Кеме капитанына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 19 қарашадағы N 416-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3271. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кеме капитанына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж. Қошановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

"Кеме капитанына қойылатын   
біліктілік талаптарын бекіту  
туралы" Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар   
министрінің 2004 жылғы      
19 қарашадағы N 416-І      
бұйрығымен бекітілген      

Кеме капитанына қойылатын біліктілік талаптары

      Кеме капитанына қойылатын біліктілік талаптарына мыналар кіреді:
      Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті берген белгіленген үлгідегі кеме капитанының дипломы;
      Өзен кемелерінде капитанның аға көмекшісі лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
      Кеме капитаны болып жұмыс істеуге денсаулығының жай-күйі бойынша жарамдылығы туралы тиісті медициналық комиссияның қорытындысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады