"Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N А-3/71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 3 ақпанда N 3211 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен

      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережесін  бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N№А-3/71 қаулысына (Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда N№2364 болып  тіркелген, 2004 жылғы 18 мамырда N№56 "Акмолинская  правда" газетінде жарияланған), Ақмола облысы  әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N№А-1/43  қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  есепке алына отырып (облыстық әділет департаментінде 2006 жылғы 21 ақпанда N№3180 болып тіркелген, 2006 жылғы 6 сәуірде N№37 "Акмолинская правда" газетінде  жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Жастардың  іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережесінің (бұдан әрі- Ереже):
      5-тармағы келесі мазмұндағы 4,5-тармақшалармен   толықтырылсын:
      "4) "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушы уәкілетті   органда жұмыссыз ретінде тіркелген, "Жастар іс тәжірибесінен" өтуге уәкілетті органмен осы Ереженің  3-қосымшасына сәйкес жеке еңбек шартын бекіткен жеке  тұлға;
      5) жұмыс беруші - "Жастар іс тәжірибесін"»  ұйымдастыруға уәкілетті органмен осы Ереженің  1-қосымшасына сәйкес шарт бекіткен заңды немесе жеке  тұлға";
      13-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен  толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган жұмыссызбен осы Ереженің  3-қосымшасына сәйкес жеке еңбек шартын бекітеді";
      14-тармақ келесі редакцияда берілсін:
      "14. Жұмыссызды Жастар іс-тәжірибесінен өткізу  үшін Жұмыс беруші жұмыссызды Уәкілетті органмен  бекітілген шартта көрсетілген мерзімге "Жастар  іс-тәжірибесінен" өтуге»қабылдағаны туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар іс-тәжірибесіне  қатысушыға білікті маман - тәлімгерді бекітеді";
      15-тармақтағы "жеке еңбек шартының көшірмесін  және/немесе", "жасалған жұмыс актілері"»сөздері алынып  тасталсын;
      18-тармақ келесі редакцияда берілсін:
      "18. Уәкілетті орган, егер Жұмыс беруші тарапынан  осы Ережеге 1-қосымшаның 2-тармағының 2-тармақшасында  көзделген міндеттер орындалмаған болса, онымен бекіткен шартты бұзуға құқылы";
      19-тармақтағы "еңбек шарты (контракт) бойынша"»   сөздері алынып тасталсын;
      Ережеге 1-қосымшадағы:
      2-тармақтың 2.2.1. - тармақшасындағы "саны  _______________" сөздері алынып тасталсын;
      жазбаша
      2-тармақтың 2.2.3.-тармақшасы келесі редакцияда  берілсін:
      2.2.3. "Жастар іс-тәжірибесінің" мерзімі аяқталған соң "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушыға іс-тәжірибеден  өткені туралы сын-пікір (кепілдеме хат) жазып береді".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің  орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады