Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына 2013 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2904 тіркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде 2004 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі (Ақтөбе, Ұлы-Борсық, Мәртөк, Темір, Ойыл орман шаруашылықтарында) сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін жол берілмесін.";
2-тармақтағы "(К.С. Аязов)", "(М.М. Меңдібаев, И. Көмекбаев, Р.Ш. Мифтахутдинов, С.Ж. Молдақұлов, С.Ғ. Мусин)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |