Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы N 3-403 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2004 жылы 22 сәуірде N 1575 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 9-1432 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 19.09.2016 № 9-1432 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдалану Ережесін бекіту туралы" N 1408 қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану Ережесі қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Түсіповқа жүктелсін.
      Аудан әкімі
      Аудан әкімінің бірінші орынбасары
      Аудан әкімі аппаратының басшысы
      Аппарат заңгері
      Жалпы бөлімнің бастығы
      Аудандық қаржы бөлімнің бастығы

  Аудан әкімиятының
2004 жылғы 16 наурыздағы
N 3-403 қаулысына
қосымша

Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану тәртібі

      Осы ереже аудан әкімі резервінің қаражатын бөлу және пайдалану ретін белгілейді.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
      Аудан әкімиятының резерві тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат.
      Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлауға болмайтын және ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруды талап ететін шығыстар.
      Аудан әкімият резервінің құрамында сот шешімдері бойынша аудан әкімдігінің немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қарастырылған қаражат.
      2. Аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға төмендегідей шаралар жатады:
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған жататын:
      1) төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      2) шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жабдықтармен қосымша жарақтандыру;
      3) төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдың тасымалдануын қамтамасыз ету.
      Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу.
      Аудан әкімиятының резерв қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталмауы керек.

2. Аудан әкімиятының резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың
тәртібі

      3. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлуді аудан әкімдігінің қаулысының негізінде, Заңмен белгіленген тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті несиелендіру мен шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды берудің, шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
      4. Аудан әкімиятының резерв қаражатының қатаң мақсатты бағыты болады, оны осы тәртіпте көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      5. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысын дайындаған кезде төмендегідей шарттар ескеріледі:
      1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
      2) сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
қаражат бөлу

      6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аудан әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қарайды.
      Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың ауқымы аудан аумағы болуы керек.
      7. Негіздемелік материалды берудің тәртібін және олардың тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлім анықтайды.
      8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлім белгіленген тәртіппен әкімдік жобасына төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы қаулы /шешім/ жобасын ұсынады.
      9. Аудан көлеміндегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою ауданның жергілікті атқарушы органдардың резервтік қаражаты есебінен және меншік түріне қарамастан, мекемелер қаражаттарынан қаржыландырылуы керек.

4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті
атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу

      10. Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу,соттың орындау құжаттары болған жағдайда, аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      11. Аудан әкімиятының міндеттемелерін өтеуге әкімдік резервінен қаражат бөлу туралы әкім қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімі заңда белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
      12. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы әкімдік қаулыларының жобасын жергілікті атқарушы органның өзі Заңда белгіленген тәртіппен ұсынады.

5. Бақылау және есептілік

      13. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімімен белгіленген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
      14. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын аудан әкіміне әкімиятының резерв қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
      15. Аудан әкімиятының резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны үшін алушы қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.
      16. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      Аудан әкімі
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады