Жамбыл облысындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарлама туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 2-9 (Екінші сессияның) шешімі. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 12 наурызында 1247 нөмерімен тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңның 6 бабы 1 тармағы 7 тармақшасына және 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарлама бекітілсін (қоса беріледі).

      2. Бағдарламаның орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың экология және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, адам құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

       Облыстық мәслихат                Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                 хатшысы

Жамбыл облыстық мәслихатының
2004 жылғы 30 қаңтардағы
"Жамбыл облысындағы құқықтық насихат
және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі
2004-2005 жылдарға арналған Бағдарлама туралы"
N 2-9 шешімімен бекітілген

  Жамбыл облысындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған бағдарлама

  1. Бағдарлама паспорты

      Бағдарламаның атауы:

      Жамбыл облысындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған бағдарлама 

      Бағдарламаны дайындау үшін негіздемелер:

      Қазақстан Республикасының  Конституциясы ; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949  Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы "Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" N 2347  қаулысы ; Ел Президентінің "Қазақстан 2030" Қазақстан халқына  жолдауы .

      Әзірлеуші:

      Жамбыл облысының әкімияты
      Жамбыл облысының әділет департаменті

      Мақсаты:

      Жамбыл облысы тұрғындарының, әсіресе ауылдық жерлердегілердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін көтеру;
      заңды құрметтеу дәстүрлерін қалыптастыру;
      облыстың барлық азаматтарын құқықтық тәрбиелеу.

      Міндеттері:

      халықтың барлық топтары арасында Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;
      жаңа заңдарды іске асыру үшін қажетті заңдар мен заңға тәуелді актілердің уақытылы түсіндірілуін қамтамасыз ету;
      оқу орындарының барлық түрлеріндегі әлеуметтік экономикалық жағдайлардың, жас ерекшелігі, психологиялық және азаматтардың өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа оқу жоспарлары мен жалпыға бірдей құқықтық оқу бағдарламаларын әзірлеу;
      мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін, құқықтық дайындық деңгейін көтеру;
      құқықтық жұмыста БАҚ, бүкіләлемдік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану.

      Қаржыландыру көздері

      Осы Бағдарламаны қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады; басқа жекелеген іс-шаралар бойынша гранттар, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың меншікті қаражаттары пайдаланылуы мүмкін.

      Күтілетін нәтижелер

      Бұл Бағдарламаны іске асыру азаматтардың құқықтық мәдениеттілігін, құқықтық ақпараттандырылу деңгейін айтарлықтай көтеруге, заңға құрмет пен құқықтық тәртіптің шынайы жағдайын орнатуға, әртүрлі санаттағы азаматтарға құқықты түсіндіру, құқықтық оқу және құқықтық тәрбиелеу жұмыстарымен қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдардың күштерін үйлестіруге мүмкіндік туғызады.

  2. Кіріспе

      Жамбыл облысы аграрлық аймақ болып табылады және тұрғындарының үлкен бөлігі ауылдық жерлерде тұрады.
      Жүргізілген реформалар нәтижесінде ауылдың экономикасы көп текті болып, өндірістің жаңа нарықтық инфрақұрылымы пайда болып жұмыс істей бастады. Ауылды реформалау адамдардың психологиясын өзгертіп, ауыл тұрғындары масылдық психологиядан арыла бастады және негізінен тек өз күштеріне сене бастады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде жасаған өзінің баяндамасында Елбасы жуық арадағы жылдардағы Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі ретінде ауылды дамыту және жүргізіліп жатқан реформалардың орта салмағын облыстық және аудандық деңгейге жылжытуды атап көрсетті. Жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың маңызды бөлігінің бірі құқықтық сауатсыздықпен күресу, құқықтық мәдениетті көтеру, ауыл тұрғындары арасында құқықтық оқуды ұйымдастыру болып табылады.
      Аудандық әкімияттардан алынған мәліметтерді талдау бүгінгі күні ауыл тұрғындарына көрсетілетін білікті заң көмегінің жетіспейтіндігін көрсетеді. Негізінен, құқықтық көмекті заң кеңестері мен нотариалдық кеңселер, сондай-ақ оларды жүргізу шегінде сәйкес мемлекеттік органдар көрсетеді. Облыстағы ауыл тұрғындарының төлем қабілетінің төмендігін ескерсек, ақылы заң көмегі олар үшін қол жетпейтін нәрсе. Алыстағы және тұрғындары аз елді мекендер заң білімі бар мамандармен мүлдем қамтылмаған. Аймақтардағы мемлекеттік органдар тек өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғана ақысыз заң көмегін көрсете алады, прокуратура органдары заң нормаларын түсіндіруді тек ресми өтініштерге ғана береді. Құқықтық білімдерінің төмендігі және құқықтық насихат жұмысының әлсіздігі ауыл тұрғындарының заңдармен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына кедергі келтіреді.
      Жамбыл облысында құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқудың 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерін белгілейді.
      Облыс тұрғындарын құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру, жастардың жоғары құқықтық санасын қалыптастыру, олардың санасында Заңға және мемлекетке деген құрметті тәрбиелеу, мемлекеттік аппарат қызметкерлері, органдар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің құқықтық мәдениетін жоғарылату бойынша құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік мекемелердің өзара іс-қимылдары олардың қызметін тиімді ұйымдастыруға мемлекет пен оның жалпы құрылымы жағынан ерекше назар аударуды талап етеді.
      Құқықтық насихат аясында әділет департаменті құқықты насихаттауды ұйымдастырудың ведомствоаралық үйлесімділігін, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 12 және 19-баптарына сәйкес заңдылықты түсіндіруге қатынасуын жүзеге асырады. Сондай-ақ, өз құзыреті шегінде әділет органдары мемлекет қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жұмыстарындағы заңдылық режимін сақтайды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
      Халықты құқықтық ағарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қылмыскерлік пен нашақорлықтың жоғары деңгейі әлі де болса байқалады. Бұл көріністерді жою үшін қылмыстық көріністер мен құқық бұзушылықтардың пайда болу себептерін зерделеу қажет. Мемлекет пен оның халқының алдында тұрған мәселелерге әділет органдары, құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың, Жамбыл облысының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан кешенді көзқарас қалыптастыру қажет. Тек бірлесе отырып қана Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі алға қойған міндеттерді шешуде күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Тұрғындардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту үрдісі біздің өмірімізде әлеуметтік аса маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады, себебі барлық жеке және заңды тұлғалармен құқық пен заң құндылықтарының қабылдануын қамтамасыз ете отырып, азаматтық келісім мен құқықтық тәртіпті нығайтуға септігін тигізеді. Бұл Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды құқықтық ағарту бойынша жұмысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама осы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатын болады.

  3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау

      Бүгінгі күні Жамбыл облысының ауылдық жерлеріндегі құқықтық ақпарат беру көздерінің жайы келесідегідей:
      Орташа есеппен, бір ауданда облыстық адвокаттар алқасының бір заң кеңесі және мемлекеттік нотариалдық кеңсе жұмыс істейді. Соңғы уақытта мемлекеттік нотариустардың қысқаруы байқалады, бұл мемлекеттік нотариустардың жекеше қызметтерге ауысуына байланысты. Кейбір аудандарда сондай-ақ жекеменшік адвокаттық кеңселер мен жекеше нотариустар қызмет көрсетеді, олар тұрғындарға құқықтық қызметті тек ақылы негізде атқарады.
      Облыста құқықтық сипаттағы қызметті облыстық адвокаттар алқасы да көрсетеді, адвокаттар азаматтық істер бойынша өкілдікті және қылмыстық істер бойынша құқықтық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Сонымен қатар соңғы жылдары тұрғындардың заң көмегіне сұранысы төмендеп бара жатқандығы байқалады. Бұл жағдайдың туындауына себеп ретінде тұрғындарда жеткілікті қаржы құралдарының жоқтығын, адвокаттардың алыс елді мекендерден кетіп қалуын, сондай-ақ кейбір басқа да жағдайларды атауға болады. Адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялары бола тұра, заңгерлер ондай қызметпен ауылдық жерлерде айналысқысы келмейтін жағдай туындап отыр.
      Жергілікті мемлекеттік басқару органдарында (әкімияттар, басқа да мемлекеттік органдар) негізінен бір заң кеңесшісінен тұратын заң қызметтері жұмыс істейді, бұл тіпті тек аудан орталығының тұрғындарына қызмет көрсету үшін жеткіліксіз. Тиісті аудан әкімдері бекіткен құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу туралы аймақтық бағдарламалар шеңберінде заң кеңесшілері ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың құқықтық сипаттағы сұрақтарына жауап беріп отырады. Бұл салада оларға Республикалық құқықтық ақпарат орталығы құратын компьютерлік ақпараттық-құқықтық "Заң" Деректер базасы қажетті көмек көрсетеді.
      Ауылдық деңгейдегі әкімдер аппараттарының штаттық кестесінде маман - заң кеңесшілері қарастырылмағандықтан заң мамандығы бар қызметкерлермен қамтамасыз етілмеген. 31400-ден (Мойынқұм ауданы) 95233 (Шу ауданы) адам саны бар облыс аудандары құқықтық ақпарат алу көздерімен өте аз қамтылған. Мысалы, 58517 тұрғыны бар Т.Рысқұлов ауданында азаматтардың  құқықтық кеңес ала алатын бар болғаны 4 объекті ғана бар. Ауылдық жерлерде заң білімі қажет етілетін жұмыс орындарының болмауы себепті құқықтанушы мамандардың ауылға деген қызығушылығы аз.
      Құқықты түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының мәселелері қоғам өмірінің барлық жақтарына қатысты өзара байланысқан және өзара шартты түсініктер болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдар, әсіресе жергілікті атқарушы органдар бұл жұмысқа оқу орындарын, ғылыми мекемелерді, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, бұл салада мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізуі тиіс. Проблеманың бүгінгі таңдағы жағдайын талдау жетілдірілген заңдылық шеңберінде жаңа тенденциялар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар есебінде қажеттіліктің пісіп жетілгенін көрсетеді. Біздің алдымызда құқықты қолдану тәжірибесін күшейту міндеті тұр, себебі, Заңдардың шынайы орындалуы, сот шешімдерінің орындалуы, адам мен азаматтық құқықтардың сақталуына септігін тигізетін қабылданатын шешімдер әділеттілігі қоғам мүшелері мен атқарушы органдары тұлғасындағы мемлекет арасындағы дұрыс таңдалған құқықтық қатынастар нысандарының айғағы болуы мүмкін.
      Құқықты түсіндіру жұмыстарында қате түсінілетін барлығын қамту қағидасын жеңе білу қажет. Тыңдаушылар құрамын, олардың білім деңгейлерін анықтауда, сондай-ақ олардың салалық бағыттағы сабақ түрлерін ескергенде саралап жіктеуге қол жеткізу керек. Ақпараттар ағымын тұрақты ұлғайту, оның ішінде құқықтық ақпаратты ұлғайту, оның жүйесіз сипаты оның жойылуына, тыңдаушылардың қабылдамауына апарып соқтырады. Сондықтан ең маңызды, түйінді мәселелерді бөліп көрсету, БАҚ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың біртіндеп жариялануына, түсіндірілуіне, проблемалық семинарлар, конференциялар, біліктілікті жоғарылату курстарын және басқаларының өткізілуіне қол жеткізген жөн.
      Әділет органдары, құқық қорғау органдары және басқа мемлекеттік органдар, облыстық мемлекеттік мекемелерінің күштері облыс тұрғындарына құқықтық насихаттауды ұйымдастыру және заң көмегін көрсетуге, оқушы жастар арасында жоғары құқықтық сананы қалыптастыруда олардың өзара әрекет етуіне шоғырлануы тиіс.
      Қазіргі уақытта мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының тұрғындарды құқықтық ағарту қызметі жалпыланған, жүйесіз сипатта. Көптеген елді мекендерде радио, телебағдарламалардың жеткіліксіздігі, газеттер мен журналдардың болмауы да азаматтардың құқықтық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізбейді, бұл әсіресе ауыл тұрғындарының мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғалтуға апарып соқтырады. Облыста заң мәселелерін жариялайтын беделді мерзімді басылымдар жоқ.
      Облыста "Жамбыл облысы Әкімі жанындағы мемлекеттік қызметшілердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату орталығы" қызмет атқарады, ол жерде "С", "D" және "Е" категорияларындағы мемлекеттік қызметшілердің бір апталық оқыту курстары жүргізіледі. Оқыту бағдарламасына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген конституциялық және әкімшілік құқық, ауылдық кәсіпкерлік пәндері және басқа да сұрақтар кіреді.

  4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

      Осы Бағдарламаның мақсаты:
      мемлекеттің және мемлекеттік құрылымдардың оңды имиджін қалыптастыру;
      құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастырудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
      оқушы жастардың заңға құрметпен қарау жоғары құқықтық санасын қалыптастыру;
      құқықтық білімдерді насихаттау аясында мемлекеттік аппарат, өкілді органдар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін көтеру.
      Міндеттері:
      мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетуде күштерін біріктіру;
      ауылдық жерлердегі тұрғындарға білікті құқықтық көмек көрсету;
      тұрғындардың құқықтық ақпаратқа кеңінен және еркін қол жетімділігін қамтамасыз ету;
      құқықтық білімді және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді таратуда жаңа ақпараттық технологиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін қолдану болып табылады.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

      Бағдарламамен қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажет:
      барлық құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелердің өзара әрекет етуі;
      мемлекеттік емес мекемелермен және облыстың БАҚ-мен байланыс орнату;
      БАҚ-да тұрақты әрекет ететін қолданылып жүрген заңдылықты және облыстық құқық қорғау және бақылау органдары өкілдерінің қатысуымен құқықты қолдану тәжірибесін түсіндіретін белгілі тақырыпта айдар ашу;
      құқықтық оқыту мәселелері бойынша аймақтық оқытушылар конференцияларын, семинарларын өткізу;
      құқықтық көмек пен ұйымдастырушылық-әдістемелік жәрдем көрсету;
      материалдық-техникалық базаны дамыту;
      білім беру мекемелерінде құқықтық оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін оқу процесін кешенді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, әдістемелік нұсқаулар дайындау.

  6. Бағдарламаны қаржыландыру көзі

      Бұл Бағдарламаның негізгі ережелерін қаржыландыру жергілікті бюджетте тұрғындарды құқықтық ағартуды жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттар шегінде жүргізілуі тиіс, басқа іс-шаралар бойынша гранттар, сондай-ақ ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың жеке қаражаттары пайдаланылуы мүмкін. Бағдарламаны іске асыруға жәрдемдесу қорын ашу қажет.
      Қазақстан Республикасының заңнамалары белгілі бір уақыт аралығына тұрғындарға білікті құқықтық көмек көрсетуге арналған бюджеттік бағдарламаны әзірлеп бекітуге құқықтық мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы"  Заңының 12 бабы 3 тармағы мәслихаттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдарға заңнамаларға қайшы келмей және республикалық бюджеттік бағдарламаларды қозғамай, қызметтің басқа бағыттары бойынша бюджеттік бағдарламалар енгізуге мүмкіндік береді.
      Осындай бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңында да қарастырылған.

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны және оның іске асыру Жоспарын қабылдау төмендегілерге мүмкіндік береді:
      заңға құрмет пен шынайы құқықтық тәртіп жағдайын жасау;
      әртүрлі санаттағы азаматтарды құқықты түсіндіру, құқықтық оқыту және құқықтық тәрбиелеу жұмысымен қамтамасыз етуде мемлекеттік, құқық қорғау және құқықты қолдану органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер күштерінің әлеуетке сай үйлесімділігі;
      тұрғындардың құқықтық ақпараттандырылуын жоғарылату;
      облыс тұрғындарының құқықтық санасында заңды құрметтеу, сондай-ақ патриоттық және заң тыңдаушылық жоғары сезімдерінің туындауын қалыптастыру;
      заң сауаттылығы деңгейін жоғарылату үшін тұрғындардың құқықтық ақпараттандырылуының қолда бар әлеуетін кеңінен пайдалану; 
      құқықтық тәрбиелеу процесінде туындайтын мәселелер мен міндеттер шеңберін анықтау және олардың шешілуіне шаралар қолдану.

  8. Бағдарламаны іске асыру бойынша негізгі іс-шаралардың
Жоспары


Іс-шаралар Аяқтау нысаны Орындауға (іске асыруға) жауаптылар Орындау(іске асыру) мерзімі Болжамы шығыстар қаржыландыру көзі
1 2 3 4 5 6 7

1

Ауыл тұрғындарына сол жерлерге барып құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін жедел топтар құру

Топтардыңжолға шығу кестесі

Әділет департаменті

2004 жылдың қаңтар айы

Талап етілмейді

-

2

Лауазымды тұлғалардың жасаған құқық бұзушылықтары туралы мақалаларды облыстық БАҚ-да жариялау

Мақалаларжариялау

Тәртіптік Кеңес, облыс Әкімінің баспасөз қызметі

Тұрақты

Талап етілмейді

-

3

Құқықтық білім мектептерінің қызметін жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

Әдістемелік ұсыным

Мемлекеттікқызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасы,әділет департаменті

2004 ж. 3-4 тоқсандары

Талап етілмейді

-

4

Азаматтарды құқықтық оқытуға арналған тиісті әдебиеттер, көрнекі құралдар дайындау және басылып шығарылуын қамтамасыз ету мен әдістемелік ұсыным әзірлеу

Әдебиеттер, көрнекі құралдар,әдістемелік ұсынымдар

Облыс әкімияты,
әділет департаменті мүдделі органдармен бірлесе отырып

2005 ж. 1 тоқсаны

Қаралған қаражат шегінде

Облыстық бюджет

5

Барлық аудандарда құқықтық көмек көрсету орталықтарын ашу мәселесін қарастыру

Құқықтық насихат жөніндегі Кеңестің мәжілісінде қарау

Әділет департаменті, аудан әкімдері

2004 ж 2 тоқсаны

Талап етілмейді

-

6

Бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, радио, теледидар) Қазақстан Республикасы-
ның қолданыстағы заңнамасын түсіндіретін айдарлар ұйымдастыру

Айдарлар ашу

Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері 

2004 жылдың 1 тоқсаны

Талап етілмейді

-

7

Барлық жергілікті атқарушы органдарды "Заңнама" мәліметтер базасымен қамтамасыз ету

Облыс әкімияты-на ақпарат

Тараз қаласы, аудандар әкімдері, жергілікті атқарушы органдар

2004 ж. 2 тоқсаны

Қаралған қаражаттар шегінде

Жергілікті бюджеттер

8

Облыс кітапханаларын қажетті заң
әдебиеттерімен қамтамасыз ету

Облыс әкімияты-на ақпарат

Тараз қаласы және аудандар әкімдері, мәдениет және білім басқармалары

2005 ж. 1 жарты жылдығы

Қаралған қаражаттар шегінде

Жергілікті бюджеттер

9

Облыс тұрғындарына заң қызметтерін (нотариалдық, адвокаттық және т.б.) көрсетумен толық қамту жөніндегі жұмысты  жалғастыру

Облыс әкімияты-на ұсыныстар

Аудан әкімдері, әділет департаменті

тұрақты

Қаралған қаражаттар шегінде

Жергілікті бюджеттер

10

Ауыл әкімдері аппараттарының штаттық кестесіне заң-кеңесшісі лауазымын енгізу мүмкіндігін қарастыру

Облыс әкімияты-на ұсыныстар

Аудандық, ауылдық округтердің әкімдері

2004 ж. 4 тоқсаны

Қаралған қаражаттар шегінде

Жергілікті бюджеттер

11

Ауылдық округтерде азаматтық хал актілерін тіркеу және нотариалдық әрекеттер жасау мәселелерімен айналысатын лауазымды тұлғаларды тұрақты оқыту мен тағылымдамадан өткізуді жүзеге асыру

Оқыту мен тағылымдамадан өткізуді жоспар-кестесі

Әділет департаменті 

Арнайы жоспар бойынша жылына кемінде екі рет

Талап етілмейді

-

12

Қолда бар мүмкіндіктер есебінен мемлекеттік басқару органдарында құқықтық жұмыс жөніндегі маманның қызметін жүзеге асыру үшін міндеттерді бөлуді қайта қарау

Облыс әкімияты-на ақпарат

Тараз қаласы және аудандар әкімдері, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары

2004 жылдың 1 маусымына дейін

Талап етілмейді

-

13

Құқықтық мәдениет қалыптастыруға,құқықтық оқытуды және тұрғындарды құқықтық тәрбиелеуге бағытталған құқықтық ақпараттандыру жөніндегі әртүрлі іс-шаралар өткізу

Тиісті қаулылар

Аудандар және Тараз қаласы әкімдері

Жылына 1 рет

Қаралған қаражаттар шегінде

Жергілікті бюджеттер

14

Құқық қорғау, фискалдық, сот және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының міндетті қатысуымен ай сайын "құқықтық қызмет ету күндерін" өткізуді ұйымдастыру

Облыс әкімияты-на ақпарат

Әділет департаменті, қала және аудандар әкімдері 

тұрақты

Қаралған қаражаттар шегінде

Жергілікті бюджеттер

15

Жыл сайын аудандық, қалалық, облыстық құқықтық білім олимпиадаларының өткізілуін ұйымдастыру

Облыс әкімияты-на ақпарат

Білім басқармасы, әділет департаментімен бірлесіп

Жыл сайын наурыз- сәуір айларында

Қаралған қаражаттар шегінде

Жергілікті бюджеттер

16

Жалпы білім беретін мектептерде құқықтық насихатты ұйымдастыруға байланысты жұмыстар жүргізу мақсатында М-Х. Дулати атындағы ТарМУ және басқа да ЖОО-ның жанынан заң факультеттерінің студенттері қатарынан дәріс беретін топтар құру

Облыс әкімияты-на ақпарат

Ішкі саясат департаменті, білім басқармасы

2004 және 2005 ж.ж. 1 жарты жылдығы

Қаралған қаражаттар шегінде

Облыстық бюджет

17

Облыс Әкімінің және әкімиятының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін, жұмыс нәтижелері туралы ақпараттар орналастыру мақсатында облыс әкімиятының WEB-сайтын құру

Сайтты ашу

Облыс Әкімінің баспасөз қызметі, ақпараттық-есептеу орталығы

2004 ж. 2 жарты жылдығы

Қаралған қаражаттар шегінде

Облыстық бюджет

18

Тұрғындардың, оның ішінде оқушылар мен студенттердің құқықтық білім деңгейлерін анықтау мақсатында жыл сайын әлеуметтік сауал жүргізу.

Нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Әділет департаменті, ақпарат басқармасы,білім басқармасы ЖОО-ның және бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен бірлесе отырып

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

      Қабылданған қысқартулар:
      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары;
      ЖОО - жоғары оқу орыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады