1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 310-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3355. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 685-ө-м бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.12.2013 № 685-ө-м бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесі бекітілсін.
     2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап өз күшіне енеді.

     Министр

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрiнiң     
2004 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 310-ө бұйрығымен бекiтiлген

1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы
зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге
асырылған табысқа сәйкестiгiн белгілеу
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.03.2013 № 120-ө-м бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестiгiн белгілеу Қағидалары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi - Орталық) төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыс мөлшерiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестiгiн белгілеудің тәртiбiн белгiлейдi.
      2. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеген кезеңі үшін алынған табыс туралы мәліметтерді ұсынған жағдайға қағидалар қолданылмайды.
      3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыс мөлшерін анықтау кезінде «Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жүзеге асырылған табыстың барлық түрлерi қабылданады.
      4. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрі - агент) берген есептелген, ұстап қалған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары көрсетілген 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап, кез келген қатарынан үш жылғы табыс туралы анықтама, немесе жеке кәсiпкерлердiң, адвокаттар мен жекеменшік нотариустардың салық органы растаған табысы туралы анықтама өтiнiш иесiнiң табысын растайтын құжат болып табылады.
      5. Ұстап қалған және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларының, өтiнiш иесiнiң зейнетақы төлемдерін тағайындату үшін ұсынылған табысына сәйкестiгi мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының (бұдан әрi - салымшы) транзиттiк шотындағы айналымдардың электронды үзiндi көшiрмесiмен расталады.
      6. Орталықтың аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлері табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттiк шотындағы айналымдардың электронды үзiндi көшiрмесiнде көрсетілген сомалардың сәйкестiгiн тексереді.
      7. Табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттiк шотындағы айналымдардың электронды үзiндi көшiрмесiнде көрсетілген сомалар толық сәйкес болған кезде, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табыстың мөлшері Заңның 14-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.
      8. Табыс туралы анықтамада, салымшының транзиттiк шотындағы айналымдардың электронды үзiндi көшiрмесiнде көрсетілген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары сәйкес келмеген немесе толығымен сәйкес келмеген жағдайда, Орталықтың аудандық (қалалық) бөлiмшелерi анықталған айырмашылықтарды агенттен нақтылау үшiн, мөртаңбамен расталған және Орталықтың аудандық (қалалық) бөлiмшесi бастығының қолы қойылған салымшының табыс туралы анықтамасын көшiрмесiн зейнетақы төлемдерін тағайындатуға өтiнiш берген адамға қайтарып береді.
      9. Агент өтiнiш иесіне айырмашылықтар анықталған айлар бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары аударылғаны туралы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама береді. Анықтама-растамада өтiнiш берген адамның тегі, аты, әкесiнiң аты мен туған күнiнен басқа, агент банктің белгiсi бар төлем тапсырмаларының көшiрмелерiн қоса, салымшыға 10% мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелерін (банктің атауын, банктің банктік сәйкестендіру коды, агент шотының нөмiрiн, төлем тапсырмасының нөмiрiн, күнін, жалпы сомасы мен жарналар сомасын) көрсетіледі.
      10. Айлар бойынша анықталған айырмашылықтар нақтыланғанға дейiн зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қабылданатын орташа айлық табыс, айырмашылық анықталған айлардағы табыс сомасын алып тастай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған айлардағы табыс пен салымшының транзиттiк шотындағы айналымдардың электронды үзiндi көшiрмесiмен расталған сомалардан анықталады.
      Бұл орайда, Заңның 14-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс істеген 3 жылғы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған жалпы табыс сомасын отыз алтыға бөлу жолымен айқындалады.
      11. 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жүзеге асырылмаған табыс зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданбайды.
      12. Өтiнiш беруші мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару толық жүргiзiлмеуiмен байланысты табысы туралы қосымша құжаттар ұсынған жағдайда, тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 Қаулысымен бекітілген мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесінің 28-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
      Бұл ретте, қосымша ұсынылған құжаттар бойынша ескерiлетiн орташа айлық табыс кезеңі, бастапқы ұсынылған, зейнетақы төлемiнiң мөлшері есептелген кезеңге сәйкес болуы тиіс.

1998 жылғы 1 қаңтардан бергі 
кезеңдегі табыстың жинақтаушы
зейнетақы қорларына мiндеттi
зейнетақы жарналары жүзеге  
асырылған табысқа сәйкестiгiн
анықтау қағидасына қосымша  

   Нысан   

Берілген күні ______________  

Мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару туралы
АНЫҚТАМА-РАСТАМА

Салымшы
      ______________________________________________
Тегі  | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 
      ______________________________________________
Аты    | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 
      ______________________________________________
Әкесiнiң аты | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 
             __________________
Туған күні   | | | | | | | | |
               күні айы жылы 
Құжат түрі: Жеке куәлік 
        __________________________
Нөмiрi  | | | | | | | | | | ____________________ берiлдi

Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)
      _________________________
    № | | | | | | | | | | | | | 
Ұйымның атауы _____________________________________________________
                     ____________________
Төлеуші ұйымның БСН  | | | | | | | | | | |

Төлеуші - ұйымның орналасқан жері _________________________________
________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша

Төлеуші - ұйымның орналасқан жері _________________________________
________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша

Құжат
күнi

Төлем
тапсыр

Банк
БИК-i

Банктiң
атауы

Зейнетақы
қоры

Шот
нөмiрi

Төлем
тапсырмасының
сомасы

Жарналар
сомасы

















































      М.О. Кәсiпорын басшысы

      Бас бухгалтер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады