Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының N 1037 болып тіркелген 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 1 "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы" Ережені бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 75 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3397. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 21.06.2013 № 138 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әpі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
 

     1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 1 "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы" Ережені бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1037 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
 

     3-тармақта "Бұқаралық ақпарат құралдары Департаментінің директоры Ж.С.Омаровқа" деген сөздер "Ақпарат және мұрағат Комитетінің төрағасы С.Т.Тауекелге" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіpкey туралы ережесінде:
     преамбуласында:
     "(1999 жылғы 27 шілде, N 451-1 ҚРЗ) талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 cәyіpдегі N 499 қаулысы) ережесінің" деген сөздер алынып тасталсын;
 

     "Жалпы ережелер" деген 1-тарау мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
     "1-1. Субъектілерінің құқықтары мен міндеттері адалдық, парасаттық пен әділеттік (құқық ұқсастығы), сондай-ақ кәсіби және іскерлік этика ережесін сақтау талаптарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.";
 

     11-тармақта:
     eкінші абзацта "қазақ" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
 

     "Тіркелген журналистің құқықтары мен міндеттері" деген 3-тарау алынып тасталсын.
 

     2. Ақпарат және мұрағат Комитетіне (С.Т.Тауекел) белгіленген заң тәртібімен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткізcін.
 

     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады