Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлерін лицензиялау жөніндегі құжаттарды ресімдеу мен есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 4 қарашадағы N 230-п, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Төрағасының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 162-п бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3264. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының м.а. 2009 жылдың 8 шілдедегі N 54-п бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының  м.а. 2009.08.01 N 54-п бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 76 тармағына сәйкес бұйырамыз:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлерін лицензиялау жөніндегі құжаттарды ресімдеу мен есепке алу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы                    Энергетика және минералдық
      министрлігі Су ресурстары           ресурстар министрлігі
      жөніндегі комитет                   Геология және жер
      төрағасының міндетін                қойнауын пайдалану
      атқарушы                            комитетінің төрағасы

"Қазақстан Республикасында арнайы  
су пайдалану жөніндегі қызметтің  
түрлерін лицензиялау жөніндегі   
құжаттарды ресімдеу мен есепке алу 
туралы нұсқаулықты бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы Ауыл     
шаруашылығы министрлігі Су     
ресурстары жөніндегі комитеті   
Төрағасының 2004 жылғы 4 қарашадағы 
N 230-п Қазақстан Республикасы  
Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі Геология және жер қойнауын
пайдалану комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 162-п
бірлескен бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану
жөніндегі қызметтің түрлерін лицензиялау жөніндегі
құжаттарды ресімдеу мен есепке алу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық:
      1) Қазақстан Республикасының Су кодексіне (әрі қарай - Кодекс);
      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне ;
      3) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" заңына ;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 84 "Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" қаулысына (әрі қарай - Ереже);
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 130 қаулысымен бекітілген "Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарының ережесін бекіту туралы" қаулысына;

      2. Нұсқаулықпен арнайы су пайдалану қызметінің түрлерін лицензиялау жөніндегі құжаттарды ресімдеу мен есепке алудың ерекшеліктері қарастырылған.

      3. Қазақстан Республикасының Су кодексінің 66-бабының 1-тармағына сәйкес, халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттерін, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптің, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті су объектілеріне ағызу үшін құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып немесе алмай қолдана отырып су объектісінен жер үсті мен жер асты су ресурстарын тікелей пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.

      4. Кодекстің 66-бабының 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      5. Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия (әрі қарай - Лицензия), су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық органдарымен (әрі қарай - лицензиар) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

      6. Азаматқа немесе заңды тұлғаға құзіретті мемлекеттік органмен қызметтің белгіленген түрімен немесе белгіленген әрекеттермен айналысуға берілетін рұқсат лицензия болып табылады. Арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне арналған лицензия, су пайдаланудың жағдайларын, арнайы су пайдалану жөніндегі қызметті бастау мен аяқтау уақыттарын анықтайды.
      Жер үстілік су көздерінде әр түрлі гидрологиялық режим болғандықтан және олардан су алу бекітілген режимді сақтау бойынша лимиттер негізінде жүргізілетіндіктен, арнайы су пайдалану жөніндегі қызмет түрлеріне арналған барлық лицензиялар белгілі аумақпен суларды алу көлемімен шектелген түрде беріледі.

      7. Заңды және жеке тұлғаларға жер беті су объектілерінен су алуға және пайдалануға лицензия Ереженің 6 және 7-тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес беріледі.

      8. Лицензия арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің мынадай түрлеріне беріледі:
      1) ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің қажеттіктері үшін жер беті су объектілерінен тәулігіне елу текше метрден асатын көлемде су алғанда және пайдаланғанда;
      2) жер беті су объектілерінен екінші су пайдаланушыға су алғанда және бергенде.

      9. Заңды және жеке тұлғаларға лицензия Ереженің 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдармен су пайдалану шарттары келісілгеннен кейін беріледі.

      10. Лицензияны ресімдеу үшін өтінішкер лицензиарға су объектісінің атауы, су алатын орындар және жағрапиялық координаттары көрсетілген (осы Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалар), бекітілген нысандағы өтінімді, (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша), Ереженің 8, 9, 10 және 11-тармақтарында келтірілген құжаттарды қоса ұсынады.

      11. Өзен ағынын алабаралық үлестіретін ірі су шаруашылық жүйелері (өзендерге теңдестірілген каналдар) үшін арнайы су пайдалануға лицензия осы ғимараттарды пайдаланушы кәсіпорынға, сондай-ақ, жүйеден су алатын су пайдаланушыларға да беріледі.

      12. Жер беті су көздерінен және тұрғылықты халықты ауыз-сумен қамту қажеттіктері үшін су алуды жүзеге асырушы кәсіпорындар, екінші су пайдаланушылар үшін жер үсті су объектілерінен су алу мен беруге арнайы су пайдалануға лицензияны рәсімдейді.

      13. Жаңадан салынып жатқан және қайта құрылған кәсіпорындар, құрылымдар және объектілер үшін арнайы су пайдалану қызметтерінің түрлері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 130 қаулысымен бекітілген "Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарының ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес жүргізіледі.

      14. Бастапқы су пайдаланушыға жеке немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінде арнайы су пайдалану осы су объектілері жеке және бірлесіп пайдалануға берілген су пайдаланушылардың келісімі бойынша рұқсат етіледі.

      15. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілері Кодекстің 70-бабына сәйкес мерзімдерге беріледі. Су пайдалану лицензия алған күннен бастап есептеледі.
      Лицензияның қолдану мерзімін ұзартуды, мемлекеттік қадағалау органдарымен келісім бойынша, лицензияны берген орган жүргізеді. Мерзім ұзартылған кезде бұрын берілген лицензияда (рұқсатта) белгіленген су пайдалану шарттарының орындалуына тексеру жүргізіледі. Мерзімді ұзарту туралы мәселені шешу арнайы су пайдалануға келісу және лицензия алу үшін табыс етілген материалдар негізінде жүргізіледі.

      16. Лицензияны ресімдеуге қажетті материалдар қағаз және электрондық нұсқаларда мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде басылады, текстер 14 көлемдегі шрифтпен (мемлекеттік тілдегі текстер үшін "KZ Times New Roman" типті шрифтер, орыс тіліндегі текстер үшін - "Times New Roman" басылады, ал су объектісінің жағдайлық жобасы шешілуі бір дюймге 300 пиксельден келетін, файлдың көлемі 500 Кб аспайтын .bmp,.gif,.ipg,.tif, форматтарда) тапсырылады. Су алатын ғимараттар ұзақ жерде орналасқанда, бұл объектілер бойынша жағдайлық сұлба бөлек тапсырылады.

      17. Лицензияның түпнұсқасы су пайдаланушыға беріледі, көшірмесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінде немесе оның аймақтық бөлімдерінде сақталады.

      18. Жеке және заңды тұлғаларға лицензия бір айдан кем емес мерзімде, ал, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - барлық қажетті құжаттарымен өтінім берілген күннен бастап, он күннен кем емес мерзімде беріледі. Лицензияның нысандары осы нұсқаулықтың 4 және 5 қосымшаларында келтірілген. Су пайдалану жағдайлары Лицензияға қоса берілетін қосымшаларда келтіріледі және оның бөлінбейтін бөлігі болып табылады (осы нұсқаулыққа 6-қосымша).

      19. Лицензиар су пайдаланушылардың есебін және берілген лицензияларға тіркеу жүргізеді.
      Мемлекеттік орган су пайдалануды есептеу және жедел басқару мақсатында арнайы су пайдалану жөніндегі барлық ақпаратты автоматтандырылған деректер банкіне енгізеді.

                              Қазақстан Республикасында арнайы
                               су пайдалану жөніндегі қызметтің
                                түрлерін лицензиялау жөніндегі  
                                құжаттарды ресімдеу мен есепке  
                               алу туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

___________________________________________________________________
                (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
                    (заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІМ

___________________________________________________________________
     (суы алынатын және/немесе пайдаланылатын су көзінің атауы)

____________________арнайы су пайдалануға жүзеге асыруға лицензия
беруіңізді өтінемін.

Су алынатын орын___________________________________________________
           (гидротехникалық ғимараттың орналасқан жері көрсетілсін)
Жер үсті суын алатын орынның жағдайлық сұлбасы
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны __________________________________________________
2. Құрылған жылы___________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлік ___________________________________________
                         (N, кіммен және қашан берілді)
4. Мекен-жайы _____________________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің N, телефон, факс)
___________________________________________________________________

5. Есеп-шоты ______________________________________________________
                (шоттың N, банктің атауы мен тұрған жері, СТТН)
6. Филиалдары, өкілдіктері ________________________________________
                               (тұрған жері мен реквизиттері)
7. Тапсырылатын құжаттар:
___________________________________________________________________
           (Ереженің 8, 9, 10 және 11 тармақтарына сәйкес)
___________________________________________________________________

Басшы __________________     ______________________________________
            (қолы)               (тегі, есімі, әкесінің есімі)

Мөрдің орны
"___"______________20__ ж.

Мәлімдеме қарауға алынды "____"____________20__ж.
___________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, есімі,
әкесінің есімі)

                                Қазақстан Республикасында арнайы
                                су пайдалану жөніндегі қызметтің
                                 түрлерін лицензиялау жөніндегі  
                                 құжаттарды ресімдеу мен есепке  
                                алу туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

___________________________________________________________________
              (лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
          (жеке тұлғаның толық тегі, есімі, әкесінің есімі)

ӨТІНІМ

___________________________________________________________________
    (суы алынатын және/немесе пайдаланылатын су көзінің атауы)
____________________арнайы су пайдалануға жүзеге асыруға лицензия
беруіңізді өтінемін.
Су алынатын орын  _________________________________________________
          (гидротехникалық ғимараттың орналасқан жері көрсетілсін)
Жер үсті суын алатын орынның жағдайлық сұлбасы
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы _____________________________________________________
2. Құжаттық деректері______________________________________________
                        (сериясы, N, кіммен және қашан берілді)
3. Білімі _________________________________________________________
      (мамандығы болса, дипломның (өзге құжаттың) N, оқу орнының
атауы, бітірген жылы)
___________________________________________________________________
4. Шаруашылық субъекті тіркеу туралы куәлік (қажет болған
жағдайда)__________________________________________________________
___________________________________________________________________
               (N, кіммен және қашан берілді)
5. Мекен-жайы _____________________________________________________
6. Жұмыс орны _____________________________________________________
7. Есеп-шоты (егер болса) _________________________________________
                         (шоттың N, банктің атауы мен тұрған жері)
8. Тапсырылған құжаттар: __________________________________________
                 (Ереженің 8, 9, 10 және 11 тармақтарына сәйкес)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
          (қолы)                   (тегі, есімі, әкесінің есімі)

"___"______________20__ ж.

Мәлімдеме қарауға алынды "____"____________20__ж.
___________________________________________________________________
   (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, есімі,
әкесінің есімі)

                               Қазақстан Республикасында арнайы
                               су пайдалану жөніндегі қызметтің
                                түрлерін лицензиялау жөніндегі  
                                құжаттарды ресімдеу мен есепке  
                               алу туралы нұсқаулыққа 3-қосымша

                                 Жер беті суын алатын орынның    
                                      ЖАҒДАЙЛЫҚ СҰЛБАСЫ         
                                        МАСШТАБЫ 1: ...          
                                        (келтірілген)            

және оның жағрафиялық координаттарымен (қажет болса тікбұрышты координаттарда)
__________________________________
нүктелердің  |  координаттар     |
  NN         |___________________|
             | бойлық  | ендік   |
_________________________________|

Жағдайлық сұлбада көрсетілген, бұрыштық нүктелері бар жерлік
бұрманың алаңы ___________________________гектарды (км 2 ) құрайды.

                                Қазақстан Республикасында арнайы
                                су пайдалану жөніндегі қызметтің
                                 түрлерін лицензиялау жөніндегі  
                                 құжаттарды ресімдеу мен есепке  
                                алу туралы нұсқаулыққа 4-қосымша

                   МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ

___________________________________________________________ берілді
                   (заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________________________________айналысуға
                     (қызмет түрінің атауы)
     Лицензия бір жолғы болып есептеледі, cуды алудың және/немесе
пайдаланудың көлемдері және Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
шектеу қосымшада көрсетілген.
     Филиалдары, өкілдіктері_____________________________________
                                (тұрған жері, реквизиттері)
     Лицензияны берген орган_____________________________________
                             (лицензиялаушы органның толық атауы)
     Басшы (уәкілетті тұлға) ____________________________________
__________________________________________________________________
(лицензияны берген орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) тегі мен
инициалдары)

      Лицензияның берілген уақыты "___"_____________20__ж.

      Лицензияның реттік саны______________N__________________

      _______________________ қаласы.

                                  Қазақстан Республикасында арнайы
                                  су пайдалану жөніндегі қызметтің
                                   түрлерін лицензиялау жөніндегі  
                                   құжаттарды ресімдеу мен есепке  
                                  алу туралы нұсқаулыққа 5-қосымша

                   МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
                          (патент)

___________________________________________________________ берілді
        (жеке тұлғаның тегі, есімі, әкесінің есімі)
_________________________________________________________айналысуға
                     (қызмет түрінің атауы)
 
      Лицензия бір жолғы болып есептеледі, суды алудың және/немесе
пайдаланудың көлемдері және Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
шектеу қосымшада көрсетілген.

      Лицензияны берген орган_____________________________________
                               (лицензиялаушы органның толық атауы)
      Басшы (уәкілетті тұлға) ____________________________________
__________________________________________________________________
(лицензияны берген орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) тегі мен
инициалдары)

      Лицензияның берілген уақыты "___"_____________20__ж.

      Лицензияның реттік саны______________N_____________

      _______________________қаласы.

                               Қазақстан Республикасында арнайы
                               су пайдалану жөніндегі қызметтің
                                түрлерін лицензиялау жөніндегі  
                                құжаттарды ресімдеу мен есепке  
                               алу туралы нұсқаулыққа 6-қосымша

Арнайы су пайдалану қызметі түріне берілген N_____
20__ жылғы "__" ___________ Лицензияға қосымша

      Су пайдаланушының реквизиттері:

1. Су пайдаланушының атауы және оның кодтары ______________________
2. Жоғары тұрған ұйымның атауы, министрліктің, ведомствоның (заңды
тұлғалар үшін) кодтары_____________________________________________
3. Су пайдалану үшін жауапты лауазымды адамның пошталық мекен-жайы
мен телефоны, аумақтың коды________________________________________
4. Су пайдаланудың сипаттамасы:
1) таза судың өнім бірлігіне жұмсалатын үлес шығыны _______________
2) су алатын орында балыққорғау құрылғысының болуы және оның
түрі _____________________
3) су шаруашылық ғимараттарының, бөгендердің пайдалану режимі, сал
ағызудың шарттары және т.б.________________________________________
Мына шарттар орындалған ретте су пайдалануға рұқсат беріледі:
1) жер беті су объектілерінен, осыдан көп емес мөлшерде таза су алу
(мың текше м/жыл, текше м/тәулік, текше м/с)_______________________
2) екінші су пайдаланушыға жер беті су объектілерінен таза су алу
(мың текше м/жыл, текше м/тәулік, текше м/с)_______________________
3) су аз жылдары су тұтынудың мүмкін болатын шектеулері (мың текше
м/жыл, текше м/тәулік, текше м/с)__________________________________
4) айналма және қайтара пайдаланылатын сулар (мың текше м/жыл, текше
м/тәулік, текше м/с)_______________________________________________
5) басқа кәсіпорындар мен мекемелерге берілетін сулар (мың текше
м/жыл, текше м/тәулік, текше м/с)__________________________________
6) маусымдық (ай бойынша) сутұтыну (мың текше м/жыл, текше
м/тәулік, текше м/с)_______________________________________________
7) санитарлық-қорғау аймақтарын, режимдік желіні ұйымдастыруға,
шығын-өлшеу аппаратурасына және т.б. қойылатын талаптар (рұқсат
беруші органдар толтырады)________
8) су алуға қойылатын қосымша шарттар мен талаптар_________________
(су объектісінің жай-күйіне әсер ететін әрбір жекеленген техникалық
ғимараттар мен құрылғылар (су алу) бойынша толтырылады).

      Су ресурстары жөніндегі комитеттің
      Су ресурстарын пайдаланумен реттеу
      және қорғау басқармасы (Алабтық су
      шаруашылық басқармасы) бастығы  _____________________________
                                       (лауазымы мен қол таңбасы)

      "___" ____________ 20__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады