Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15 бабына, "Мемлекеттік орман қоры участкілеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына сәйкес және қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінің қурауына жол бермеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі (Ақтөбе, Ұлы-Борсық, Мәртөк, Темір, Ойыл орман шаруашылықтарында) сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін жол берілмесін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2014 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Аудандардың әкімдері, Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне заңда бекітілген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағын орындау үшін қажетті шаралар қабылдансын;
2) мемлекеттік орман қоры участкелерінде ағаштар мен бұта тұқымдарын плантацияда өсіру жөніндегі, сондай-ақ жеке меншік орман өсіру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер участкелерін беру жұмыстарын ұйымдастырсын;
3) жыл сайын 5 маусымға және 5 қаңтарға "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнінде қолданылған шаралар және ағаштар мен бұта тұқымдарын плантацияда өсіру туралы ақпарат берсін;
4) ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын бақылауды және құрылып жатқан ағаштар мен бұта тұқымдары плантацияларын есепке алынуын ұйымдастырсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 07.11.2012 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2014 № 57 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 07.11.2012 № 398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Облыс Әкімі |