Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 18 қарашадаға N 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3256. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 233 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.04.06 N 233 бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесі бекітілсін.
      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы (Мұсабаев Қ.Ш.) осы бұйрықты облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасының орынбасары Н.А.Хадыркеевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігі  
Орман және аңшылық комитетінің 
2004 жылғы 18 қарашадағы    
N 245 бұйрығымен бекітілген  

  Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге де су
жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық
негіздеме әзірлеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге де су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін (балықтан және өзге де су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме (бұдан әрі - Биологиялық негіздеме) әзірлеудің тәртібін айқындайды.

      2. Биологиялық негіздеме - жануарлар дүниесін пайдалануға немесе жануарлар дүниесі объектілері мен олар мекендейтін ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге қызметке ғылыми негізделген қорытынды.

      3. Биологиялық негіздеме әзірлеу мынадай жағдайлар мен мақсаттарда жүзеге асырылады:
      1) жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды жануарлар дүниесінің бір санатынан басқасына көшіру;
      2) жануарларды алудың жол берілетін шекті көлемін айқындау;
      3) жануарлардың санын реттеу;
      4) жануарларды интродукциялау және будандастыру;
      5) шаруашылық және өзге қызметтің жануарлар мен олар мекендейтін ортаға әсерін айқындау.

  2. Биологиялық негіздеме әзірлеу

      4. Биологиялық негіздеме жануарлардың өткен жылғы санын есепке алу, жануарлар дүниесі объектілерінің, олар мекендейтін ортаның мониторингі және басқа ғылыми зерттеулер материалдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдалану жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттардың негізінде әзірленеді.

      5. Биологиялық негіздемеде мынадай мәліметтер:
      1) Биологиялық негіздеме әзірлеудің мақсаты;
      2) жануарлар дүниесі объектілерінің атауы және олардың санаты;
      3) жануарлар дүниесінің объектілері туралы жалпы мәліметтер (таралу аймағы, санының динамикасы, биологиясының негізгі ерекшеліктері);
      4) биологиялық негіздеме әзірленуге арналған аумақ (акватория);
      5) жануарлар дүниесі объектілерінің өткен жылғы жай-күйі туралы мәліметтер (есептік саны, қоныстану тығыздығы, орташа өнімділік пен табиғи өсімді молайтуға қабілеттілік, тұяқты және ірі жыртқыш жануарлар үшін - таралымның жыныстық-жастық құрамы);
      6) есепке алу тәсілдері, есепке алу қамтылған алаң және есептеу әдістемесі;
      7) мекендейтін ортаның жай-күйі туралы ақпарат;
      8) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану туралы мәліметтер;
      9) болжамды алу (әсер ету) дәрежесі және оның жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйіне әсер етуін болжау;
      10) жануарлар таралымының орнықты жай-күйі және жол берілетін оларды алу нормативтерінің бар-жоғы;
      11) Биологиялық негіздеменің мақсаттарын негіздеу үшін қажет басқа да мәліметтер көрсетіледі.
      Қажет болған кезде Биологиялық негіздемеге диаграммалар, кестелер, карта-схемалар және басқа анықтамалық-ақпараттық материалдар қоса тіркеледі.

      6. Биологиялық негіздемені әзірлеуді қажет болған кезде осындай жұмыстар орындауға қажетті білімі мен тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдардың мамандарын тарта отырып, жануарлар дүниесін пайдаланушы жүзеге асырады.

      7. Биологиялық негіздеме жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - Уәкілетті орган) ұсынылады.

  3. Биологиялық негіздемені оның мақсаттарына
және жануарлар дүниесінің санаттарына орай әзірлеу
ерекшеліктері

      8. Биологиялық негіздемені жануарлар дүниесінің санатына орай әзірлеген кезде осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай қосымша мәліметтер келтіріледі:
      1) "жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері" - саны, зерделену дәрежесі жөніндегі көп жылғы деректер;
      2) "аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері" - аңшылық алқаптары туралы ақпарат (аңшылық шаруашылығының санаты, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың түрі, аңшылық алқаптардың резервтік қоры), объектінің шаруашылық мәні, пайдалану түрі (кәсіпшілік, спорттық-әуесқойлық, коллекциялық және ғылыми мақсаттарда) және аңшылық алқаптардың сыйымдылығы (жемшөптік, ұялық, қорғау факторлары);
      3) "аң аулау мен балық аулауды қоспағанда, жануарлардың басқа да шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын түрлері" - объектінің шаруашылық мәні және таралымның лимиттелу факторының болу-болмауы;
      4) "халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылық және басқа үй жануарларының ауруларынан сақтану, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылық қызметіне елеулі зиян келтірілу қаупін ескерту мақсатында реттелуге жататын жануарлардың түрлері" - объектінің шаруашылық мәні, зиян келтірудің ықтимал дәрежесі, келтірілген зиян.

      9. Аулау объектілері болып табылатын жануарларды пайдалануға Биологиялық негіздеме әзірлеген кезде жануарларды алудың жол берілетін шекті көлемін айқындау үшін таралымның өсімін болжау әдісі пайдаланылады. Кейіннен әрбір жекелеген аңшылық шаруашылығында жануарларды аулаудың көлемін кәсіпшілік қарсаңындағы есепке алу, климаттық және әлеуметтік фактор деректеріне арналған түзетумен өзгерту қажет.

      10. Арнайы пайдалану кезінде жануарларды алудың жол берілетін шекті көлемін есептеу әрбір аудан мен жануарлар дүниесін пайдаланушы үшін биологиялық сан алуандыққа, орман мен ауыл шаруашылығына ықтимал зиянды ескере отырып, таралымның динамикасы мен мекендеу ортасының өзгеру үрдісін зерделеудің объективті көп жылдық деректері негізінде бөлек жүргізіледі.

      11. Интродукция мен будандастыруға Биологиялық негіздеме әзірлеген кезде оның мақсаттары көрсетіледі, түрдің өткен және қазіргі таралу аймағы, интродукция аумағында мекендейтін басқа түрлермен ықтимал өзара қатынас, интродукцияланатын түрлермен өзара әсерді болжау, аумақтың табиғат қорғау мәртебесі, жер иеленушілермен және жер пайдаланушылармен келісу туралы мәліметтер келтіріледі.

      12. Шаруашылық және өзге қызметтің жануарлар дүниесі объектілері мен олар мекендейтін ортаға әсерін айқындаған кезде мекендейтін ортаның болжамды сипаты мен өзгеру дәрежесі, әсер ету мерзімі, теріс әсерді азайту үшін ұсынылып отырған өтемақы шаралары, әрқилы түрлер мен түрлердің жүйелік топтарына әсерді сараптамалық бағалау туралы мәліметтер келтіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады