Орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізуді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 920 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3251. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің 2007 жылғы»28 желтоқсандағы N 668 бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің 2007.12.28.  N 668  Бұйрығымен.

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын  орындау үшiн және оқушылардың кәсiби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсуi және Қазақстанның музыкалық өнерiн насихаттау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Орындаушылардың республикалық конкурстарын өткiзудi ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Орта бiлiм департаментi (С. Есбосынова):
      1) бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн;
      2) осы бұйрықты облыстық және Астана, Алматы қалалары бiлiм департаменттерiнiң (басқармаларының), кәсiптiк орта бiлiм беретiн республикалық оқу орындарының назарына жеткiзсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жyктелсiн.
      4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап өз күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Бiлiм және ғылым министрiнiң 
2004 ж. 16 қарашадағы N 920  
бұйрығымен бекiтiлген     

  Орындаушылардың республикалық конкурстарын
өткiзудi ұйымдастыру туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орындаушылардың республикалық конкурстарын өткiзудi ұйымдастыру туралы ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  орындау үшiн әзiрлендi.

      2. Осы ереже Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      3. Орындаушылардың республикалық конкурстары (бұдан әрi - конкурс) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдары оқушылары арасында (бұдан әрi - қатысушы) оқушылардың кәсiби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсуi және Қазақстанның музыкалық өнерiн насихаттау мақсатында өткiзiледi.

      4. Конкурстардың негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасында музыкалық бiлiм берудi жетiлдiру және дамыту, оқудың жаңа тиiмдi әдiстемелерiн анықтау, кәсiптiк бiлiм беру деңгейiн арттыру болып табылады.

  2. Конкурстарға қатысушылар

      5. Конкурстарға қатысуға орындайтын конкурстық бағдарлама дайындаған және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының пәндiк-циклдiк комиссиясының ұсынымын алған қатысушылар жiберiледi.

      6. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшiн әрбiр номинация бойынша 2-ден аспайтын қатысушыларды ұсына алады.

      7. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша теориялық бөлiм болмаған жағдайда осы бөлiмнiң дайындық деңгейiне сай келетiн өзге бөлiмдердiң қатысушылары конкурсқа қатысуға жiберiледi.

      8. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымы концертмейстердi және бiр алып баратын оқытушыны айқындайды және iссапарға жiбередi.

      9. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жанындағы ұйымдастыру комитетi көрсеткен мерзiмде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде басылған түрде ғана осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес қабылданады.
      Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) Туу туралы куәлiктiң (немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi);
      2) 10х15 см бiр фотосурет;
      3) Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымының пәндiк-циклдiк комиссиясының ұсынымы;
      4) Tуpлap бойынша бағдарламасы.

  3. Конкурстарды өткiзу тәртiбi

      10. Конкурстар "Аспапта орындаушылық", "Ән салу", "Музыка теориясы" мамандықтары бойынша осы Ереженiң 2-қосымшаға сәйкес мамандану бағыттары кезекпен ауысып өткiзiледi.

      11. Конкурстар барлық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Конкурстар бағдарламаларына сәйкес өткiзiледi. Қатысушылардың өнер көрсету кезегi ұйымдастыру комитетi 1 турдiң алдында өткiзетiн жеребе бойынша анықталады және конкурс аяқталғанша сақталады.

      12. "Аспапта орындаушылық", "Ән салу" мамандықтары бойынша әрбiр тур мына параметрлер бойынша 25 баллдық жүйе бойынша бағаланады:
      музыкалық дарындылықтың айқындылығы -5 балл;
      орындау техникасы (тазалығы, сауаттылығы, айшықталуы) -5 балл;
      шығарманы cтильдiк айшықтау - 5 балл;
      әртiстiгi - 5 балл;
      жеке-даралығы - 5 балл.
      Екiншi турге жиынтығында кемiнде 18 балл алған қатысушылар жiберiледi.
      Үшiншi турге әрбiр аспап (дауыс) бойынша жиынтығында кемiнде 21 балл алған қатысушылар жiберiледi.

      13. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларды өзгертуге жол берiлмейдi.
      Барлық шығармалар жатқа орындалады. Әрбiр шығарма бiр рет қана орындалады.

      14. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстар нысандары мен мазмұны әртүрлі 3 турда өткізіледі.
      1) сольфеджио және гармония мамандандыруы бойынша конкурс 2 тапсырмадан тұрады: бiреуi - сольфеджиодан, екiншiсi - гармониядан.
      Қатысушылар соңына дейiн барлық турларға қатысады.
      1 тур - жазбаша жұмыс;
      2 тур - ауызша жауап;
      3 тур - есту бойына талдау, және орындау.
      Әрбiр тапсырма 10 баллдық бағалау жүйесi бойынша мына параметрлермен бағаланады:
      Бiрiншi тур екi бөлiмге бөлiнедi:
      сольфеджиодан диктант;
      гармониядан есеп.
      Сольфеджиодан диктант мына параметрлерден тұрады:
      диктантты сауатты әрi дұрыс жазу;
      жазу уақыты.
      Диктантты жатқа сақтағаны бойынша қайталаған қатысушы қосымша балл алады.
      Гармониядан есептер шығару мына параметлермен бағаланады:
      функционалды сауаттылық;
      қызықты фонизмнiң;
      мүлтiксiз дауыс меңгеру.
      Есептi 2 нұсқада шешкен қатысушы қосымша балл алады.
      Екiншi туp - парақтан оқу және секвенциядан тұрады.
      Парақтан оқу мына параметрлермен белгiлiнедi:
      мелодияны сауатты орындау;
      мәнерлеп ән салу.
      Өзiн-өзi сүйемелдеген қатысушы қосымша балл алады.
      Секвенция мына параметрлермен анықталады:
      сауатты орындау;
      адым мен бағытты таңдау;
      музыкалық сезiмталдығы.
      Ұсынылған 2 секвенцияның екiншiсiн орындаған қатысушы қосымша балл алады.
      Үшiншi тур екi бөлiмнен тұрады - есту арқылы талдау және периодты ойнау.
      Есту арқылы талдау мына параметрлермен бағаланады:
      тоналдық жоспарын есту арқылы анықтау;
      музыкалық материалдың такт бойынша аккордтық мазмұнын анықтау.
      Жатқа (алдын алу жазусыз) есту бойынша, талдау жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      Периодты ойнау мына параметрлермен бағаланады:
      ойластырылған аккордтан тыс дыбыстарды қолдана отырып, дауыстың сауатты меңгерiлуi (алдын ала берiлген басталуы мен тональдық жоспар бойынша периодты ойнау-максималды балл - 5; берiлген тоналдық жоспар бойынша өздiгiнен периодты бастап ойнау - 4; алдын ала дайындалған периодты ойнау - 3);
      стильдiк бiркелкiлiк. Периодтың жанрлық өңдеуiн жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      2) "Музыкалық әдебиет" мамандандыруы бойынша конкурс 3 турдан тұрады:
      концертке кiрiспе сөз;
      викторина;
      коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау.
      Бiрiншi тур "Концертке кiрiспе сөз" екi бөлiмнен тұрады:
      концертке кiрiспе сөздi жазба ресiмдеу (90 мин.);
      қатысушылардың ауызша сөйлеуi (5-7 мин.).
      Бiрiншi турдың бөлiмдерi 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
      Концертке кiрiспе сөздi жазба ресiмдеу мына параметрлермен бағаланады:
      баяндаудың толықтығы;
      баяндаудың логикасы;
      баяндаудың стилi.
      Ауызша сөйлеу мына параметрлермен бағаланады:
      сөйлеу мәдениетi;
      сөйлеу техникасы;
      әртiстiгi.
      Екiншi тур "Викторина" 20 нөмiрден тұрады. Бiр нөмiрдi тыңдау уақыты - 1 минут, нөмiрдi ресiмдеу - 1 минут.
      Екiншi тур 20 баллдық жүйе бойынша мына параметрлермен бағаланады:
      табылған нөмiрлерiнiң саны;
      жауаптың толықтығы (композитор, шығарма, әрекет, бөлiм, тональдығы).
      Үшiншi тур "Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау" екi бөлiмнен турады:
      коллоквиум (әңгiме түрiнде 10 сұраққа ауызша жауап беру);
      музыкалық тақырыптарды орындау. Тiзiмде кемiнде 100 нөмiр болуы керек. Қатысушы 10 тақырыпты орындауы керек.
      Үшiншi турдың әрбiр бөлiмi 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
      Коллоквиум мына параметрлермен өлшемденедi:
      материалды толық бiлуi;
      сөйлеу мәдениетi.
      Музыкалық тақырыптарды орындау келесi параметрлермен бағаланады:
      орындау сапасы (орындаудың дұрыстығы, сауаттылығы);
      орындаудың музыкалық сезiмталдығы.
      "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар бойынша максималдық баллдың қосындысы 60-қа тең.

  4. Конкурстардың қорытындыларын шығару

      15. "Аспапта орындаушылық" мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға тиiстi баллдар жинағанда мынадай орындар берiледi:
      1 орын және лауреат атағы - кемiнде 24 балл;
      2 орын және лауреат атағы - кемiнде 22 балл;
      3 орын және лауреат атағы - кемiнде 20 балл.
      Кемiнде 18 балл алған конкурстарға қатысушыларға дипломант атағы берiледi.

      16. "Музыка теориясы" мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға мыналар берiледi:
      1 орын және лауреат атағы - кемiнде 55 балл;
      2 орын және лауреат атағы - кемiнде 50 балл;
      3 орын және лауреат атағы - кемiнде 45 балл.
      Дипломант атағы кемiнде 40 балл жинаған қатысушыларға берiледi.

      17. Барлық лауреаттар ұйымдастыру комитетi конкурс аяқталған соң ұйымдастыратын қорытынды концертке қатысады.

  5. Конкурстардың ұйымдастыру комитетi мен
қазылар алқасы

      18. Конкурстардың ұйымдастыру комитетi мен қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрдiң бұйрығымен бекiтiледi.

      19. Ұйымдастыру комитетi конкурстың материалдарын дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне бекiтуге ұсынады.

      20. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстың өнер көрсетулерiн бағалайды, конкурстық тапсырмалар аяқталған соң нәтижелердi хабарлайды. Қазылар алқасының шешiмi соңғы болып табылады және қайта қаралмайды.

      21. Қазылар алқасының мүшесi қазiргi уақытта өзi оқытып жүрген қатысушылардың кандидатурасы бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi дауыс болып табылады.

      22. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлiгiне баға бередi, оларға бiрiншi, екiншi және үшiншi орын бередi, оларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Қазылар алқасы барлық орындарды бермеуге құқығы бар.

                                  Орындаушылардың республикалық
                                конкурстарын өткiзудi ұйымдастыру
                                     туралы ережеге 1-қосымша

                            ӨТIНIМ

Мамандық__________________________________________________________
Мамандану_________________________________________________________
Қатысушының аты-жөнi______________________________________________
__________________________________________________________________
Жынысы____________________________________________________________
Туған жерi мен күнi_______________________________________________
__________________________________________________________________
Оқу орнының аты, курс_____________________________________________
Мұғалiмнiң аты-жөнi_______________________________________________
__________________________________________________________________
Концермейстердiң аты-жөнi_________________________________________
__________________________________________________________________
Алып жүретiн адамның аты-жөнi_____________________________________
Мекен-жайы________________________________________________________
__________________________________________________________________
Телефон нөмiрi, факс______________________________________________
Код_______________________________________________________________
Өтiнiштi толтырған күнi___________________________________________
Қолы______________________________________________________________
Оқу орны басшының аты-жөнi _______________________________________
__________________________________________________________________

      MО        Қолы

      Ескерту: "Менiң репертуарым" (1, 2, 3-кезең)

                                  Орындаушылардың республикалық
                                конкурстарын өткiзудi ұйымдастыру
                                     туралы ережеге 2-қосымша

__________________________________________________________________
          1-шi жылы           |         2-шi жылы
__________________________________________________________________
"Аспапта орындаушылық":           "Аспапта орындаушылық":
1) үрлемелi ағаш аспаптар         1) фортепиано;
(флейта, гобой, кларнет,          2) скрипка, альт, виолончель,
фагот, саксофон-альт,             контрабас.
саксофон-тенор);                  "Ән салу" дауыс бойынша:
2) үрлемелi мыс аспаптар          1) сопрано;
(валторна, таба, тромбон,         2) меццо сопрано;
труба), ұрмалы аспаптар;          3) тенор;
3) қазақ халық аспаптары          4) баритон;
(домбыра, шертер, қобыз,          5) бас.
қыл-қобыз);                       "Теориялық музыка" кезекпен
4) орыс халық аспаптары           ауысып:
(баян, аккордеон,                 1) музыкалық әдебиет (бiрiншi 
гитара, домбыра-прима,            жылы);
домбыра-бас).                     2) гармония және сольфеджио
                                  (екiншi жылы).
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады