Облыстық бюджет қаржылары есебінен төлемдерді қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшалай түрде жүзеге асырудың тәртібі туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық әкімиятының 2004 жылғы 8 маусымдағы N 148 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 21 шілдеде 1408 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 25.09.2015 № 238 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Бюджеттік қаржыларды тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдер ережесінің 11 тарауының 124 тармағына сәйкес облыстық бюджет шығыстарының басымды бағыттарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық бюджет қаржыларын жұмсаудың мына басымды бағыттары белгіленсін:
      1) бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысы, ол бойынша бюджетке салықтар мен басқа міндетті төлемдер;
      2) арнайы мемлекеттік жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер;
      3) колледждер оқушыларына стипендиялар;
      4) коммуналдық қызметтер (газ, су), жылу, электр энергиясы және байланыс.
      2. Облыс Әкімінің қаржы басқармасы (Б.Аманбеков) және облыстық қазыналық басқармасы (А.С.Бақтымбет) (келісімі бойынша), облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және облыстық бюджеттік ұйымдар басшылары осы қаулымен белгіленген бюджеттік қаржыларды жұмсаудың тәртібін сақтауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н.Байбековке жүктелсін.
      Облыс Әкімі Б. Жексембин

      Келісілді:
      Облыстық қазыналық
      басқармасының бастығы
      А. Бақтымбет
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады