Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі күн сайынғы және ай сайынғы есепті беру мерзімдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 388 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3413. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 № 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
     1. Агенттікте екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есепті берудің мынадай мерзімдері белгіленсін:
     1) күн сайынғы есеп есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей; ай сайынғы есеп - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі;
     2) он және одан астам филиалдары бар банктер күн сайынғы есепті есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей; ай сайынғы есепті - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
     2. Күн сайынғы және ай сайынғы есеп нысаны Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
     3. Күн сайынғы және ай сайынғы есеп электрондық тасымалдаушыда берiледi.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ). 
     4. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, банк есепті берген күннен бастап үш күндік мерзімде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтінішті Агенттікке береді.
     4-1. Қағаз жазбадағы күн сайынғы және ай сайынғы есепке бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және Банкте сақталады. Банк уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей күн сайынғы және ай сайынғы есептi қағаз жазбада ұсынады.
       Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ). 
      4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есептер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.
       Ескерту: 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ).
      4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн Қордың бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.
       Ескерту: 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз ).
     5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
     6. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оның қабылдануына байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     7. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
     8. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі екінші деңгейдегі банктердің күн сайынғы және ай сайынғы баланстарын беру мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 532  қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2166 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10-23 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
     9. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады