Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен
_________________________________________
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау Ережесі бекітілсін (1-қосымша).
2. Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия 2-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия туралы Ереже бекітілсін (3-қосымша).
4. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
Әкім аппараты құжаттамалық
сараптама бөлімінің меңгерушісі
Қаржы департаментінің
бастығы
Экономика, сауда және кәсіпкерлік
департаментінің директоры
Білім департаментінің директоры
Iшкі саясат департаментінің
директоры
Еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 26 шілдедегі
N 3-1-1531қ қаулысына
1-қосымша
Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау Ережесі
Осы Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзірленген.
Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек көрсету жекелеген азаматтар санаттарын әлеуметтік қорғау шараларының бірі болып табылады.
1. Осы Ереже Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек қалалық жалпы білім беретін мектептер түлектерінің ішінен Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын тұлдыр жетім, бала жасынан мүгедек, көп балалы отбасы балаларына, балалар үйлері түлектеріне беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
<*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
2. Әлеуметтік көмек жергілікті атқарушы органмен құрылатын қаланың жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімімен тағайындалады.
<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұлдыр жетімдер - бір немесе екі ата-анасынан айырылған тұлғалар;
2) бала жасынан мүгедектер - науқастық, жарақат немесе кемістіктер салдарынан организм функциялары бұзылғанына байланысты тіршілік әрекеттері шектеулі тұлғалар;
3) көп балалы отбасы балалары - төрт және одан көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар (оның ішінде жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында оқитын балалары - олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін - олардың оқу орнын бітірген уақытына дейін) отбасы балалары;
3-1) балалар үйі түлектері - қамқорлық және қамқоршылыққа алу органдарының шешімі бойынша жолданған балалар үйлерінің, балалар паналарының қамқорлығына алынғандар;
4) әлеуметтік көмек алушы - осы Ереженің 3 тармағының 1) -3-1) тармақшасында көрсетілген санаттар санынан Комиссия шешімімен Астана қаласының мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалған тұлға.
<*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
4. Әлеуметтік көмек қаланың тиісті жоғарғы оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерінде және тиісті қаржы жылына бөлінген қаражаттар шегінде беріледі.
5. Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бюджеттік бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (бұдан әрі - Әкімгер)" мемлекеттік мекемесі болып табылады" (бұдан әрі - Бағдарлама).
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ
қаулысымен
.
6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі - Астана қаласының бюджеті.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
7. Астана қаласының Білім департаменті Әкімгерге жыл сайын бірінші шілдеге дейін ағымдағы жылдың жалпы білім беретін мектептер түлектерінің осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар тізімін ұсынады.
8. Әкімгер жалпы білім беретін мектептер түлектерінің ұсынылған тізімдеріне сәйкес үміткерлерден әлеуметтік көмек алуға құжаттар қабылдауды жүргізеді және оның ұсынылған талаптарға сәйкестігін он күн ішінде қарастырады және одан әрі Комиссияға ұсыну үшін қорытынды дайындайды.
9. Кешенді тестілеу кезінде білім саласында орталық атқарушы органмен жыл сайын бекітілетін ең төменгі баллдан кем алған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындалуға жол берілмейді.
10. Әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу кешенді тестілеу кезінде алынған баллдардың ең жоғары көлемі бойынша жүргізіледі.
Баллдар тең болған жағдайда үздік куәлік иегерлері артықшылық құқығын алады.
11. Әлеуметтік көмек есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесі қаланың еңбек рыногында сұраныс құрылымына қарай жыл сайын Комиссиямен анықталады.
12. Комиссия жыл сайын 20 тамыз мерзіміне дейін әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын қарастырады және шешім шығарады.
13. Әкімгер Комиссия шешімі негізінде қаланың жоғарғы оқу орындарымен және әлеуметтік көмек алушылармен білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар (бұдан әрі - Шарт) жасайды (Ережеге 2-қосымша).
14. Әкімгер Шартқа қол қойғаннан кейін 10 банктік күн ішінде екінші банктің деңгейі арқылы әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен бірінші оқу жылына төлемақы жүргізеді.
Әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражат түскеннен кейін 3 банктік күн ішінде оқу ақысын төлеуге және төлем туралы түбіртекті Әкімгерге ұсынуға міндетті.
Келесі оқу жылдарына әлеуметтік көмекті төлеу жыл сайын оқу жылының басына жүргізіледі.
Әкімгердің келісімімен әлеуметтік көмек алушының есеп шотынан ақшалар алынады.
<*>
Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті
құжаттардың тізбесі
15. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлға Әкімгерге мынадай құжаттарды ұсынады (түпнұсқа мен көшірмелер):
1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке куәлігі (төлқұжат);
3) тұрғын үй есебінің кітабы;
4) ата-ананың қайтыс болуы туралы куәлігі (тұлдыр жетімдерге);
5) мүгедектікті растайтын құжат (бала жасынан мүгедектерге);
6) көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжат (көп балалы отбасы балалар үшін);
7) салық төлеушінің тіркеу номері, әлеуметтік жеке коды;
8) кешенді тестілеу өткізілген орны бойынша берілген тестілеу қорытындысын растайтын мемлекеттік сертификат.
16. Әкімгер жыл сайын 5 тамызға дейінгі мерзімде әлеуметтік көмек алуға үміткерлерден құжаттар қабылдауды жүргізеді.
17. Әкімгер жоғарғы оқу орнымен бірігіп, әлеуметтік көмек алушының оқуын бақылауды жүзеге асырады.
Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек көрсету қаражаттарының мақсатты пайдалануына бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі;
Жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік көмек алушының оқуы күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі.
<*>
Ескерту. 17-тармақ толықтырылды - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
18. Себепсіз оқуға қатыспағандықтан және үлгерімі төмен болғандықтан немесе басқа да жағдайлар негізінде тиісті жоғарғы оқу орынның Жарғысына сәйкес білім алушылар оқудан шығарылады.
Бес күн ішінде жоғарғы оқу орны әлеуметтік көмек алушыны оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынумен Әкімгерге хабардар етуге міндетті.
19. Комиссия жоғарғы оқу орны әкімшілігінің ұсынысы бойынша оқудан шығарылған әлеуметтік көмек алушының орнына Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ішінен бейінді мамандық бойынша осы жоғарғы оқу орнының басқа студентімен ауыстыруға құқығы бар.
Оқудан шығарылған студенттің орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда жоғарғы оқу орны шартты бұзған кезден бастап он банктік күн ішінде оқу шығындарын шегеру есебімен Астана қаласы бюджетінің кірісіне төленген қаражаттарды қайтаруды жүргізеді.
Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ
қаулысымен
.
20. Әлеуметтік көмек алушыны жоғарғы оқу орнынан шығарып тастаған жағдайда әлеуметтік көмекке төленген сомаларды өндіру жүргізілмейді.
20-1. <*>
Ескерту: 20-1-тармақ алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ
қаулысымен
.
21. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен және тиісті үлгідегі дипломды алғаннан кейін әлеуметтік көмек алушы он күн мерзімде Әкімгерге ол туралы хабардар етуге міндетті.
Астана қаласының жоғарғы оқу
орындарында оқу ақысын төлеу
үшін жалпы білім беретін
мектептер түлектеріне әлеуметтік
көмек тағайындау Ережесіне
1-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ қаулысымен .
Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті
___________________________
(аты-жөні)
___________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
__________________________
телефон _________ (бар болса)
Сізден______________________________________________________
(ЖОО атауы)
__________________________факультеті_____________________мамандығы
бойынша __________________________ ретінде оқу ақысын төлеу үшін
әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса тіркеймін:
1.____________________________
2.____________________________
3.____________________________
4.____________________________
5.____________________________
Күні______________ Қолы _____________
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 26 шілдедегі
N 3-1-1531қ қаулысына
2-қосымша
Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцяида жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ ; 2005 жылғы 15 тамыздағы N 23-10-604қ қаулыларымен.
Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу
үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне
әлеуметтік көмек тағайындау туралы
қалалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Мұстафина - Астана қаласы әкімінің
Сабила Сапарқызы орынбасары, комиссия төрағасы;
Демеува - "Астана қаласының Жұмыспен
Айгүл Сағадатқызы қамту және әлеуметтік
бағдарламалар департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры,
комиссия төрағасының орынбасары;
Әбуева - "Астана қаласының Жұмыспен
Ләззат Еркентайқызы қамту және әлеуметтік
бағдарламалар департаменті"
мемлекеттік мекемесінің "Алматы"
ауданының әлеуметтік жәрдемақылар
және тұрғын үй көмегін тағайындау
бөлімінің бастығы, комиссия
хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Аманбаев - "Астана қаласының Экономика және
Жолдымұрат Ермұханұлы бюджеттік жоспарлау департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры;
Рахымжанов - "Астана қаласының Білім
Әмірхан Мұратбекұлы департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры;
Сүлейменова - "Астана қаласының Қаржы
Бақытгүл Мұстафақызы департаменті" мемлекеттік
мекемесі директорының
орынбасары;
Сыздықова - "Астана қаласы мәслихатының
Бахыт Ахметқызы депутаты, "Ақ бота" қоғамдық
балалар қорының атқарушы
директоры (келісім бойынша);
Жасанова "Астана қаласының Мүгедек
Қамқа Мәдиқызы балалар қоғамы" қоғамдық
бірлестігінің төрағасы
(келісім бойынша).
Қаланың жоғарғы оқу
орындарында оқу ақысын
төлеу үшін жалпы білім
беретін мектептер түлектеріне
әлеуметтік көмек тағайындау
Ережесіне 2-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ қаулысымен .
Білім беру қызметтерін көрсетуге
ҮЛГI ШАРТ
Астана қаласы 200__ жылғы "__"_________
Жарғы негізінде әрекет ететін ______________________________
(жоғары оқу орнының атауы)
бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын ректоры _______________________
(аты-жөні)
бір тараптан, Ереже негізінде әрекет ететін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі бұдан әрі "Тапсырысшы" деп аталатын
бастығы _____________________________
(аты-жөні)
екінші тараптан және
___________________________________________
(әлеум. көмек алушының аты-жөні)
бұдан әрі "Студент" деп аталатын Астана қаласының бюджет есебінен
әлеуметтік көмек алушыға білім беру қызметтерін көрсету үшін осы
шартты жасасты.
1. "Орындаушы" "Студенттің" білім саласында орталық атқарушы
орган бекіткен жоғарғы білім мемлекеттік стандартына сәйкес
күндізгі оқу түрі бойынша ____________________________ мамандығына
оқытуға, оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін тиісті біліктілікті
иемдеп жоғарғы кәсіби білім туралы белгіленген үлгідегі дипломды
беруге міндеттенеді.
2. "Тапсырысшы" "Орындаушының" білім беру қызметтерін
ұсынғаны үшін осы шартқа сәйкес "Студенттің" оқу ақысын төлеуге
міндетті.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. "Орындаушы":
1) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына
қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес қаланың жоғарғы оқу
орындарына оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер
түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия
шешімінің негізінде қаланың жоғарғы оқу орнына азамат(ша)
______________________________ қабылдауға;
(аты-жөні)
2) "Орындаушы" "Студентті" білім беру құқығын дәлелдейтін
лицензиясымен, оның жарғысымен, ішкі тәртібі ережелерімен,
сондай-ақ "Орындаушының" оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және
қабылдау тәртібін реттейтін басқа да құжаттамалармен таныстыруға;
3) мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес
"Студенттің" оқуын қамтамасыз етуге;
4) оқуды ойдағыдай бітірген жағдайда "Студентке" білім
саласындағы орталық атқарушы органмен белгіленген мемлекеттік
үлгідегі дипломды беруге;
5) "Студенттің" келесі курсқа көшіру туралы бұйрықтың
көшірмесін жыл сайын "Тапсырыс берушіге" беруге міндетті;
6) Осы шарттың 6 тармағының 2 тармақшасында қарастырылған
негіздері бойынша бұйрықтың көшірмесін ұсыну арқылы бес күн ішінде
"Тапсырысшыға" "Студентті" оқудан шығару туралы хабардар ету.
4. "Тапсырысшы":
1) жыл сайын ақшалай қаражат лимитінің бөлінгеніне қарай
"Студенттің" оқу ақысын төлеу үшін оның дербес есеп шотына
бюджеттік қаражатты аудару арқылы әлеуметтік көмекті төлеуге;
2) "Орындаушымен" келісім бойынша "Студентке" оқу
практикасын өту орнын табуға жәрдемдесуге міндетті.
5. "Студент":
1) дербес есеп шотына қаржы сомасы түскеннен кейін 3 банктік
күн ішінде оқу ақысын төлеуге және төлем туралы түпнұсқаны
"Тапсырысшыға" ұсынуға;
2) "Орындаушының" оқу жоспарын дер уақытында орындауға;
3) "Орындаушының" оқу жоспарына сәйкес теориялық және
практикалық сабақтарға жүйелі қатысуға;
4) "Орындаушының" ішкі тәртібі ережесін сақтауға міндетті.
6. "Орындаушы":
1) "Тапсырысшы" мен "Студенттен" осы шартқа сәйкес алынған
міндеттемелерді тиісті орындауды талап етуге құқығы бар;
2) "Студентті" осы Шартта, "Орындаушының" Жарғысында немесе
ішкі тәртіп ережелерінде көзделген міндеттемелерді орындамағаны
үшін оқудан шығаруға құқығы бар;
3) мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін
жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек
тағайындау жөніндегі қалалық комиссияға оқудан шығарылған
әлеуметтік көмек алушының орнына тұлдыр жетім, бала жасынан
мүгедектер және көп балалы отбасы балалары ішінен бейінді мамандық
бойынша осы жоғарғы оқу орнының басқа студентімен алмастыстыру
туралы ұсынысты жолдауға құқығы бар.
7. "Тапсырысшы" "Орындаушы" мен "Студенттен" осы шартқа
сәйкес өзіне жүктелген міндеттемелерді адал және тиісті орындауды
талап етуге құқығы бар.
8. "Студент":
1) "Орындаушының" жарғысында қарастырылған тәртібі бойынша
"Орындаушы" кітапханасының оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет
қорын және оқу залын тегін пайдалануға;
2) өз пікірін және сенімін еркін айтуға;
3) өзіне сыйластық қатынасын талап етуге;
4) "Орындаушыдан" осы шартқа сәйкес өзіне жүктелген
міндеттемелерді адал және тиісті орындауды талап етуге құқығы бар.
3. Қызмет көрсету құны және есеп беру тәртібі
9. Жыл сайын "Тапсырысшы" оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік
көмектің төлемін 1 қарашадан кешіктірмей банктің екінші деңгейі
арқылы "Студенттің" дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару
жолымен жүргізеді.
"Студент" ақшалай қаражат түскеннен кейін 3 банктік күн
ішінде ағымдағы оқу жылы ақысын төлейді.
10. "Студенттің" ________ оқу жылының құны ______теңгені
құрайды және оқу жылының соңына дейін өзгертілмейді.
11. "Орындаушы" көрсетіп отырған білім беру қызметтеріне
белгіленген төлем мөлшерлерін "Тапсырысшыға" жыл сайын 1 тамыздан
кешіктірмей ұсынады.
"Студенттің" кейінгі оқу жылдарында оқу құнының өзгергені
жағдайда тараптар қосымша келісім арқылы осы шартқа өзгерістер
енгізеді.
12. "Студент" оқудан шығарылған жағдайда барлық оқу кезеңінде
төленген сомаларды "Тапсырысшыға" төлемейді.
13. "Тапсырысшы", "Орындаушы" және "Студент" Шарт немесе оған
байланысты туындаған барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей
келіссөздер арқылы шешуге бар күштерін салуға тиіс.
14. Егер тараптар Шарт бойынша дауды бейбіт жолмен шешпесе,
тараптардың әр қайсысы осы мәселенің шешімін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес талап етуге құқығы бар.
15. Егер шартқа отырғаннан кейін болған дүлей апаты, әскери
іс-қимылдары, ереуіл немесе басқа да алдын алуға мүмкін емес
жағдайлар кесірінен немесе тараптар көздемеген форс-мажорлық
оқиғалары салдарынан шарттық міндеттемелер жартылай немесе толық
орындалмаған жағдайда тараптар жауапкершіліктен босатылады. Осындай
жағдайда осы шарт бойынша алынған міндеттемелерді орындау мерзімі
аталған мән-жайдың созылған уақытына тең ұзартылады.
16. Осы Шарт бірдей заңды күші бар ______ данада жасалып
тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанша әрекет ету күшін
сақтайды.
17. Осы Шарт Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу
ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне
әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссияның
20___жылғы "___" _____________ шешімі негізінде жасалды.
18. Шарттың басталуы 20___ жылғы "__"________.
Шарттың аяқталуы 20___ жылғы "__"_____________.
6. Тараптардың заңды мекен-жайлары
"Тапсырысшы" "Орындаушы" "Студент"
_________________ ________________ ______________
(аты-жөні)
_________________ ________________ ______________
_________________ ________________ ______________
_________________ ________________ ______________
_________________ ________________ ______________
(директордың (ректордың (аты-жөні, қолы)
аты-жөні, қолы) аты-жөні, қолы)
М.О. М.О.
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 26 шілдедегі
N 3-1-1531қ қаулысына
3-қосымша
Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесін, құру және қалыптастыру тәртібін белгілейді.
<*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ
қаулысымен
.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) қаланың жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлер (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жалпы білім беретін мектептер түлектері ішінен тұлдыр жетімдердің, бала жасынан мүгедектердің, көп балалы отбасы балаларының, балалар үйлері түлектерінің құжаттарын қарастыру;
2) жалпы білім беретін мектептер түлектерінің іріктеуін өткізу және қаланың жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін оларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығару.
<*>
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
5. Комиссия негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мынадай қызметтерді атқарады:
1) қаланың еңбек рыногындағы сұраныс құрылымына қарай жыл сайын әлеуметтік көмек есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін бекітеді;
2) тиісті қаржы жылына сәйкес бөлінген қаражаттар шегінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын зерделейді;
3) әлеуметтік көмек алушының орнына әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалар ішінен бейінді мамандық бойынша осы жоғарғы оқу орнының басқа студентімен ауыстыру жөніндегі жоғарғы оқу орны әкімшілігінің ұсынысын қарастыру.
6. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жүктелген міндеттерді іске асыру барысында:
1) қаланың жоғарғы оқу орындарынан олардың мамандықтарының тізбесі, олардың құны туралы мәліметтерді сұрауға;
2) Департаменттен және басқа да мүдделі құрылымдардан осы және өзге де мамандықтарға оқыту қажеттілігі тұжырымдамасын сұрауға;
3) әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді Комиссия отырысына шақыруға құқығы бар.
<*>
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - Астана қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі
N 3-1-1750қ
қаулысымен.
4. Комиссия отырысын қалыптастыру және өткізу тәртібі
7. Комиссия жергілікті атқарушы органмен құрылады.
8. Комиссия отырысын Комиссия төрағасы, ол болмағанда жағдайда төраға орынбасары өткізеді.
9. Оқу жылы басталар алдында Комиссия отырысы 20 тамыздан кешікпей өткізілуі тиіс. Комиссияның ағымдағы отырыстары қажеттілік туған жағдайда өткізіледі.
10. Комиссия хатшысы әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің құжаттарын комиссия отырысына ұсынады.
11. Комиссия ашық дауыспен мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдайды. Бұл ретте Комиссия хатшысы дауыс беруге құқығы жоқ.
12. Комиссияның қатысқан мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Комиссия шешімі комиссияның хатшысы жүргізетін хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні хаттамаға қол қояды.
14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар және білдірген жағдайда оны жазбаша түрде мазмұндап, Хаттамаға тіркеуі тиіс.
15. Комиссия мүшелері қабылданған шешімге жауапты.