2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" N 38 қаулысына және облыстық Әділет департаментінен 12-ақпан 2004 жылы N 1198 болып тіркелген үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың ІІ сессиясының "2004 жылғы облыстық бюджет туралы және 2002 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы" 2004 жылғы 30-қаңтардағы N 2-4 шешіміне, облыстық Әділет департаментінен 12-ақпан 2004 жылы N 1197 болып тіркелген Жамбыл облысы Әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы N№24 "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" қаулысына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2004 жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен аудан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кредиттендіру бағдарламасының әкімшісі болып, аудан Әкімінің ауыл шаруашылық басқармасы бекітілсін.
2. Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауылшаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін облыстық бюджеттен ауданға бөлінген 35 млн. теңге кредит беруге ауылшаруашылық басқармасына бөлінсін.
3. Көктемгі егіс жұмыстарының өте қысқа мерзімде, қауырт, уақыт күттірмей өткізілетінін ескере отырып, облыстық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу және сатып алу үшін кредиттеуге түскен қаражатты жедел таратуды ұйымдастыру мақсатында "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 24 қаулысында қаралған ауданға бөлінген 35 миллион теңге сомасындағы қаражат есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге кредит беру үшін "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есеп беру нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы, бюджеттік кредит берудің қаржылық агентінің міндетін атқарушы, қарыз беруші банк болып белгіленсін.
4. 2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит берудің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін (N 1 қосымша).
5. Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің барлық нысандары үшін бюджеттік кредит беруге байланысты қолжетімділікті, тепе-теңдікті және кредит алушылардың өткізген құжаттарын іріктеу және қарау үшін ведомствоаралық сараптау комиссиясы қосымшадағы тізімге сәйкес бекітілсін (N 2 қосымша).
6. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге берілген кредитті беру тәртібі "2004 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит берудің Ережесіне" сәйкес атқару және осы кредитті 2004 жылдық 15 қарашасына дейін қайтаруды ұйымдастыру аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы және қаржы басқармаларына жүктелсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Б. Торғаевқа жүктелсін.
Аудан Әкімі А. Нұралиев
Аудан Әкімиятының
2004 жылғы 19 ақпандағы
"2004 жылдың көктемгі егіс
және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге
кредит беру туралы"
N 9 қаулысына
1 қосымша
2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру
Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін, 2004 жылға облыстық бюджеттен бөлінетін кредиттік ресурстарды беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының басымдықтарын ескере отырып және олардың егіс көлемдеріне қарай, 2004 жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен, облыстық бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтарындағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" N 38 қаулысына сәйкес, 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге кредиттік ресурстар бөлінеді.
3. Сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша берілетін кредиттік ресурстар, жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу және сатып алуға арналады.
Кредиттік ресурстарды бөлгенде минералды тыңайтқыштарды сатып алуға тапсырыс берген ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің жобалары басым деп есептелсін.
4. Несие беру туралы аудан әкімиятының қаулысына сәйкес, аудандық қаржы бөлімі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кредиттеу үшін бөлінген қаражатты аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына бөледі.
5. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әрекет етуші аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан Әкімінің қаржы басқармасы және кредит алушылар үш жақты кредиттік келісімдер жасайды, соған сәйкес кредит алушылар жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу және сатып алу үшін кредиттік ресурстар ретінде пайдаланылатын облыстық бюджет қаражатының уақтылы және толық қайтарылуына кепілдік береді.
Бюджеттік кредит белгіленген мерзімде қайтарылмаған жағдайда аудан Әкімінің ауыл шаруашылық басқармасы кредит алушының кепілдікке қойған мүлкін Заңда көрсетілген тәртіпте тәркілейді.
6. Аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы және ауылдың округ әкімдері облыс халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде іркілісті болдырмау, тауарлы астықтың қорын жасау мақсатында, облыстың нан қорын жасақтау үшін, кейіннен облыс Әкімияты анықтаған сатып алушыға өткізілетін (сатылатын) 3-ші кластан төмен емес бидайды 2004 жылдың қыркүйегіндегі қалыптасқан бағамен астық өндірушілерден өнімнің 5 % дейінгі көлемінде сатып алуды ұйымдастырсын.
2. Құжаттарды тапсыру тәртібі
7. Кредит ресурстарын алуға несие алушылар төмендегі құжаттарды аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырады: техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігімен қоса құжаттар көшірмесі, жер беру актісі мен жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін), ауыл әкімдерінің кредит беруге болады деген ұсынысы, кепілдікке қойылатын мүлік тізбесі, салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы қаржы органынан бұрын берілген бюджеттік кредит бойынша қарыздары жоқтығы туралы, сол сияқты өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар тапсыруы тиіс. Осы көрсетілген құжаттардың біреуі кем болған жағдайда, құжаттар толық болғанға дейін тіркеуге алынбайды және тиісті құжаттарды тапсыру кезегі қатаң сақталады.
8. Аудан әкімиятының қаулысымен құрылған ведомствоаралық сараптау комиссиясы шаруашылықтар ұсынған жобаларды аптасына екі рет іріктеп, талапқа сай жобаларды аудан Әкімінің ауыл шаруашылық және қаржы басқармаларына үш жақты кредиттік келісім шарт жасауға жібереді.
9. Үш жақты келісім шарт жасалып болған соң, кредит алушының есеп шотына тиісті қаржы аудан Әкімінің ауыл шаруашылық басқармасының есебінен тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады.
Кредит алушы алған қаражатты мақсатты пайдалануға, соған сәйкес жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу және сатып алу үшін кредиттік ресурстарды жаратуға міндетті.
10.Құжаттар қабылдайтын комиссия хатшысы аудан Әкімінің ауыл шаруашылық басқармасында отырады.
3. Бюджеттік кредиттерді өтеу және қызмет көрсету тәртібі
11. Бюджеттік кредиттерді өтеу және қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесінің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады, бұл жағдайда:
1) несие алушы кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін заңсыз пайдаланған кредит сомасын өндіре отырып, кредит шартында айтылған мөлшерде, көлемі қаржы министрлігі анықтайтын тәртіппен айыппұл өндіріледі.
2) несиелік шартында белгіленген мерзімде негізгі борышты өтемеген жағдайда, қолданудағы заңнамаларға сәйкес, жинақтаған берешектерге айыппұл проценттері есептеледі.
4. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау
12. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ережесінің 31 тарауына сай жүзеге асырылады.
Аудан Әкімиятының
2004 жылғы "19" ақпандағы
"2004 жылдың көктемгі егіс
және егін жинау жұмыстарын
жүргізуге кредит беру туралы"
N 9 қаулысына N 2 қосымша
Кредит алушылардың өткізген құжаттарын іріктеу және қарау үшін құрылған ведомствоаралық сараптау комиссиясының құрамы:
Үкібаев Н. - аудан Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Омаров Б. - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Ноғаев А. - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Бердияров О. - аудандық аумақтық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Дүйсенбеков К. - аудандық аумақтық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары;
Жапаров Е. - аудандық шаруа қожалықтары одағының төрағасы;
Етекбаев И. - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы-есепшісі;
Құмғанбаев Ж. - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
Қалмахан С. - Байзақ ауданы Әкімінің шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету комитетінің төрағасы;
Торғаев Б. - аудан Әкімінің орынбасары.