Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 176 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3379. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 12 қарашадағы N 396 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2605 тіркелген, 2003 жылғы 15 - 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
    Төрағасы

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы нарығы мен қаржы
     ұйымдарын реттеу және
     қадағалау агенттігінің
     Төрағасы
     2004 жылғы "___" _________

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 176 қаулысымен бекітілген

Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

     2. Осы Нұсқаулық қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - трансфер-агенттер) жылдық қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

     3. Осы Нұсқаулық бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қолданылмайды.

2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну

     4. Трансфер-агенттер уәкілетті органға жыл сайын мыналар кіретін жылдық қаржылық есепті ұсынады:
     1) 1-нысан бойынша жасалған шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
     2) 2-нысан бойынша жасалған пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп) (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);
     3) 3-нысан бойынша жасалған ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп) (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);
     4) 4-нысан бойынша жасалған капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп) (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы);
     5) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында белгіленген толтыру жөніндегі талаптарға сәйкес жасалған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.
     Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     5. Еншілес және қауымдасқан ұйымдары болмаған кезде трансфер-агент аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ғана ұсынады.
     Трансфер-агент шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынған кезде аудиторлық ұйымның растамасы тек еншілес және қауымдасқан ұйымдарының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған негізде жасалған жылдық қаржылық есебінің жұмыс кестелері және тиісті нысандары қоса беріле отырып шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп үшін ғана талап етіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     6. Трансфер-агенттер есепті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңнің шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есебін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлық есеппен бірге ұсынады.

     7. Қаржылық есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.

     8. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     9. Қаржылық есептің барлық парақтары нөмірленуге тиіс, оны уәкілетті органға жібергенде олардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.

     10. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп мөрмен куәландырылады және оған тіркеушінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.

     11. Трансфер-агенттер қаржылық есепті уәкілетті органға электрондық тасымалдауышта және қағаз жазбада ұсынады. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп электрондық тасымалдағышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.

     12. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп екі данада жасалады, қаржылық есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы трансфер-агентте қалады.

     13. Уәкілетті орган қағаз жазбадағы түзетілген және өшірілген қаржылық есепті қабылдамайды және ол трансфер-агентке қайтарылуға жатады.

     14. Уәкілетті орган тіркеуші ұсынған қаржылық есептен дәлсіздіктер немесе қателіктер тапқанда, қаржылық есепті пысықтау үшін қайтаруға құқылы.

     15. Қаржылық есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, трансфер-агенттер қаржылық есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.

     16. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте күмәнді мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

     17. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                        Бағалы қағаздар нарығында
                                        трансфер-агенттік қызметті
                                        жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        жылдық қаржылық есеп беру
                                         тізбесі, нысандары және
                                         ұсыну мерзімдері туралы
                                          нұсқаулыққа 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                          1-нысан

      _______________________________________________________
       (бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті
                 жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)

               200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
                      бухгалтерлік балансы

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

есепті
кезеңнің
аяғында

өткен
жылдың
аяғында

1

2

3

4

Активтер




Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны шегергенде)




Материалдық емес активтер
(амортизацияны шегергенде)




Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер




Инвестициялық жылжымайтын мүлік




Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар




Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)




Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар (ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)




Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар (ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)




Мерзімі ұзартылған салықтық талап




Басқа да активтер




Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджетке қойылатын талаптар




"Кері РЕПО" операциясы




Туынды қаржы құралдары




Орналастырылған ақша және салымдар




Активтердің жиынтығы:








Капитал




Жарғылық капитал




Сыйлықақылар
(қосымша төленген капитал)




Алынған капитал




Резервтік капитал




Басқа да резервтер




Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)




оның ішінде:




өткен жылдардың




есепті жылдың




Капитал жиынтығы:








Азшылық үлесі








Міндеттемелер




Алынған заемдар




Кредиторлық берешек




Бағалау міндеттемелері




Шығарылған борыштық бағалы қағаздар




Мерзімі ұзартылған салық міндеттемесі




Акционерлермен акциялар бойынша есеп
айырысу бойынша есептелген шығыстар




Қызметкерлермен есеп айырысу
бойынша есептелген шығыстар




Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджет алдындағы міндеттеме




"РЕПО" операциясы




Туынды қаржы құралдары




Басқа да міндеттемелер




Міндеттемелер жиынтығы:








Капитал және міндеттемелер жиынтығы




       Бірінші басшы _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер _________________ күні__________________
     Орындаушы _____________________ күні__________________
     Телефоны __________________
     Мөр орны

                                        Бағалы қағаздар нарығында
                                        трансфер-агенттік қызметті
                                        жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        жылдық қаржылық есеп беру
                                         тізбесі, нысандары және
                                         ұсыну мерзімдері туралы
                                          нұсқаулыққа 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                          2-нысан

      _______________________________________________________
       (бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті
                 жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)

               200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
                пайдалар мен зияндар туралы есебі

                                    (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
жылда

Өткен
жылда

1

2

3

4

Негізгі қызметтен сыйақы
түріндегі кірістер




Ағымдағы шоттар және орналастырылған
салымдар бойынша сыйақы түріндегі
кірістер




Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша
сыйақы (купон және/немесе дисконт)
түріндегі кірістер




Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан
кірістер (шығындар) (нетто)




Сауда бағалы қағаздары құнының өзгеруінен кірістер (шығындар) (нетто)




"Кері РЕПО" операциялары бойынша
кірістер




Шетел валютасын қайта бағалаудан
кірістер (шығындар) (нетто)




Қаржылық емес активтерді сатудан
және активтерді алудан кірістер




Басқа да кірістер




Кірістер жиынтығы








Комиссиялық шығыстар




Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша
сыйақы (сыйлықақы) түріндегі шығыстар




Шығарылған бағалы қағаздар бойынша
сыйақы түріндегі шығыстар




"РЕПО" операциялары бойынша шығыстар




Алынған заемдар және қаржылық жалдау
бойынша сыйақы түріндегі шығыстар




Жалпы әкімшілік шығыстар




Қаржылық емес активтерді сатудан
және активтерді өткізуден шығыстар




Басқа да шығыстар




Шығыстар жиынтығы








Резервтерге (провизияларға)
аударылғанға дейінгі пайда (шығын)








Операциялар бойынша ықтимал шығындарға
арналған резервтер (резервтерді қалпына
келтіру)




Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан кіріс




Кезеңдегі пайда (зиян)




Тоқтатылған қызметтен пайда (зиян)








Салық салынғанға дейінгі пайда (шығын)








Корпоративтік табыс салығы








Салық салынғаннан кейінгі таза пайда
(шығын)








Азшылық үлесі








Кезең ішіндегі таза пайда (шығын)




       Бірінші басшы _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер _________________ күні__________________
     Орындаушы _____________________ күні__________________
     Телефоны __________________
     Мөр орны

                                        Бағалы қағаздар нарығында
                                        трансфер-агенттік қызметті
                                        жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        жылдық қаржылық есеп беру
                                         тізбесі, нысандары және
                                         ұсыну мерзімдері туралы
                                          нұсқаулыққа 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                          3-нысан

      _______________________________________________________
       (бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті
                 жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)

               200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
         ақша қаражаты қозғалысы (жанама әдіс) туралы есеп

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
жылда

Өткен
жылда

1

2

3

4

Операциялық қызметке байланысты
ақша түсімдері және төлемдері




Салық салынғанға дейінгі таза пайда
(шығын)




Ақшалай емес операция баптарына
түзетулер:




оның ішінде:




амортизациялық аудару және тозу




ықтимал ысырапқа арналған
резервтер бойынша шығыстар




шетел валютасымен операциялар бойынша
бағамдық айырма түріндегі жұмсалмаған
кірістер мен шығыстар




алатын сыйақы түріндегі есептелген
кірістер




сыйақы төлеу шығыстары




ақшалай емес баптарға басқа да түзетулер




Операциялық активтер мен міндеттемелер
өзгергенге дейінгі операциялық кіріс
(шығын)




Операциялық активтердегі (ұлғаю) азаю:




ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің
(ұлғаюы) азаюы




Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздардың (ұлғаюы) азаюы




болашақ кезеңдер шығыстарының
(ұлғаюы) азаюы




қысқа мерзімді дебиторлық берешектің
(ұлғаюы) азаюы




"Кері РЕПО" операцияларының
(ұлғаюы) азаюы




сауда бағалы қағаздарының (ұлғаюы) азаюы




Үш айдан асатын өтеу мерзімі бар
орналастырылған салымдардың
(ұлғаюы) азаюы




Басқа да активтердің (ұлғаюы) азаюы




Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы
(азаюы):




Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің
ұлғаюы (азаюы)




болашақ кезеңдер кірістерінің ұлғаюы
(азаюы)




қысқа мерзімді кредиторлық берешектің
ұлғаюы (азаюы)




Операциялық қызметтен ақшаның ұлғаюы
(азаюы)








Корпоративтік табыс салығы








Операциялық қызметтен ақшаның салық
салынғаннан кейінгі ұлғаюы (азаюы)








Инвестициялық қызметке байланысты
ақша түсімдері мен төлемдер




Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздарды сатып алу (сату)




Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
емес активтерді сатып алу




Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
емес активтерді сату




Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар




Басқа да түсімдер мен төлемдер




Инвестициялық қызметтен ақшаның
ұлғаю (азаю) жиынтығы








Қаржылық қызметке байланысты
ақша түсімдері мен төлемдер




Акциялар шығару




Борыштық бағалы қағаздарды шығару




Акцияларды және қатысу үлестерін
алу немесе өтеу




Алынған заемдар




Акциялар бойынша дивидендтер төлеу




Басқа да түсімдер мен төлемдер




Қаржылық қызметтен ақшаның ұлғаю
(азаю) жиынтығы








Есепті кезеңдегі ақшаның таза
ұлғаю (азаю) жиынтығы








Кезең басындағы ақша және ақша баламалары қалдығы




Кезең соңындағы ақша және ақша баламалары қалдығы




       Бірінші басшы _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер _________________ күні__________________
     Орындаушы ____________________  күні__________________
     Телефоны:__________________
     Мөр орны

                                        Бағалы қағаздар нарығында
                                        трансфер-агенттік қызметті
                                        жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        жылдық қаржылық есеп беру
                                         тізбесі, нысандары және
                                         ұсыну мерзімдері туралы
                                          нұсқаулыққа 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                          4-нысан

    ____________________________________________________________
    (бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге
                   асыратын ұйымның толық атауы)
              200_ жылғы "___" _______  жағдай бойынша
                 капиталындағы өзгеріс туралы есебі

                                        (мың Қазақстандық теңгемен)


Бас ұйымның капиталы

Жарғылық
капитал

Резервтік
капитал

Басқа да
резервтер

1

2

3

4

Алдыңғы кезең
басындағы сальдо




Есеп саясатындағы
өзгерістер және
қателерді түзету




Өткен кезең басында
қайта саналған
сальдо




Негізгі
құрал-жабдықтарды
қайта бағалау




Сатуға арналған
қолда бар бағалы
қағаздар құнының
өзгеруі




Ақша ағындарын
хеджирлеу




Басқа да
операциялардан пайда
(зиян)




Капиталдың өзінде
тікелей танылған
пайда (зиян)




Кезеңдегі пайда
(зиян)




Кезеңдегі барлық
пайда (зиян)




Дивидендтер




Акциялар эмиссиясы
(құрылтайшылардың
салымдары және
пайлары)




Сатып алынған
акциялар
(құрылтайшылардың
салымдары және
пайлары)




Ішкі аударымдар




оның ішінде:




Негізгі
құрал-жабдықтарды
жинақталған қайта
бағалаудың өзгеруі




резервтік капиталды
қалыптастыру




Басқа да операциялар




Есепті кезең
басындағы сальдо




Есеп саясатындағы
өзгерістер және
қателерді түзету




Есепті кезең басында
қайта саналған
сальдо




Негізгі
құрал-жабдықтарды
қайта бағалау




Сатуға арналған
қолда бар бағалы
қағаздар құнының
өзгеруі




Ақша ағындарын
хеджирлеу




Басқа да
операциялардан пайда
(зиян)




Капиталдың өзінде
тікелей танылған
пайда (зиян)




Кезеңдегі пайда
(зиян)




Кезеңдегі барлық
пайда (зиян)




Дивидендтер




Акциялар эмиссиясы
(құрылтайшылардың
салымдары және
пайлары)




Сатып алынған
акциялар
(құрылтайшылардың
салымдары және
пайлары)




Ішкі аударымдар




оның ішінде:




Негізгі
құрал-жабдықтарды
жинақталған қайта
бағалаудың өзгеруі




резервтік капиталды
қалыптастыру




Басқа да операциялар




Есепті кезең
соңындағы сальдо




  кестенің жалғасы


Азшылық үлесі

Капитал жиынтығы

Бөлінбеген пайда
(өтелмеген зиян)

Барлығы



5

6

7

8













«     "Бас ұйымның капиталы" және "Азшылық үлесі" бағандары шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде толтырылады.
      Шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасау кезінде немесе еншілес ұйымдар болмаған кезде инвестициялық портфельді басқарушылар 2-6-бағандарды толтырады.
      Бірінші басшы ___________________ күні ___________________
      Бас бухгалтер ______________________ күні ___________________
      Орындаушы ___________________________ күні ___________________
      Телефоны _______________________________
      Мөр қоюға арналған орын

Бағалы қағаздар нарығында 
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
жылдық қаржылық есеп беру 
тізбесі, нысандары және  
ұсыну мерзімдері туралы  
нұсқаулыққа 5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

    Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық
қаржылық есепке түсіндірме жазбаны толтыру
жөніндегі талаптар

     1. Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаға мыналар кіреді:
     1) активтер мен міндеттемелер бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;
     2) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;
     3) ақша ағыны бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;
     4) капитал бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер.
     2. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбада шектелместен мынадай ақпарат ашылады:
     1) еншілес және қауымдасқан ұйымдардың тізімі, аффилиирленгендік туралы ақпаратты ашу (қатынастардың сипаты және ауқымы);
     2) негізгі трансфер-агенттер және олардың еншілес ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастың сипаты;
     3) атын, тіркелген елін немесе орналасқан жерін, оларға қатысу үлесінің мөлшерін, дауыс беретін акцияларының санын көрсете отырып басқа аффилиирленген тұлғалардың тізімі;
     4) еншілес ұйымды сатып алудың немесе сатудың есепті және өткен кезеңдердегі қаржылық көрсеткіштерге әсері;
     5) еншілес ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін негізгі трансфер-агенттер жеке жылдық қаржылық есепте пайдаланатын әдіс;
     6) қауымдасқан ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін пайдаланатын әдіс;
     7) еншілес ұйымның есебі шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке кіргізілмеуінің себептері;
     8) шоғырландырылған жылдық қаржылық есептің баптарына субъектілердің есептің осы баптарына қолданатын талаптарының айырмашылықтарынан жасауға болмайтын түзетулер;
     9) жекелеген жылдық қаржылық есептердің біріктірілетін, түзетілетін және ауыстырылатын баптары, сондай-ақ шоғырландырудың нәтижесі;
     10) азшылық үлесін құрайтын қатысушылардың атауын, олардың еншілес ұйымдардағы үлестерін көрсете отырып, азшылық үлесі туралы ақпарат;
     11) есеп субъектілерінің бірлескен қызметке қатысу туралы ақпарат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады