Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.07.22 № 96 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"Заңының 6 бабы мен Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Аудан аумағында Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 300, 311, 387 баптарының бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн қоса берiлiп отырған белгiленген Ережелерi бекiтiлсiн.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
7 сессиясының төрағасы хатшысы
Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 26 ақпандағы
7-сессиясының N 2 шешiмiмен
бекiтiлген
Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн
ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы"Кодексiнiң 3 бабына сәйкес осы ережелер аталған кодекстiң 300, 311, 387 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi азаматтардың жауаптылығын белгiлейдi.
1. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау саласындағы жауаптылық
1. Елдi мекендердiң шегiнде, көшелерде, гүлзарларда, алаңдарда, аулаларда өсiп тұрған жасыл желектердi (ағаштарды, гүлдердi, екпе шөптердi) сындыру, үзiп-жұлу, таптау, малға жегiзу, өртеу сияқты қасақана әрекеттер жасау;
2. Жасыл желектердiң қоршауын, суару қондырғыларын, құбырларын алып кету, iстен шығарып бүлдiру, жарақсыздыққа келтiру;
3. Жасыл желектер аумағына күл қоқыстар, тұрмыстық қалдықтар төгу;
2. Иттердi және мысықтарды күтiп ұстау жөнiндегi жауаптылық
4. Төл құжат алмау;
5. Әр түрлi жұқпалы ауруларға қарсы мал дәрiгерлiк бақылаудан өткiзбеу;
6. Әр түрлi ауруларға қарсы егуден, дәрiлеуден жалтару;
7. Бақылаусыз, байлаудан босатып жiберу;
8. Адам өмiрiне қауiп төндiру, денсаулығына зиян келтiру;
3. Елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру және инфрақұрылым объектiлерiн бұзу жөнiндегi жауаптылық
9. Белгiленбеген жерлерде күл-қоқыстар, тұрмыстық қалдықтар төгу;
10. Көше бойларына қалдық, лас сулар төгу;
11. Базар, дүкен, кеңсе ғимараттарының алдын жарақтандырмау;
12. Көше жарықтарын бүлдiру, сындыру;
13. Көше асфальты мен жолдарын зақымдану (техникамен ауыр сүйреткi заттар сүйрету, арықтарын қазу);
14. Су жағалауларын ластауға жол беру; (күл қоқыстар, қалдық заттар төгу, мал иiру т.б.)
15. Тұрғын үйлердi» көше беттерiне түрлi темiр терсек, ескi техникалар қою, мал байлау;
16. Тұрғын үйлердiң қоршау дуалдарын, шарбақтарын күтiмсiздiкке келтiру;
17. Елдi мекендерде тұрғын үйлердi, ғимараттарды және өзге де нысандарды бұзып алған меншiк иелерi аталған тұрғын үй, нысандар орындарын тазартпай, тегiстемей кету;
18. Гидротехникалық объектiлердi, бөгеттердi, дамбыларды бұзу, бүлдiру, аумағынан топырақ алу.