Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.11.29. N 583 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 22 қазандағы N 319-ө
өкiмiн
орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (К.Құрманәлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 18 қарашадағы
N 946 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік
жұмысты ұйымдастыру ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Осы ереже бiлiм беру ұйымдарында жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-әдiстемелiк жұмыстарды реттейдi.
3. Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
оқу-әдiстемелiк жұмыс - бiлiмдiк процесiнiң оқытушылық, тәрбиелiк және дамушылық мақсаттарға жеткiзу үшiн, оны психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдiстемелiк және оқу-материалдық нысандармен қамтамасыз етудiң беру ұйымдарының қызметi;
әдiскер - оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарды орындаушы бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерi;
әдiстемелiк (оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк) кеңес - бiлiм беру ұйымын оқу-әдiстемелiк жұмысын алқалық басқарудың нысаны;
оқу (оқу-әдiстемелiк) жұмысы жөнiндегi бiлiм беру ұйымы жетекшiсiнiң орынбасары - бiлiм беру ұйымының оқу-әдiстемелiк жұмысын тiкелей басқарушы жетекшiнiң лауазымы;
оқу-әдiстемелiк басқарма (орталық, бөлiм, кабинет) - бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты жүзеге асырушы құрылымдық бөлiмшелер;
оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер - әр түрлi деңгейдегi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi ұсыныстар мен ұсымдарды енгiзу үшiн салалық (мамандық топтары, пәндер), аумақтық белгiлерi бойынша бiлiм процесi субъектiлерiнiң бiрiгуi.
4. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-әдiстемелiк жұмыстың мiндеттерi:
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруды ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
бiлiм беру процесiнiң қолданыстағы технологиялары, әдiстерi, құралдары мен нысандарын әзiрлеу, енгiзу және жетiлдiру;
педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн және кәсiби шеберлiгiн арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдiстемелiк мүмкiндiгiн жетiлдiру.
5. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-әдiстемелiк жұмыс (бұдан әрi - оқу-әдiстемелiк жұмыс) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-әдiстемелiк
жұмыстың мазмұны
6. Жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-әдiстемелiк жұмысқа мынадай бағыттар кiредi:
1) ғылымның теориялық, әдiснамалық негiздерiн, педагогика мен психологияның жетiстiктерiн, дүниетанымын, өзiндiк жұмыс, өзiндiк бiлiм, бiлiк және дағдыны, қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық белсендiлiктi дамытатын тиiмдi әдiстердi игеру;
2) бiлiм беру саласындағы нормативтiк құжаттармен танысу;
3) оқытудың, сыныптан тыс, мектептен тыс пәндiк және тәрбие жұмыстарының, түрлi нысандары мен түрлерiн шығармашылық түрде меңгеру және зерделеу;
4) үздiк, жаңашыл тәжiрибемен және оның идеяларын шығармашылықпен пайдалану, қызметтерiмен және менеджменттiң прогресивтi идеяларымен, иновацияларымен танысу;
5) оқу-тәрбие процесiн жетiлдiруге және бiлiм беру ұйымының педагогтарына практикалық көмек көрсетуге, бағытталған әдiстемелiк жұмыстың әр түрлi нысандарын дайындау және өткiзу;
6) оқыту сапасын, оқыту жетiстiктерiнiң деңгейiн, оқушылардың тәрбиесiн талдау;
7) педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестiрiмен аттестаттау рәсiмiне белсендi қатысу;
8) әдiстемелiк өнiмдi әзiрлеу және шығару;
7. Кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-әдiстемелiк жұмыс мынадай бағыттардан тұрады:
1) нормативтiк құқықтық құжаттарды, бiлiм берудi басқару органдарының ұсынымдарын, оқу-бағдарламалық құжаттарды зерттеу және талдауды ұйымдастыру, оларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу;
2) оқу орындарында мақұлдаудан өткiзу үшiн ұсынылған авторлық бағдарламаларды талқылау;
3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсiптер тiзбесiн өзгерту бойынша ұсыныстар енгiзу;
4) ағымдық, аралық қорытынды бақылауды талқылау; бiлiм алушылардың бiлiмнiң, дағды сапасын талдау және нәтижелердi жақсарту жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
5) педагогикалық тәлiмгерлiктi ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастап жатқан педагогикалық қызметкерлер мен өндiрiстiк оқыту шеберлерiне оқу сабақтары мен сабақтан тыс iс-шараларды дайындау мен өткiзуде көмек көрсету;
6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткiзу және оларды талқылау; ғылым және техника жетiстiктерiн, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжiрибенi және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, сұрыптау және енгiзу;
7) пәндер мен кәсiптер бойынша конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;
8) педагогикалық, ғылыми, әдiстемелiк әдебиеттерге, рефераттарға, әдiстемелiк әзiрлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;
9) ынтымақтастық педагогикасы, өзiн-өзi басқару жөнiндей жұмыстарды жетiлдiру, оқу-тәрбие процесiнiң жақсаруына және еңбектi ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектiң тиiмдi нысандарын кеңiнен қолдануға бiлiм алушыларды тарту.
8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалар iске асыратын бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-әдiстемелiк жұмыс мынадай бағыттардан тұрады:
1) нормативтiк құқықтық құжаттарды, кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының жiктеуiшiн, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
2) оқу процесiне қазiргi оқу-әдiстемелiк және дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерiн бағдарламалық қамтамасыз етудi, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн, ақпараттық кiтапханалық жүйелерiн енгiзу;
3) оқу жұмыс, күнтiзбелiк және сабақ жоспарларын, оқу жұмыс бағдарламаларын әзiрлеу, типтiк оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;
4) оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, оқу-әдiстемелiк құралдар, оның iшiнде электрондық тасымалдағыш құралдары мен дидактикалық материалдарды әзiрлеу;
5) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибе мен бiлiм берудi ақпараттандыруды қорыту және тарату жөнiндегi iс-шараларды өткiзу;
6) дидактикалық-әдiстемелiк, оқу материалдық оқыту құралдарын дайындау және енгiзу;
7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдiстемелiк құжаттар әзiрлеу және енгiзу;
8) мәндес мамандықтар бойынша бiлiм беру бағдарламаларын бiрыңғайландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу;
9) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын мемлекеттiк жалпыға бiрдей бiлiм беру стандарттарының талаптарын ескере отырып сараптау;
10) бiлiм алушылардың ағымдық үлгерiмiне арналған оқу-әдiстемелiк жұмыстың ұйымдастырылуының әсерiн талдау;
11) тест тапсырмалары мен бiлiм алушылардың бiлiмiн бақылаудың басқа да нысандарын әзiрлеу және сараптау;
12) бiлiм беру процесiн оқу әдебиеттерiмен және әдiстемелiк әзiрлемелермен қамсыздандыру мониторингiн жүзеге асыру;
13) бiлiм алушылардың өзiндiк жұмысын әдiстемелiк қамтамасыз етудi әзiрлеу;
14) оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердiң және оқу-әдiстемелiк құралдардың сапасына талдауын жүргiзу;
15) оқыту сапасын, бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн талдау;
16) оқу-әдiстемелiк жұмысты жетiлдiру бойынша семинарлар, конференциялар, отырыстар ұйымдастыру және жүргiзу;
17) бiлiм алушылардың әр жылғы контингентiн олардың бейiнiн, дайындық деңгейiн және мүмкiндiктерiн ескере отырып, құру жұмысын әдiстемелiк қамтамасыз етудi әзiрлеу;
18) жүргiзiлiп жатқан және келешектегi даярлау бағыттары мамандар бойынша мұқтаждығын болжау үшiн деректер базасын құру мақсатында маркетингтiк зерттеулердi ұйымдастыру;
19) бiтiрушiлердi жұмыспен және оқу орнын бiтiргеннен соң оқу мен қамту жөнiндегi әдiстемелiк қамтамасыз етудi әзiрлеу (мамандарға сұранысты зерттеу, бiтiрушiлердi сауалнамадан өткiзу, кәсiпорындармен байланыс жасау, бiтiрушiлердi бөлу картасын құру, бiтiрушiлер жәрмеңкесiн ұйымдастыру);
20) бiлiм беру процессiн келешектегi демографиялық, экономикалық және салалық ахуалды ескере отырып өңiрлер бойынша және жалпы ел бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;
21) оқытудың барлық деңгейiнде мемлекеттiк, орыс және шет тiлдерiн оқыту жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
3. Бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық бөлiмшелерiндегi
оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру
9. Оқу-әдiстемелiк жұмыс оқу процесiн, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру (кафедраларда, бөлiмшелерде, факультеттерде, филиалдарда) бағдарламаларын iске асыратын және үйлестiретiн барлық құрылымдық бөлiмшелерде жүзеге асырылады.
10. Мамандандырылған құрылымдық бөлiмше оқу-әдiстемелiк жұмысты бiлiм беру ұйымдарының жарғысымен қарастырылған, тәртiппен бекiтiлген осы Ереженiң негiзiнде жүзеге асырады.
11. Оқу-әдiстемелiк жұмыс жөнiндегi мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерi әдiскерлер болып табылады, олардың санын мамандықтардың санына қарай аталған жоғары оқу орындарының мамандануына, сондай-ақ бiлiм алушылар мен оқытушылардың санына қарай бiлiм беру ұйымының кеңсесiмен белгiленедi.
12. Мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелер мынадай оқу-әдiстемелiк жұмыстарды жүзеге асырады:
1) кафедралардың бөлiмдердiң, факультеттердiң оқу-әдiстемелiк жұмысына басшылық жасау;
2) оқу-әдiстемелiк жұмыстар бойынша нормативтi-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға әдiстемелiк кеңестердiң қарауы үшiн ұсынымдар;
3) оқу-тәрбие процесiнiң, әдiстемелiк жұмыстың жай-күйiн талдау және оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар айту;
4) оқу-әдiстемелiк өнiмдердiң баспадан шығарылуына және таратылуына талдау және ұсыныс жасау.
13. Оқу-әдiстемелiк жұмысты алқалық басқару бiлiм беру саласындағы және осы Ережелер аумағында ҚР орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
14. Жалпы орта бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-әдiстемелiк жұмысына басшылықты жергiлiктi бiлiм берудi басқару ұйымының әдiстемелiк кабинетi жүзеге асырады.
15. Бiлiм беру ұйымының оқу-әдiстемелiк жұмысын тiкелей басшылықты бiлiм беру ұйымы басшысының оқу-әдiстемелiк жұмысы жөнiндегi орынбасары жүзеге асырады.
16. Құрылымдық бөлiмшелердiң оқу-әдiстемелiк жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкiлеттi органдар және тиiстi әдiстемелiк кеңестерi (оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк) жүзеге асырады. Құрылымдық бөлiмшелердiң әдiстемелiк кеңесiнiң құрылу тәртiбi мен қызметi, құрамы мен өкiлеттiлiгi бiлiм беру ұйымының кеңесiмен анықталады.
17. Ұжымдық әдiстемелiк жұмыстың нысаны болып пәндiк және циклдiк комиссиялар, озық тәжiрибелi мектептер, нұсқаулық-әдiстемелiк мәжiлiстер, семинарлар, дәрiстер, практикалық сабақтары және конференциялар болып табылады.
18. Әдiстемелiк пәндiк және циклдiк комиссиялар үш және одан да көп арнайы және жалпы бiлiм беретiн пәндер оқытушылары, мамандықтар бойынша өндiрiстiк оқыту шеберлерi болған жағдайда құрылады.
Әдiстемелiк комиссияны құру үшiн оқытушылар саны жетiспеген жағдайда бiлiм беру ұйымының басшылығы бiрнеше аудандар мен қалалардың бiлiм беру ұйымдарының тиiстi пәндерi (мамандықтары) бойынша педагог қызметкерлердi бiрiктiретiн комиссияны жұмысқа тартуы қажет.
19. Әдiстемелiк комиссияға басшылықты өндiрiстiк оқытудың шеберлерi мен аса тәжiрибелi оқытушылардың арасынан таңдап алынған төрағалар жүзеге асырады. Әдiстемелiк комиссиялардың жұмысына ғылыми мекемелердiң ғылыми және педагог қызметкерлерi, кәсiпорындардың мамандары тартылады.
20. Оқу-әдiстемелiк құжаттама бiлiм беру ұйымдарының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнде әзiрленедi, әдiстемелiк комиссиясында бiлiм беру орындарының, құрылымдық бөлiмшелердiң әдiстемелiк кеңестерiнде талқыланып, оң шешiмге ие болған соң, оқу орны басшысының, басшысының оқу iсi, оқу-әдiстемелiк iсi жөнiндегi орынбасарлары бекiтедi.
21. Бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық бөлiмшелерi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарға, типтiк оқу жоспарларына сәйкес оқу жұмыс жоспарын әзiрлейдi. Олар құрылымдық бөлiмшелердiң, (факультеттердiң, бөлiмдердiң) әдiстемелiк комиссиясында, бiлiм беру мекемесiнiң оқу-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелердiң әдiстемелiк кеңестерiнде және барлық тиiстi әдiстемелiк кеңестерде қаралып, оң шешiмге ие болған соң, бiлiм беру ұйымының басшысы тарапынан бекiтiледi.
22. Оқу жұмыс бағдарламасының және күнделiктi оқу жоспарларын оқытушылар типтiк оқу бағдарламасына сәйкес жасайды да, ол бiлiм беру ұйымының құрылымдық бөлiмшелерiнiң әдiстемелiк кеңесiнде қаралып, бiлiм беру ұйымы басшысының оқу iсi (оқу-әдiстемелiк ici) жөнiндегi орынбасары тарапынан бекiтiледi.
23. Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерiн дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыруды бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
24. Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеудi жоғары бiлiктi мамандардан тұратын авторлар ұжымы немесе авторлар жүзеге асырады. Оқулықтың, оқу-әдiстемелiк құралдың макетi (нұсқасы) әдiстемелiк комиссияның, құрылымдық бөлiмшелердiң әдiстемелiк кеңесiнде қаралып, оң шешiмге ие болған соң, оқу орны кеңесiне қарауға жiберiледi. Оқу орнының кеңесiнде ұсынған оқулықтың, оқу-әдiстемелiк құралдардың макетi сараптама өткiзуге және қолдануға рұқсат алу үшiн ғылыми дәрежесi бар мамандардың және ғылымның осы саласында алған жоғары дәрежесi бар мамандардың және ғылымның осы салада алған жоғары дәрежесi (санаты) бар мұғалiмдердiң тарапынан кем дегенде 3 пiкiрi бiлiм беру орнының орталық атқарушы ұйымына берiлдi.
25. Әдiстемелiк нұсқаулар мен ұсынымдарды бiлiм беру ұйымдарының оқытушылары әзiрлейдi. Әдiстемелiк комиссияның, оқу орындарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң әдiстемелiк кеңестерiнде қаралып, оң пiкiрлер берiлген соң, оқу орны басшысының оқу iсi (оқу-әдiстемелiк ici) жөнiндегi орынбасары бекiтедi.