Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 505-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3389. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 581 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 581 (алғаш рет ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күннің ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 14-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ электр энергиясын шығару көлемдерін арттыруды ынталандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау туралы ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х.Тоқыбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
     1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
     2) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
     4. "Электр энергиясын беру (транзиттау) жөніндегі қызметтердің тарифтеріне төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1025 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық және өзге мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық кесімдер Бюллетенінің" 2000 жылғы N 3-нөмірінде жарияланған 203-құжат) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 23-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
     6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға

     Келісілді:
     Қазақстан Республикасы
     Энергетика және минералдық
     ресурстар министрі
     2004 жылғы "____"_________

     Қазақстан Республикасы
     Қаржы Министрлігі Салық
     комитетінің төрағасы
     2004 жылғы 23 желтоқсан

Қазақстан Республикасының  
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының    
2004 жылғы 28 желтоқсандағы  
N 505 бұйрығымен бекітілген  

Электр энергиясын беру және (немесе) желіге
босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметі
тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып
тастау ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметі тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес, электр энергиясын өңіраралық (өңірлік, жергілікті) деңгейдегі желілер арқылы беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу (бұдан әрі - техникалық диспетчерлеу) жөніндегі қызметінің қолданыстағы тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастаудың бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

     2. Осы Ереже электр энергиясын өңіраралық (өңірлік, жергілікті) деңгейдегі желілер арқылы беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу (бұдан әрі - уақытша төмендету коэффициенті) жөніндегі қызметінің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу мен алып тастаудың (бұдан әрі - техникалық диспетчерлеу) тәртібі мен шартын айқындайды.

     3. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     өтеу кестесі - тұтынушының энергия беруші ұйымдардың алдындағы электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу (бұдан әрі - тұтынушы) тұтынушының (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға не жеке тұлға басшысының) және энергия беруші ұйым басшысының қолдарымен расталған дебиторлық берешегін өтеу кестесі;
     мүдделі мемлекеттік органдар - өзінің құзыретіне қарай электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметінің қолданыстағы тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеуге немесе алып тастауға мүдделі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
     желіге босату - барлық энергияны өндіретін ұйымдар мен импортталатын электр энергиясының шиналарынан босатылатын электр энергиясының сомасы;
     техникалық диспетчерлеу - Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған операторлық-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөніндегі жүйелік оператор көрсетіп отырған қызмет;
     жүйелік оператор - орталықтандырылған операторлық-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің электр жүйелерімен қосарласқан жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді қолдауды, жүйелік қызметтер көрсету мен электр энергиясының көтерме рыногының субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беруді, оның техникалық қызмет көрсетуін және пайдалану дайындығын қолдауды жүзеге асыратын ұйым;
     уәкілетті орган - табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
     электр беруші ұйым - электр энергиясын өңіраралық желілер арқылы беру, электр энергиясын өңірлік және/немесе жергілікті деңгейдегі желілер арқылы беру және/немесе бөлу (бұдан әрі - электр энергиясын беру) шарттарының негізінде жүзеге асыратын ұйым;
     экспорттық-бағдарланған тұтынушы - өндірілген өнім үлесінің 50%-дан астам мөлшерін Қазақстан Республикасынан тыс сататын кәсіпорын.
     Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

     4. Электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтердің қолданыстағы тарифіне (бағасына, алым ставкасына) осы шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу және уақытша төмендету коэффициенті белгіленетін мемлекеттер, тұтынушылар мен энергия беруші ұйым үшін оның мақсаттылығын есептеу негізінде белгіленеді.

     5. Тұтынушы үшін электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу ағымдағы міндеттемелерді 100 пайыз төлеген, электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет ақысы бойынша дебиторлық берешегі болмаған жағдайда немесе дебиторлық берешекті өтеу кестесіне сәйкес өтеген жағдайда белгіленеді.

     6. Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтердің қолданыстағы тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге аумақтармен бірлескен ұлттық мәні бар электр станциясына, өнеркәсіптік кешендердің электр станциясына, электр энергиясын импорттайтын кәсіпорындар, бірлестіктер мен тұтынушыларға жататын барлық энергия өндіруші ұйымға талап қоюға құқылы.

     7. Техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтер тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициенті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тұтынушыға желіге босатуды арттырған жағдайда, егер өтінімде көрсетілген жоспарланған жылдық көлем мыналардан:
     тұтастай өткен жыл ішінде желіге босатудың іс жүзіндегі көлемі;
     жүйелік оператордың қолданыстағы тарифтік сметасында және/немесе тарифінде (бағасында, алым ставкасында) көзделген осы тұтынушының желіге босату көлемі асып түскен жағдайда белгіленеді.

     8. Экспорттық-бағдарлық тұтынушы үшін техникалық диспетчерлеу қызметінің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициенті мынадай талаптар сақталған жағдайда 3 жылға дейінгі кезеңге белгіленеді:
     бірінші жылы - электр энергиясын шет елдердегі қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарының нашарлаған кезде желіге босату көлемін тұрақтандыру не алдыңғы жылмен немесе бекітілген тарифтік сметада көзделген көлеммен салыстырғанда желіге босату көлемін (сақтау - көбейтудің технологиялық мүмкін еместігі кезінде) көбейту;
     келесі екі жылдағы уақытша төмендету коэффициентінің қолданысы - желіге босату көлемі уақытша төмендету коэффициентін ұсынудың бірінші (базалық) жылдың көлемі 5%-тен көп төмендеуге тиіс емес.

     9. Электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі желілер арқылы беру жөніндегі қызмет тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициенті тұтынушыға өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі желілер арқылы беру жөніндегі қызметтерді тұтынудың көлемдерін арттырған жағдайда белгіленеді, олар мына талаптарды сақтай отырып:
     өтінімде көрсетілген жоспарланған жылдық көлем энергия беруші ұйымның қолданыстағы тарифтік сметасында және/немесе тарифінде (бағасында, алым ставкасында) көзделген осы тұтынушының жоғарыда көрсетілген қызметтерін тұтыну көлемінен асыруды;
     энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы тарифтік сметасында және/немесе тарифінде (бағасында, алым ставкасында) көзделген осы тұтынушы үшін электр энергиясын тасымалдаудың қашықтығын сақтауды не көбейтуді орындауға тиіс. Энергия беруші ұйымның осы қысқартудан залал шегуі тұтыну көлемдерін көбейтуден оның қосымша кірістерін арттырмаған жағдайда ғана тасымалдау қашықтығын қысқартуға жол беріледі.

     10. Экспорттық-бағдарлық тұтынушы үшін техникалық диспетчерлеу қызметінің тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициенті мынадай талаптар сақталған жағдайда 3 жылға дейінгі кезеңге белгіленеді:
     бірінші жылы - электр энергиясын шет елдердегі қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарының нашарлаған кезде желіге босату көлемін тұрақтандыру не алдыңғы жылмен немесе бекітілген тарифтік сметада көзделген көлеммен салыстырғанда желіге босату көлемін (сақтау - көбейтудің технологиялық мүмкін еместігі кезінде) көбейту;
     келесі екі жылдағы уақытша төмендету коэффициентінің қолданысы - желіге босату көлемі уақытша төмендету коэффициентін ұсынудың бірінші (базалық) жылдың көлемі 5%-тен көп төмендеуге тиіс емес.

     11. Электр энергиясын өңірлік және/немесе жергілікті деңгейдегі желілер арқылы беру жөніндегі қызмет тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициенті тұтынушыға өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі желілер арқылы беру жөніндегі қызметтерді тұтынудың көлемдерін арттырған жағдайда белгіленеді, олар мына талаптарды:
     өтінімде көрсетілген жоспарланған жылдық көлем энергия беруші ұйымның қолданыстағы тарифтік сметасында және/немесе тарифінде (бағасында, алым ставкасында) көзделген осы тұтынушының жоғарыда көрсетілген қызметтерін тұтыну көлемінен асыруды сақтай отырып белгіленеді.

     12. Электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтің қолданыстағы тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициенті белгілі бір кезеңге беріледі, бірақ күнтізбелік жылдың аяғына дейіннен, осы Ереженің 8, 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аспауға тиіс.

2. Электр энергиясын беру және (немесе) техникалық
диспетчерлеу қызметі тарифтеріне (бағаларына, алым
ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін
белгілеу тәртібі

     13. Өзіне уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге үміткер тұтынушы бір мезгілде оны ұсыну қажеттілігі туралы энергия беруші ұйымға, мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі - Салық комитеті) және уәкілетті органға оны белгілеудің қажеттілігі туралы өтінім беруге тиісті.
     Бұл ретте аталған ұйымдар мен мемлекеттік органдар заңда белгіленген тәртіппен коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді жария еткені үшін заң жүзінде жауапкершілікке тартылады.

     14. Тұтынушының өтініміне осы Ереженің қосымшасына сәйкес қажетті материалдар қоса берілуі керек.
     Өтінімге қоса берілетін материалдар мынадай талаптарға жауап беруі қажет:
     1) әрбір бетке тұтынушы (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысы не жеке тұлға), ал қаржы құжаттарына - тұтынушының бас бухгалтері де қол қояды;
     2) өткен кезең (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай, жыл) үшін нақты деректер ұсынылуға тиісті.

     15. Осы Ережеге сәйкес талап етілетін қажетті материалдарды ұсынбау немесе толық ұсынбау өтінімді қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
     Энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Министрлік, Салық комитеті және уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тұтынушыны өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тартылғаны туралы бас тарту себебін көрсетіп жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
     Бұл ретте энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Министрлік және Салық комитеті бір мезгілде уәкілетті органды өтінімді қарауға қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тартылғаны туралы бас тарту себебін көрсетіп хабардар етуге тиіс.
     Уәкілетті органға энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Министрлік және Салық комитеті өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тартылғаны туралы растайтын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарауды бес жұмыс күніне тоқтата тұрады.
     Мұндай бұрмалаушылықтар жойылған жағдайда өтінімді қарау мерзімі осы ереженің 18-тармағында көзделген мерзімдерді ескере отырып, қайта жаңартылады.
     Көрсетілген бұрмалаушылықтарды өтінімді қарау тоқтатылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жоймау өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.

     16. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган, энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Министрлік және Салық комитеті жазбаша түрде қосымша ақпарат сұратуға құқылы. Осы ақпарат сұратылған сәттен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылмаса, сонымен бір мезгілде бұл туралы барлық мүдделі ұйымдарды және мемлекеттік органдарды жазбаша хабардар етіп, өтінім қабылданбайды.

     17. Энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Министрлік және Салық комитеті тұтынушыға және/немесе энергия беруші ұйымға уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге өтінім түскен күннен бастап 15 жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға және тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін белгілеудің экономикалық мақсаттылығы және мақсатқа сай еместігі туралы қорытынды ұсынады. Сонымен бірге энергия беруші ұйымның және Министрліктің қорытындыларында уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылған деңгейінің есебі және оны белгілеу негіздемесі келтірілуге тиіс.
     Көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде қорытындылар ұсынбаған жағдайда уәкілетті органның өтінімді қарау мерзімі барлық қажетті қорытындыларды алғанға дейін тоқтатылады, бірақ 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
     Өтінімді қарауды тоқтатқан сәттен бастап 5 жұмыс күннің ішінде көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларын ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган осы себеп бойынша өтінімді қабылдамауға құқылы.

     18. Уәкілетті орган қажетті қорытындыларды және тұтынушыдан қосымша сұратылған материалдарды алған күннен бастап 30 жұмыс күннің ішінде тұтынушы ұсынған негіздеуші құжаттарға және энергия беруші ұйымның, мүдделі мемлекеттік органдардың, Министрліктің және Салық комитетінің қорытындыларына сараптама жүргізеді.

     19. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін белгілеу не ондай белгілеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
     Уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде (бұдан әрі - бұйрық), тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін ұсыну талаптарын көрсетіп, қабылданады. Уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы бұйрықтың көшірмесі энергия беруші ұйымға, мүдделі мемлекеттік органдарға, Министрлікке және Салық комитетіне және мүдделі мемлекеттік органдарға оған қол қойылған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
     Уақытша төмендету коэффициентін белгілеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган тиісті уәждемелі қорытынды шығарып, оны тұтынушыға, энергия беруші ұйымға, мүдделі мемлекеттік органдарға, Министрлікке және Салық комитетіне 5 жұмыс күні ішінде жібереді.

     20. Егер уақытша төмендету коэффициентін алуға үміттенуші және осы Ереженің 5, 7, 8, 9, 10, 11-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес тұтынушы энергия беруші ұйымның қызметіне тариф бекіту кезінде негізге алынған энергия беруші ұйыммен Шарт жасасылған кезде электр энергиясын тұтыну көлемін негізсіз төмендеткені белгілі болған жағдайда, уәкілетті орган осы тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін ұсынудан бас тартады.

     21. Егер энергия беруші ұйым, мүдделі мемлекеттік органдар, Министрлік пен Салық комитеті уақытша төмендету коэффициентін ұсынуға келіспейтіні туралы қорытынды шығарса, түпкілікті шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

     22. Энергия беруші ұйым нақты тұтынушы үшін бұйрықпен белгіленген уақытша төмендету коэффициентін электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлеу қызметі тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) энергия беруші ұйым мен тұтынушы арасында жасалған шартқа толықтырулар негізінде қолданады. Шарттағы осы толықтыруларда тұтынушының тиісті уақыт кезеңінде уақытша төмендету коэффициентін қолданусыз көрсетілген қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлеміне есеп айырысу түрінде электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтерді тұтынудың мәлімделген көлемін орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі көзделген. Энергия беруші ұйым есеп айырысуды уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізеді.
     Энергия беруші ұйым мен тұтынушының арасында жасалған шартқа толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген бұйрықтың күшіне енген күннен бастап 7 жұмыс күннен кешіктірмей жасалуға тиіс.

     23. Уәкілетті орган осы Ереженің 5, 7, 8, 9, 10, 11-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда әрбір тұтынушының уақытша төмендету коэффициентін қолдану құқығын қамтамасыз етуге тиіс.

3. Электр энергиясын беру және (немесе) техникалық
диспетчерлеу қызметі тарифтеріне (бағаларына, алым
ставкаларына) белгіленген уақытша төмендету
коэффициентін алып тастау тәртібі

     24. Уақытша төмендету коэффициентінің қолданысы белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін тоқтатылады, бұл ретте уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы бұйрық қабылдау талап етілмейді.

     25. Белгіленген уақытша төмендету коэффициенті белгіленген мерзім аяқталғанға дейін мынадай шарттардың біреуі болған кезде алынып тасталуы мүмкін:
     уақытша төмендету коэффициенттерін бұдан әрі қолданудың экономикалық тиімсіздігі;
     тұтынушының энергия беруші ұйымға дебиторлық берешегі пайда болған немесе өтеу кестесін орындамау;
     осы Ереженің 7, 8, 9, 10, 11-тармақтарында белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі;
     бұйрықта және осы Ереженің 22-тармағына сәйкес жасалған шарттың толықтыруларында көзделген талаптарды орындамау.

     26. Осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген талаптар пайда болған жағдайда, энергия беруші ұйымның бұл туралы ақпаратты уәкілетті органға және тұтынушыға кешіктірмей ұсынуы қажет. Бұл жағдайда энергия беруші ұйым, тұтынушы, Министрлік, Салық комитеті және мүдделі мемлекеттік органдар уәкілетті органға уақытша төмендету коэффициентін алып тастау қажеттігін негіздейтін құжаттарды ұсынып, оны алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
     Энергия беруші ұйымның белгіленген уақытша төмендету коэффициентінің күшін жоюға құқығы жоқ.
     Уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

     27. Уәкілетті орган белгіленген уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы мәселені қарау үшін энергия беруші ұйымнан, Министрліктен, Салық комитетінен, мүдделі мемлекеттік органдардан қажетті қорытындыларды сұратуға құқылы. Көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларды сұраған сәттен бастап 10 жұмыс күннің ішінде ұсынбаса, уәкілетті орган қорытындыларды ұсыну мерзімі өткен сәттен бастап 20 жұмыс күннің ішінде, бар қорытындыларды ескеріп, белгіленген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау жөніндегі негіздеуші материалдарға сараптама жүргізеді.

     28. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша уәкілетті орган бұйрық түрінде уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы шешім қабылдап, ол туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тұтынушыға, энергия беруші ұйымға, Министрлікке және Салық комитетіне хабарлайды.

     29. Уақытша төмендету коэффициентінің қолданылу күшін алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, уәкілетті орган осындай ұсыныс жасаған тұлғаға жіберілетін уәждемелі қорытынды шығарады.

Электр энергиясын беру және     
(немесе) желіге босатуды техникалық
диспетчерлеу жөніндегі қызметі   
тарифтеріне (бағаларына, алым    
ставкаларына) уақытша төмендету   
коэффициенттерін белгілеу және   
алып тастау ережесіне қосымша   

Электр энергиясын беру және (немесе) желіге
босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет
тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша
төмендету коэффициентін алуға үміттенуші
тұтынушы ұсынып отырған материалдар

     1. Уақытша төмендету коэффициентін алуға өтінім (еркін нысанда).
     2. Қызмет тұтынушының толық атауы (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға не жеке тұлға), қызмет түрлері.
     3. Уақытша төмендету коэффициентін белгілеу қажеттігінің анықтама-негіздемесі.
     4. Электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет тарифіне (бағасына, алым ставкасына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеудің нәтижесінде бюджет алдындағы салық міндеттемелерін сақтау немесе арттыру туралы анықтама-негіздеме.
     5. Теңгерім көлемінде қызметтер тұтынушының қаржы-шаруашылық қызметін талдау және өткен кезең үшін (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай, жыл) түсіндірме жазба.
     6. Энергия беруші ұйымның алдындағы берешектің жай-күйі (ағымдағы айдың бірі күні өзара есеп айырысуды салыстыру актісі және тұтынушының энергия беруші ұйымның алдындағы дебиторлық берешегін, тұтынушының және энергия беруші ұйым басшысының қолдарымен расталған өтеу кестесі).
     7. Өндірілетін өнімнің атауы, өндірілетін өнімнің шығын статьялары бойынша бөлінген өзіндік құны (оның ішінде электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын беру және (немесе) желіге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызмет ақысына төленетін шығын).
     8. Электр энергиясы тасымалданатын энергия көздерінің атауы.
     9. Тасымалдаудың қашықтығы.
     10. Нақты (өткен жылдың тиісті кезеңі үшін) және электр беруші ұйымның желілері арқылы электр энергиясын берудің тарифтер (бағалар, алым ставкалары) мен төлем сомасы көрсетілген айлар бойынша бөлінген жоспарланған көлемі.
     11. Нақты (өткен жылдың тиісті кезеңі үшін) және электр беруші желіге босатудың тарифтер (бағалар, алым ставкалары) мен төлем сомасы көрсетілген айлар бойынша бөлінген жоспарланған көлемі.
     Ескерту: 8, 9, 10-тармақтарда көрсетілген материалдар электр энергиясын беру жөніндегі тұтынушыларға ұсынылады. Бірнеше энергия көздері болған кезде осы тармақтар әрбір энергия көздері қайталанады.
     11-тармақта көрсетілген материалдар желіге беруді техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтердің тұтынушыларына ұсынылады.
     Энергия беруші ұйымның желілері арқылы электр энергиясының мемлекетаралық транзитін жүзеге асыратын тұтынушылар 5, 7-тармақтарда көрсетілген материалдарды ұсынбауға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады