2004 жылдың көктемгi-егiс және егiн жинау жұмыстарын дер кезiнде жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылғы көктемгi-егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 38 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Аудан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне 2004 жылдың 15 қарашасына дейiнгi мерзiмде қайтару шартымен республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен, жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу және сатып алу үшiн кредит беруге аудандық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлiнсiн.
2. 2004 жылдың көктемгi-егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн ауыл шаруашылығы өнімін өндiрушiлерді несиелендірудің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.
4. Бюджеттік несиелеудің қаржылық агентінің міндетін атқарушы және қатысушы банктерді конкурс бойынша іріктеу, сол сияқты соңғы несие алушылардың өткізген құжаттарын сараптау үшін мынадай құрамда аудандық конкурстық комиссия құрылсын:
Ахметжанов Ильяс Бекботшаұлы |
аудан Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы. |
Бұтабаев Садық Салыұлы |
аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары. |
Найзабеков Төребек Қайсарұлы |
аудандық экономика басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы |
Иманбетов Бақытжан Молдақұлұлы |
аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі. |
Қалқабаева Айнабүбі Асанқызы |
аудандық экономика басқармасының бастығы, комиссия мүшесі. |
Тоқпанбетов Мұрат Қабылжанұлы |
аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі, комиссия мүшесі. |
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесінің" 18 тарауына сай соңғы несие алушы - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді бюджеттік несиелеуді жүзеге асырушы қаржылық агентінің міндеті жүктелетін заем беруші банкті анықтау үшін конкурстық комиссия екінші деңгейдегі банктер арасында тендер өткізсін.
6. Осы бюджеттік несиені қайтару мерзімі 2004 жылдың 15 қарашасына дейін деп белгіленсін.
7. Осы қаулы Жамбыл облыстық Әділет департаментінен тіркеуден өткізілгеннен кейін күшіне енеді.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары І.Б. Ахметжановқа жүктелсін.
Меркі ауданының Әкімі Б. Қарашолақов
Аудан әкiмиятының
2004 жылғы 15 наурыздағы
"Аудан ауыл шаруашылығы
өнімін өндірушілеріне 2004
жылдың көктемгi-егiс және
егiн жинау жұмыстарын
жүргiзуге несие беру туралы"
N 100 қаулысымен бекiтiлген
2004 жылдың көктемгi-егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн аудан ауыл шаруашылығы өнімін өндiрушiлерiн несиелендірудің Ережесі
1. Осы Ереже көктемгi-егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн 2004 жылға республикалық бюджеттен бөлiнетiн несиелік ресурстарды беру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
2. Өсiрiлетiн ауыл шаруашылық дақылдарының басымдықтарын ескере отырып және олардың егiс көлемдерiне қарай 2004 жылдың 15 қарашасына дейiнгi мерзiмде қайтару шартымен, республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылғы көктемгi-егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға несие берудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 38 қаулысына сәйкес 2004 жылдың көктемгi-егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне несиелік ресурстар бөлiнедi.
3. Ауыл шаруашылығы жобаларын бюджеттік несиелеудің негізгі шарттары, несиелерді осы Ережелерде қарастырылған мақсаттарға бағыттау, бюджеттік несие сомасынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз көлемінде жылдық сый ақы төленуін ескере отырып, несиелердің дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету.
4. Ауыл шаруашылығы жобаларын несиелеу кезінде конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша белгіленген несие беруші банктер осы ереженің талаптары негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісімен бірге нақты бюджет бағдарламасының шарттарын және оны жүзеге асыруға қатысу дәрежесін белгілейді, несие келісімдерін жасайды және соған қатысты құжаттар (кепілдік шарт, төлем кестелері және т.б.) дайындайды.
5. Аудан Әкімі және банктер келісім жасасуға құқылы, соған сәйкес банктер ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыруда несие ресурстары ретінде пайдаланылатын бюджет қаражатының уақтылы және толық қайтарылуы бойынша кепілдік береді.
Несие шартында сол сияқты несиенің түрі, саласы, мерзімі және несиені алу мен өтеудің өзге шарттары мен міндеттері, оларды қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдері, соңғы несие алушыларға банктердің несие беру шарттары, сыйақылардың мөлшері және тәртібі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері, келісім шарттары орындалмаған жағдайда салынатын санкциялар, даулы мәселелердің шешілу тәртібі, шарттық қолдану мерзімі көрсетіледі.
Келісім жасасқаннан кейін үш күн ішінде олар аудандық Қазынашылық бөлімінде тіркеуден өткізілуі тиіс.
6. Несие беруші - банктерді іріктеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесінің" 18 тарауына сай конкурстық комиссия жүзеге асырады.
2. Жобаларды қабылдау, қарау және мақұлдау тәртібі
7. Несие алуға талап білдіргендер ұсынатын ауыл шаруашылығы жобаларын аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына өткізеді. Бұл жобаларды аудандық конкурстық комиссия хатшысы қабылдайды. Құжаттар, несиелеу туралы қаулы аудандық газетке шыққан күннен бастап 15 күн ішінде қабылданады.
Соңғы несие алушылардың құжаттарына қойылатын талаптар:
техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар;
меншікке иелік құқығы туралы заңды құжаттар көшірмесі;
жер беру актісі;
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі;
соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін);
құжаттардың көшірмесі қоса тіркелген кепілге қойылатын мүлік тізбесі;
салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы;
өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы;
аудандық жер инспекциясының бекітілген жердің пайдалану, жағдайы туралы;
жергілікті қаржы органынан жергілікті бюджеттен алған несиеден қарызы жоқтығы жөнінде анықтамалар тапсыруы тиіс.
Осы көрсетілген құжаттардың біреуі кем болған жағдайда, құжаттар тіркеуге алынбайды.
Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы шаруашылықтар ұсынған жобаларды іріктеп болғаннан кейін, бір апта ішінде олардың салалық даму бағдарламаларына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын береді, жобаларды несие беруші банктерге жібереді.
8. Жобаны кешенді сараптауды несие беруші- банк жүзеге асырады
Несие беруші-банктер мынандай жолдар арқылы соңғы несие алушылардың ұсыныстарын сараптайды:
несие алушылардың төлем мүмкіндігі мен бюджет несиелерін өтемеу тәуекелдерінің дәрежесін талдау, техника-экономикалық және жобаның қаржылық көрсеткіштерін талдау, несиені өтеудің көздері мен қамтамасыз етілуін тексеру.
9. Тапсырылған жобаларға қатысты қабылданған шешімдерімен бірге жүргізілген банк сараптауларының нәтижелерін несие беруші- банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 178 пунктіне сай келісілу үшін аудандық конкурстық комиссияға жолдайды.
Несиелеу туралы қабылданған оңды шешімдер нәтижелері бойынша заем беруші- банк пен заем алушы арасында несиелік келісім жасалады, сол сияқты бюджеттік несиелерге қатысты басқа да құжаттар рәсімделеді.
10. Келісімдер жасасқаннан кейін несие беруші банктер несие алушыларға несиелік шоттар ашады, несиелік келісімдерге сай оларға бюджеттік несиелер аударылады. Аталған шоттан несиелер заем алушының есепшотына ақша аудару не оның төлемдік құжаттарын төлеу арқылы жүргізіледі.
3. Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету
11. Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады.
4. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау
12. Бюджет несиелерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, көрсетілген Ереженің 31 тарауына сай жүзеге асырылады.