Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 3-1-1531қ "Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы N 3-1-396қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 шілдеде N 401 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен

       Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен
________________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бұдан әрі азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар құрылымдық және кадрлық өзгерістерге байланысты Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 3-1-1531қ, "Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылдың 6 тамызында N 341 болып тіркелген, 2004 жылдың 14 тамыздағы N 110 "Астана хабары" 2004 жылдың 12 тамыздағы N 110, "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) аталған қаулымен бекітілген Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау Қағидасында:
      5-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "5. Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бюджеттік бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (бұдан әрі - Әкімгер)" мемлекеттік мекемесі болып табылады" (бұдан әрі - Бағдарлама).";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:
      "Оқудан шығарылған студенттің орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда жоғарғы оқу орны шартты бұзған кезден бастап он банктік күн ішінде оқу шығындарын шегеру есебімен Астана қаласы бюджетінің кірісіне төленген қаражаттарды қайтаруды жүргізеді.";

      20-1-тармағы алынып тасталсын;
      жоғарыда аталған Қағиданың 1-қосымшасында:
      "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" сөздері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Қағиданың 2-қосымшасында:
      "2004" цифрлары "200__" цифрларымен;
      бірінші азат жолындағы "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті" сөздері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын;

      2) осы қаулының қосымшасына сәйкес аталған қаулының 2-қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін;

      3) жоғарыда аталған қаулының Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия туралы Қағидасында:

      3-тармақтағы: "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті" сөздері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласының әкімі орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсін.

      Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлімінің меңгерушісі

      "Астана қаласының Экономика
      және бюджеттік жоспарлау департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      КЕЛІСІЛДІ

      "Астана қаласының Ішкі
      саясат департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры

                                         Астана қаласы әкімдігінің
                                          2005 жылғы 7 маусымдағы
                                       N 3-1-396қ қаулысына қосымша

                                         Астана қаласы әкімдігінің
                                           2004 жылғы 26 шілдедегі
                                            N 3-1-1531қ қаулысына
                                                2-қосымша

   Астана қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу
үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне
әлеуметтік көмек тағайындау туралы
қалалық комиссияның
ҚҰРАМЫ

Мұстафина                      - Астана қаласы әкімінің
Сабила Сапарқызы                 орынбасары, комиссия төрағасы;

Демеува                        - "Астана қаласының Жұмыспен
Айгүл Сағадатқызы                қамту және әлеуметтік
                                 бағдарламалар департаменті"
                                 мемлекеттік мекемесінің директоры,
                                 комиссия төрағасының орынбасары;

Әбуева                         - "Астана қаласының Жұмыспен
Ләззат Еркентайқызы              қамту және әлеуметтік
                                 бағдарламалар департаменті"
                                 мемлекеттік мекемесінің "Алматы"
                                 ауданының әлеуметтік жәрдемақылар
                                 және тұрғын үй көмегін тағайындау
                                 бөлімінің бастығы, комиссия
                                 хатшысы;

                      Комиссия мүшелері:

Тамабаев                       - Астана қаласы әкімі
Қайырбек Жанбекұлы               аппаратының басшысы;

Асқарова                       - "Астана қаласының Қаржы
Айгүл Ермағанбетқызы             департаменті" мемлекеттік
                                 мекемесінің директоры;

Рахымжанов                     - "Астана қаласының Білім
Әмірхан Мұратбекұлы              департаменті" мемлекеттік
                                 мекемесінің директоры;

Орсариев                       - "Астана қаласының Ішкі саясат
Арын Амангелдіұлы                департаменті" мемлекеттік
                                 мекемесінің директоры;

Аманбаев                       - "Астана қаласының Экономика және
Жолдымұрат Ермұханұлы            бюджеттік жоспарлау департаменті"
                                 мемлекеттік мекемесінің директоры.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады