РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" N 38 қаулысына, облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 30 қаңтардағы үшінші шақырылған 11 сессиясының "2004 жылғы облыстық бюджет туралы және 2002 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы" N 2-4 (Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылы 12 ақпанда N 1197 болып тіркелген) шешіміне және Жамбыл облысы әкімдігінің "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы" 2004 жылғы 12 ақпандағы N 24 қаулысына (Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылы 12 ақпанда N 1199 болып тіркелген) сәйкес және 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Шу аудандық мәслихатының 2004 жылғы ақпанның 13-дегі N 4-2 шешімінің негізінде Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2004 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен аудан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін облыстық бюджет есебінен бөлінген 40,0 млн.теңге несиені ауданның, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне берілсін.
2. 2004 жылдың көктемгі - егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендірудің қоса беріліп отырған ішкі Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алу және сатып алу үшін пайдаланатын несие ресурстарын алуға барлық ауыл шаруашылық нысандарына бірдей мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етілсін.
4. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алуға пайдаланылатын несиелендіру тетігі бекітілген ішкі ережеге сәйкес жүргізілсін.
5. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің барлық мүмкіндіктерін ескере отырып бюджеттік несиенің кірісін, бөлінуін, өтелуін және несиені пайдалану жұмыстарын қадағалау үшін мына құрамда комиссия құрылсын:
Өмірәлиев Ержан Көрікбайұлы - аудан Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Ниязбеков Болат Кемелханұлы - Шу ауданы Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Кененбаев Серікбай Бәрменбекұлы - аудан Әкімі ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Байжанов Қыдырбай Аманжолұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Жиенбеков Есмахан - аудан Әкімі экономика басқармасының бастығы
Есболғанова Ғалия Көшкінбайқызы - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы
6. Несие қаржының мақсатты жұмсалуын және қайтарылуына жауапты бюджеттік жоба бағдарламасының әкімшісі болып аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы белгіленсін.
7. Ауыл шаруашылығы басқармасы /Б. Ниязбеков/ нан өнімдерімен қамтамасыз етуде іркілісті болдырмау үшін, астықтың азықтық қорын жасау мақсатында, облыстық нан қорын жасақтауға, кейін облыс әкімияты анықтаған сатып алушыға өткізілетін (сатылатын) 3-ші кластан төмен емес бидайды, 2004 жылдың қыркүйегіндегі қалыптасқан бағамен астық өндірушілерден өнімнің 5 % дейінгі көлемінде сатып алуды ұйымдастырсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Е. Өмірәлиевке жүктелсін.
Аудан Әкімі | Б. Рысмендиев |
Аудан Әкімдігінің "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы" 2004 жылғы "27" ақпандағы N 21 қаулысына қосымша |
2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін аудандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін несиелендірудің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін, 2004 жылға республикалық бюджеттен бөлінетін несиелік ресурстарды беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.2. Өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының басымдықтарын ескере отырып және олардың егіс көлемдеріне қарай, қайтару мерзімі 2004 жылдық 25 қарашасына дейінгі шартпен, республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 38 "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарды несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына және 2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін аудандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге несиелік ресурстар бөлінеді.
3. Үстеме ақысыз /мүдде/ берілетін несиелік ресурстар, жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірудің жанар-жағар май материалдарын тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер, сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін жұмсалу керек.
4. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының негізінде әрекет етуші аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандық қаржы бөлімі және аудан Әкімі үш жақты несиелік келісім жасайды, соған сәйкес жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алуға несиелік ресурстар ретінде пайдаланылатын облыстық бюджет қаражатының уақытылы және толық қайтарылуына аудан әкімі кепілдік береді.
Бюджеттік несие белгіленген мерзімде қайтарылмаған жағдайда аудандық қаржы бөлімі тиісті жергілікті бюджеттердің ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операциялары тоқтатылады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 маусымда 2367 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2003 жылғы 21 мамырдағы "Облыстық бюджеттерге Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы" N 206 бұйрығына сәйкес аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының берген қорытындысы негізінде бюджет несиесінің сомасы аудандық бюджет шоттарының есептерінен шығарып тасталады.
2. Құжаттарды тапсыру тәртібі.
Несие ресурстарын алуға, несие алушылар төменгі құжаттарды аудандық ауыл шаруашылық басқармасына тапсырады: техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы құжаттар көшірмесі, жер беру актісі мен жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы /заңды тұлғалар үшін/, кепілге қойылатын мүлік тізбесі, салық органдарынан бюджет алдында қарызы жоқтығы туралы, қаржы органынан бұрын берілген бюджеттік несиеден қарыздары жоқтығы туралы, сол сияқты өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар тапсыруы тиіс.Бұл жерде белгіленген лимит бойынша тиісті несие ресурстарын алу үшін несие алушыларының тиісті құжаттарды тапсыру кезегі қатаң сақталуы тиіс.
3. Бюджеттік несиелерді өтеу және қызмет көрсету тәртібі
Бюджеттік несиелерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдер Ережесінің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады.Бюджеттік несиелерді беру және қызмет көрсету комиссиясының құрамы несие алушылардың өткізген құжаттарын сараптап несие алушыны анықтауы қажет. Аудандық ауыл шаруашылық басқармасынан анықталған несие алушыларға 40 млн.теңге берілсін.