
     3) тығыз жабылатын қақпалары бар металл жәшіктеріне пайдаланылған сүрткіш материалдарды салу және кезек аяқталғаннан кейін өндірістік үй-жайлардан және жұмыс орындарынан осы мақсаттарға бөлінген орнында жою;
     4) арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғау құралдарын шешу мен жинау. Улы заттармен (улы химикаттармен, бояулармен, арнаулы сұйықтықтармен) ластанған арнайы киім жууға және басқа арнайы киімдерден газсыздандыруға тапсыру;
     5) сабынмен жуынып және душ қабылдау қажет.
     83. Ұшу алаңының элементтерін жөндеу мен ұстау жұмыстары процесінде байқалған жарамсыздықтарды әуеайлақ қызметтің лауазымды тұлғасына хабарлау қажет.

3-бөлім. Ұшу алаңының топырақты бөлігін ағымды
жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізген
кезде қойылатын қауіпсіздік пен еңбекті
қорғау талаптары 6-тарау. Ұшу алаңының топырақты бөлігін ағымды
жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     84. Ұшу алаңының топырақты бөлігін ағымды жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін әуеайлақ жұмысшылары:
     1) арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа жеке қорғайтын қажетті құралдарды киюге;
     2) аспаптың және құрал-жабдықтың жарамдылығын тексеруге;
     3) өзі жүретіндерге тіркелмелі механизмердің дұрыс және мықты қосылғанына көз жеткізуге;
     4) алдағы жұмыс орнын қарап және қажетті жағдайда осы жұмыстардың өндірісіне қатыспайтын адамдар мен техника өтуі мүмкін жерлерде қоршаулар орнатуға тиіс.

7-тарау. Ұшу алаңының топырақты бөлігін ағымды
жөндеу мен ұстау жөнінде жұмыстарды жүргізген кезде
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     85. Ұшу алаңының топырақты бөлігін ағымды жөндеу мен ұстау жұмыстарын жүзеге асырған кезде жер асты коммуникацияларды көрсететін белгілерді орнату қажет. Жер асты коммуникациялар бар жерлерде жұмыстар тек қана осы коммуникацияларды пайдалануға жауапты қызметтің жазбаша рұқсатымен және осы қызметтер өкілдерінің қатысуымен жүргізілуге тиіс.

     86. Жер асты коммуникациялар орналасқан аймақтағы топырақты әзірлегенде қатты соқпай, күректер арқылы жүргізген жөн; Соғатын аспаптарды (ломдарды, қайланы, пневматикалы аспапты) рұқсат етілмейді.

     87. Тіркеме грейдермен жұмысты ұзындығы 7,5-10 метр арқан арқылы иілмелі ілінгішпен жүргізген жөн.

     88. Грейдерге пышақтарды тіркеу, ағыту, ауыстыру және беткей жасайтын тіркеме құрал мен ұзартушыны орнату брезенттік биялайда жүргізілуге тиіс.

     89. Тіркеме грейдерді тракторға тіркеп 7-9 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен тасымалдаған жөн, ал автомобильге тіркегенде - 20 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен. Грейдерді тіркеп сүйрегенде онда жұмысшы болуға тиіс.

     90. Ескі шөпті сирету, шөпті қосымша себу мен шабу кезінде жұмыс органдары мен механизмдер (тырмалар, сепкіштер, шалғылар) негізгі тартқыш құралымен (трактормен) мықтап тіркелуге тиіс.

     91. Трактордың қозғалтқышын өшірген кезде ғана тракторға шалғыны тіркеуді және алуды, сондай-ақ шалғыны жөндеуді, реттеу мен майлауды жүргізу қажет.

     92. Кескіш аппаратты шөптен аялдамаларда қырғыштармен тазалаған жөн, ал пышақты қайрағанда және ауыстырғанда осы аппараттың кесетін бөліктерімен қолды кесіп алмау үшін абай болған қажет.

     93. Жұмыс істемейтін шалғыны негізгі механизмнен (трактордан) ажыратқан және жұмыс жағдайына босатқан жөн.

     94. Бірінің артынан бірі бара жатқан екі және одан артық өзі жүретін және тіркеме машиналармен топырақты тегістеген кезде және тығыздағанда олардың арасындағы қашықтық 5 метрден кем болмауға тиіс.

8-тарау. Авариялық мән-жайларда қойылатын
еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     95. Ұшу алаңының топырақ бөлігін ағымды жөндеу мен ұстауды жұмыстарды жүргізген кезде жазатайым оқиға туындаған жағдайда зардап шеккенге бірінші көмек көрсету және бригадирге (әуеайлақтың бас жұмысшысына), кезектің бастығына немесе қызметтің басқа басшысына және медициналық (санитарлық) бөлігіне (жедел жәрдемге) болған жағдай туралы хабарлау қажет.

     96. Ұшу алаңының топырақты бөлігін жөндеу мен ұстауды жүзеге асыру кезіндегі жазатайым оқиғаға тергеу жүргізгенге дейін жұмыс орнындағы жағдайды және құрал-жабдықтардың жай-күйін, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе және теріс жағдайларға (аварияға) әкеп соқпаса, жазатайым оқиға туындаған сәтке дейін қалай болды солай қалдырған жөн.

     97. Жұмыстағы ұзақ үзілістер, шлангілер немесе құбырлар үзілген және басқа да жарамсыздықтар болған жағдайда грейдердің, трактордың (механикаландырылған аспаптың) қоректенуі өшірілуге тиіс, шаппа қосқыш пен іске қосқышты да өшіру қажет.

     98. Грейдер, трактор (механикаландырылған аспап) ШҚЖ-да, перронда, рульдейтін жолда және ұшақтар тұратын жерлерде сынған кезде, олардан дереу грейдерді, тракторды (механикаландырылған аспапты) тіркеп сүйретіп әкету қажет.

     99. Өртті немесе грейдердің, трактордың (механикаландырылған аспаптың) өртенгенін айқындаған әрбір әуеайлақ жұмысшы осы Нұсқаулықтың 81-тармағында көрсетілген ұқсас іс- әрекеттердің орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

4-бөлім. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды)
және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен
жарамды түрде ұстау бойынша жұмыстарды жүргізген
кезде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау
жөніндегі талаптар 9-тарау. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды)
және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды
түрде ұстау жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     100. Әуеайлақ жұмысшылары әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды түрде ұстау жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін:
     1) арнайы киіммен мен арнайы аяқ киімді ретке келтіруге, киімді түймелеуге, шашты бас киімнің астына жинауға, киімнің шығып тұратын және желбірейтін элементтері болмайтындай қылып киімді киюге;
     2) жеке қорғау құралдарының (көзілдіріктердің, респираторлардың, қолғаптардың, биялайлардың) болуын және жарамдылығын тексеруге;
     3) жұмыс орнын қарауға, оны ретке келтіруге, барлық бөгде заттарды алып тастауға;
     4) әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу және жарамды түрде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін жұмыс құралдарының (аспаптар мен бөлшектердің) болуы мен жарамдылығын тексеруге тиіс.

     101. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды түрде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құралдар (аспаптар мен бөлшектер) жарамды жай-күйде болуға тиіс.

     102. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу және жарамды түрде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құралдарды (аспаптар мен бөлшектерді) олардың технологиялық қолдану бірізділігін ескере отырып ыңғайлы жерге қою керек, ал оларды сақтау орны белгіленуге тиіс.

10-тарау. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды)
және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды
түрде ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     103. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды түрде ұстауды машина толық тоқтағаннан кейін ғана және қозғалтқышты өшіріп орындаған жөн. Әуеайлақ машинаның (арнайы машинаның) және механизмнің рульдік доңғалағына "Қозғалтқыш қосылмасын - адамдар жұмыс істеуде" деген жазба тақтайша ілініп қоюға тиіс. Әуеайлақ машинасы (арнайы машина) және/немесе механизмнің қозғалтқышы жұмыс істеген кезінде оны реттеуге ғана рұқсат етіледі.

     104. Нарядта тұрған әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін орналастыру үшін алаңшаларды өрт болған жағдайда оларды тез эвакуациялауға кедергі болатын заттармен және құрал-жабдықтармен үюге рұқсат берілмейді.

     105. Нарядта тұрған әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін орналастыру үшін алаңшаларда:
     1) осы машиналардың (арнайы машиналардың) және механизмдердің бензобактарының, сондай-ақ олардан жанармай аққанда, өндіршегін ашық ұстауға;
     2) машиналарға (арнайы машиналарға) және механизмдерге бекіткен бактарда отыннан және баллондарда газдан басқа жанармайды сақтауға;
     3) тез жанатын және жанармай сұйықтықтарының ыдыстарын сақтауға рұқсат етілмейді.

     106. Бұрылатын текшелерде жұмыс істеген кезде түзілімдер мен агрегаттарды сенімді бекіткен жөн. Бұрылатын текшеде машинаның (арнайы машинаның) және механизмнің төменгі бөлігіне қызмет көрсету мен жөндеу алдында сенімді бекіту, отын бактарынан отынды және суыту жүйесінен суды ағызу, қозғалтқыштың май құятын өндіршегін тығыздап жабу, аккумуляторларды алу және машинаның (арнайы машинаның) және механизмнің кабинасы мен шанағына бекітілмеген заттарды түсіру қажет.

     107. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды түрде ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде жұмыс орындары арасындағы өту жолдарға бөлшектер және түзілімдерді үюге рұқсат етілмейді. Пайдаланған сүртуші материалды арнайы орнатылған қақпақтары бар металды жәшіктерге жинаған жөн.

     108. Әуеайлақ машинасының (арнайы машинаның) және механизм агрегеттарының майын және суын тек қана арнайы ыдысқа ағызған жөн. Еденге төгілген майлаушы материалдарға дереу жоңғақтар немесе құрғақ құм себу қажет.

     109. Машинаның (арнайы машинаның) және механизмнің түзілімдері мен агрегеттарын көтерме көлік құралдары арқылы бөлшектеген және жинаған кезде арнайы түсіргіштер мен кілттерді қолданған жөн. Қиын бұралатын гайкаларды арнайы сұйықтықтармен (керосинмен) ылғалдандыру одан әрі кілтпен бұрау қажет.

     110. Машиналарды (арнайы машиналарды) және механизмдерді көтерме көлік құралдары арқылы бөлшектеген және жинаған кезде арнайы қармауыштарды пайдалану қажет.

     111. Жүктердің (қалыптар және т.б.) астына төсемді алдын ала төсеген жөн.

     112. Жұмыс органдары (эксковатордың шөміші, бульдозердің немесе грейдердің қайырмасы, тырмалар мен басқалар) өз еркімен аударылуын, жылжуын, түсуін болдырмайтын арнайы қондырмаларға орнатылуға тиіс.
 

     113. Машина(арнаулы машина) мен мехнизмнің астында жатып жұмыс істеген кезде, жатқышты (төсеніштерін) немесе арнайы арбашаларды, сонда-ақ қорғаныш көзілдіріктерін пайдалану қажет. Машина (арнаулы машина) мен мехнизмнің астында еңіс жерде жұмыс істеуге жол берілмейді.

11-тарау. Авариялық мән-жайларда қойылатын
еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     114. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде жазатайым оқиға туындаған кезде зардап шеккенге бірінші көмек көрсету және бригадирге (әуеайлақтың аға жұмысшысына), ауысымның бастығына немесе қызметтің басқа басшысына және медициналық (санитарлық) бөлігіне (жедел жәрдемге) болған жағдай туралы хабарлау қажет.

     115. Ұшу алаңының топырақты бөлігін жөндеу мен ұстауды жүзеге асыру кезіндегі жазатайым оқиғаға тергеу жүргізгенге дейін жұмыс орнындағы жағдайды және құрал-жабдықтардың жай-күйін, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе және теріс жағдайларға (апаттар т.б.) әкеп соқпаса, жазатайым оқиға туындаған сәтке дейін қалай болды солай қалдырған жөн.

     116. Жұмыстағы ұзақ үзілістер, шлангілер немесе құбырлар үзілген және басқа жарамсыздықтар болған жағдайда әуеайлақ машинаның (арнайы машинаның) және механизмнің қоректенуі өшірілуге тиіс, шаппа қосқыш пен іске қосқышты да өшіру қажет.

     117. Әуеайлақ машиналары (арнайы машиналар) және механизмдері ШҚЖ-да, перронда, рульдейтін жолда және ұшақтар тұратын жерлерде сынған кезде, олардан әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін дереу тіркеп сүйретіп әкету қажет.

     118. Өртті немесе әуеайлақ машинаның (арнайы машинаның) және механизмнің өртенгенін айқындаған әрбір әуеайлақ жұмысшы осы Нұсқаулықтың 81-тармағында көрсетілген ұқсас іс-әрекеттердің орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

12-тарау. Әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды)
және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды
түрде ұстау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін
қойылатын еңбек қауіпсіздігінің талаптары

     119. Әуеайлақ жұмысшылары әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды түрде ұстау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін:
     1) жұмыс орнын ретке келтіру, аспаптарды және құралдарды мұқият тазалау, оларды аспапты жәшікке немесе сөмкеге салу;
     2) машиналарды (арнайы машиналарды) және механизмдерді кірден тазалу және жуу;
     3) сабынмен жуынып және душ қабылдау қажет.

     120. Егер әуеайлақ жұмысшылары әуеайлақ машиналарын (арнайы машиналарды) және механизмдерін профилактикалық жөндеу мен жарамды түрде ұстау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін тіреуіште және басқа арнайы тіректерде олар қалатын болса, онда олардың орнықтылығын тексеру қажет.

     121. Әуеайлақ машиналарында (арнайы машиналарда) және механизмдерінде байқалған барлық жарамсыздықтары мен ақауларды жұмыс басшысына хабарлау қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады