РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілер тізіліміне № 2904 тіркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттеріне 2004 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "10 жылға" деген сөздер "2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылық аумақтық басқармасы (М.Г. Аязбаев), орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне (М.І. Сартов, И. Көмекбаев, Р.Ш. Мифтахутдинов, А.С. Зирбаев, Ж. Мағауияұлы)" деген сөздер "Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (К.С. Аязов), орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне (М.М. Меңдібаев, И. Көмекбаев, Р.Ш. Мифтахутдинов, С.Ж. Молдақұлов, С.Ғ. Мусин)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы департаменті" ММ" деген сөздер "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Ә.Н. Картовқа" деген сөздер "Р.К. Кемаловаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |