Тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кемсітушіліксіз қол жеткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 8 қарашадағы N 401-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 3 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3243. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 660 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2012.10.03 № 660 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кемсітушіліксіз қол жеткізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      жөніндегі агенттігінің төрағасы
      
      2004 жылғы 10 қараша

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар министрінің 
2004 жылғы 8 қарашадағы N 401-I  
бұйрығымен бекітілген     

  Тасымалдаушылардың магистралдық темір жол
желісінің қызметіне кемсітушіліксіз
қол жеткізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісінің қызметіне кемсітушіліксіз қол жеткізу ережесі Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңның 14-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы қағидалар және магистралдық желiде өткiзу қабiлеттiгі шектеулі болған жағдайда магистралдық темiр жол желiсiнің (бұдан әрі - магистралдық желiсі) қызметіне тасымалдаушылардың кемсітушіліксіз қол жеткізуге қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Тасымалдаушылардың магистралдық желісінің қызметіне кемсітушіліксіз қол жеткізуі тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісінің қызметіне тең шартты қол жеткізуге бар болғандығын көздейді.

      3. Осы Ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:
      1) магистральдық желінің шектеулі өткiзу қабiлеттiлігі - поездардың белгіленген ұзындығы және салмағы (жұп поездар) максималдық саны, бір нақты темір жол учаскісінде оның техникалық жабдығына байланысты және поездар қозғалысының ұйымдастыруға алынған әдісіне байланысты перегон бойынша уақыт бірлік ішінде (тәулік, сағат) өткізу мүмкіндігі;
      2) поездардың нақты бағытындағы қозғалысы - жөнелту станциясынан берілген станцияға дейінгі поездың жүру маршруты.

      4. Осы Ережеде қолданылатын басқа түсініктер Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңында және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерде айқындалған ұғымда пайдаланылады.

  2. Тасымалдаушылардың магистралдық желісінің
қызметіне кемсітушіліксіз қол жеткізудің
жалпы қағидалары

      5. Тасымалдаушылардың магистралдық желісінің қызметіне кемсітушіліксіз қол жеткізуді қамтамасыз етуі мынадай қағидалармен жүзеге асырылады:
      1) барлық тасымалдаушылар үшін магистралдық желісінің қызметіне тең қол жеткізуі;
      2) барлық тасымалдаушыларға қатысты магистралдық желісінің қызметіне бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) магистралдық желісінде қызметтер тізімінің ақпараттық ашықтығы, олардың орындалуы, темір жол көлігіндегі тасымалдау процесінің барлық қатысушыларына арналған осы қызметтердің тарифтері (ставкалар, алымдар).

  3. Магистралдық желiсінде өткiзу қабiлеттiгі шектеулі
болған жағдайда оның қызметіне тасымалдаушылардың
қол жеткізу тәртібі

      6. Магистралдық желiсінің өткiзу қабiлетi магистралдық желісінің операторымен  уәкілетті органның келісімі бойынша анықталады.

      7. Магистралдық желiсінің өткiзу қабiлетi шектеулі болуына байланысты, поездар қозғалысының нақты бағыттары бойынша тасымалдаушыларға магистралдық желісін пайдалануға беруді мүмкіндік болмаған жағдайда магистралдық желіні тасымалдауға  пайдалану үшін беру  конкурстық негізде жүзеге асырылады. Осы мақсаттарға уәкілетті органның өкілдіктерінің, тасымалдаушылардың, қоғамдық топтастардың  қатысуымен конкурстық комиссия құрылады, оның құрамы магистралдық желісінің операторымен бекітіледі.

      8. Магистралдық желiсінің өткiзу қабiлетi шектеулі болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 424 қаулысымен бекітілген Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесінде (бұдан әрі - пайдалану ережесі) қарастырылған тәртіппен, тасымалдауға арналған өтініштер екi немесе одан да көп келген кезеңнен бастап конкурстық комиссия екі күндік мерзімде өтініштерді қарастыруға қабылдайды, және ол туралы екі жұмыс күннен кешіктірмей тасымалдаушыларға жазбаша түрде хабарлайды.

      9. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ саннан тұруға және онда кемiнде бес адам болуға тиiс.

      10. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарды қабылдайды және қарайды, конкурсты өткізеді және жеңімпазды анықтайды.
      Пайдалану ережесінің 5-тармағында ұсынылған тасымалдаушылардың өтініштері осы Ережеде 11-тармақта көрсетілген негіздерді растайтын құжаттар қосымша ретінде конкурстық ұсыныстары болып табылады.

      11. Конкурстық комиссия өтініштерді қарауға алған күнінен бастап бескүндік мерзімде конкурс жеңімпазын хабарлайды.
      Конкурстың жеңімпазы келесі критерияларға жауап беретін  басылымдылық бойынша тасымалдаушы болып табылады:
      Жүк, жолаушылар, жүк-багаж және почта жөнелтілімдер тасымалын жүзеге асыру бойынша магистралдық желiсінің қызметтерін пайдалану өтініші барысында:
      1) Қазақстан Республикасының территориясы бойынша барынша ұзын және бір қалыпты және тұрақты көлемде тасымалын асыратын;
      2) өске түсетін барынша статистикалық түсіретін жүктемесін қамтамасыз ететін;
      Жүктер тасымалын жүзеге асыру бойынша магистралдық желiсінің қызметтерін пайдалану өтініші барысында оған қосымша ең үлкен көлемдегі жүктер тасымалдарды ескереді, сонымен жылдамдық контейнерлік поездарға және маршруттық жөңелтімдерге басымдық берiледi.

      12. Ұсынған тасымалдауды жүзеге асырудан конкурс жеңімпазымен бас тартылғанда магистралдық желiсінің операторы конкурс жеңімпаздан кейінгі конкурстық ұсынысы тиімді ретінде танылған тасымалдаушымен магистралдық желiні пайдалану шартын жасайды.
      Ұсынған тасымалдауды жүзеге асырудан конкурс жеңімпаздан кейінгі конкурстық ұсынысы тиімді ретінде танылған тасымалдаушы (тасымалдаушылар) бас тартқан жағдайда конкурстық комиссия конкурс өтпеді деп таниды.

      13. Пайдалану ережесінде бекітілген тәртіпте немесе тасымалдаушының магистралдық желі операторымен магистралдық желінің бұрын көрсетілген немесе көрсетулі қызметтері үшін қаржылық есеп айырысуларының реттелмегеніне себепті өтінімді келісу мүмкін емес болған жағдайда магистралдық желі операторы магистралдық желінің өткізу қабілетінің шектелуіне байланысты келісілмеген өтінімдерді берген тасымалдаушылардан кезек бойынша біріншісіне магистралдық желі қызметтерін көрсетеді.

      14. Басқа тасымалдаушылардың келісілген өтінімдерінің бар болуына байланысты сұратылған уақыт кезеңінде поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық желінің өткізу қабілетінің шектеулігіне себепті тасымалдаушының өтінімін орындау мүмкін емес болған жағдайда магистралдық желі операторы тасымалдаушымен келісім бойынша тасымалдаудың басқа маршруттарын пайдалана отырып магистралдық желі қызметтерін көрсете алады немесе келесі жоспарлы кезеңге ауыстыра алады.

      15. Бұрын келісілген өтініш бойынша тасымалдаушымен магистралдық желiсі қызметінен бас тартылғанда, магистралдық желісі операторы магистралдық желiсінде өткiзу қабiлеттiгі шектеулі болғаннан келіспеген өтініштер тасымалдаушылардың арасында кезекте бірінші болып тұрған тасымалдаушыға магистралдық желісі қызметтерін көрсетеді.

  4. Магистралдық желiсін пайдалану бойынша
қызметтері көрсетілетін туралы ақпарат беру

      16. Магистралдық желiсінің қызметтері көрсетілетін туралы ақпарат, олардың бағалары туралы, магистралдық желiсіне қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ поездар қозғалысының графигіне сәйкес өткізу қабілеттігі бар болуы, магистралдық желiсі қызметтерінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді көрсету туралы магистралдық желісі операторымен электрондық немесе почталық байланыс немесе магистралдық желiсі қызметтерді көрсетуге өтініштер қабылдайтын орындарда жүйелі хабарлау режимдегі өзге әдістер арқылы тасымалдаушыларға текст, кесте және сызба ретінде ұсынылады.

      17. Тасымалдаушымен жүктерді тасымалдау өтінішін берген кезде магистралдық желісі операторы оны поездардың қозғалыстың бағыттары бойынша магистралдық желiсінің өткiзу қабiлетiнде шектеуліктер болу мүмкіндігі туралы хабарлайды.
      Магистралдық желісі операторы магистралдық желiсі қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдайтын орындарда поездардың қозғалыстың нақты бағыттарда жоспарланған аралықта магистралдық желiсінің өткiзу қабiлеттiгінен ұсынылған көлемдердің жоғарлаған жағдайда басқа жүру маршруттар бойынша тасымалдарды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат орнатады.

      18. Магистралдық желісі операторы уәкілетті органның талабы бойынша тасымалдаудың жалпы көлемдері және поездардың қозғалысының нақты бағыттарда белгілі уақыт аралықта өткiзу қабiлеттiгінің бос ресурстары туралы мәліметтер ұсынады.
      Уәкілетті орган магистралдық желісі операторымен ұсынылған ақпаратын пайдалану барысында мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, магистралдық желісі операторының, тасымалдаушылардың, өзге мүдделі тұлғалардың басқа заңды мүдделердің сақталуын қамтамасыз етеді.

  5. Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының
магистралдық желісіне қол жеткізу мәселелері
жөніндегі арыздарды қарау тәртібі және
олар бойынша шешім беру

      19. Өтінімдерді қараудың нәтижесіне конкурсты ұтқан жеңіскерді (жеңіскерлерді) жариялаған күннен бастап 14 күнтізбенің ішінде конкурсқа қатысушылар шағым арыз бере алады.

      20. Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының магистралдық желісіне қол жеткізу мәселелері жөніндегі арыздардың қаралуы (бұдан әрі - арыз) уәкілетті органмен құрылатын тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының магистралдық желісіне қол жеткізу мәселелері жөніндегі арыздарды қарау бойынша тұрақты комиссиямен жүзеге асырылады (бұдан әрі - Комиссия).
      Комиссияның құрамы, оның ұйымдастыру жұмыс тәртібі, арыз қарастыруы уәкілетті органмен бекітіледі.
      Құштар қоғамдық топтастардың комиссияның құрамына кіруіне болады.

      21. Арызды қарауға дайындық барысында Комиссия танысу үшін қажетті құжаттарды сұрауға, арызды беруге негіз болған факт бойынша түсіндіктерді тыңдауға, соның ішінде арыз берген тұлғалардан, және қызметке арыз берілетін тұлғалардан, арызды қарауға сарапшыларды және мамандарды қатыстыруға құқығы бар.

      22. Арыздар олардың келу күннен бастап бір ай мерзімде Комиссиямен қаралады.

      23. Арызды қарастыруда қатысатын тұлғалар оны қарастыратын уақыты және мекен-жайы туралы Комиссиямен өз уақытында хабардар етуге тиіс. Арыз берген тұлғалар немесе қызметке арыз берілетін тұлғалар, сондай-ақ олардың өкілдіктерінің болмағаны арыз қарастырылмайды.
      Егер бір жақтың біреуі келмеген жағдайда Комиссиямен арыз сырттай қарастырылуы мүмкін.

      24. Арыздың қарастыру нәтижесі бойынша Комиссия шешім шығарады, онда Комиссиямен белгіленген арыздың қарау жағдайлары және қорытындылары баяндалады.

      25. Комиссияның шешімі шығарылу кезден арыз берген тұлғаға және қызметке арыз берілетін тұлғаға бес күн ішінде жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады