Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012.05.04 № 20 Шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 6, 7-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ырғыз ауданы аумағында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 300, 311, 387 баптарын бұзғаны үшін жауаптылық белгіленетін ережелері бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың төмендегі шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын:
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 300, 311, 387 баптарының бұзылғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін ережелерін белгілеу туралы» 2004 жылғы 26 ақпандағы № 2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2627, 2004 жылғы 2 сәуірдегі «Ырғыз» газетінің № 10 санында жарияланған)
«Ырғыз ауданы орталығы мен елді мекендерінде жеке тұлғалардың иттерді ұстау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 16 наурыздағы № 4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-5-50, 2007 жылғы 17 сәуірдегі «Ырғыз» газетінің № 16 санында жарияланған)
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы: хатшысы:
А.Жалдыбаева М.Өтемұратов