Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихаттың Регламентіне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Ескерту. Қарағанды қалалық мәслихаттың 2001.12.12 N 6 шешімі РҚАО-на түспеген.
1) 2 бапты алып тастау.
2) 8 бап келесі редакцияда мазмұндалсын: "Кезекті сессияларды уақытында сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін, сессия төрағасымен, мәслихат аппаратымен белгіленген тәртіпте берілген мәліметтер негізінде, сессияда қарастыруға жоспарланған сұрақтар тізбесін дайындайды.
Сұрақтар тізбесі мәслихат аппаратымен депутаттарға жіберіледі. Қажет болған жағдайда сұрақтар тізбесі басқа мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар басшыларына сессия төрағасы, мәслихат хатшысы нұсқауымен жіберіледі.
Мәслихат әрекетін нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін шарт негізінде әр түрлі сала мамандары тартылады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының нормаларына сәйкес мәслихат шығындар сметасында мамандарға тиісті қаржы салынады".
3) 12 бап келесі редакцияда мазмұндалсын: "Мәслихатқа шешім жобасы бойынша жіберілетін мәліметтерде болу керек:
1) шешім жобасы;
2) ынта білдірушінің ұсынысы және баяндамашының аты-жөні;
3) шешімді қабылдау қажеттілігін түсіндіретін түсіндірме хат, толық жазылған мақсаттары мен міндеттері, қабылданған шешімнің болжаулы салдары және негізгі себептер;
4) егер ол шығынды қажет етсе, қаржы-экономикалық есебі;
5) шешімдер жобаларын атқарушы органдарға жіберілген кезде қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің әрекеттегі заңдылыққа сәйкестік қорытындысы;
6) көңіл аударған органдармен келісілу, олардың басшыларының визалары.
Шешімдер жобаларын және қосымшаларды, жобаны дайындаған органның бірінші басшысы әр парағын парафирлейді".
4) 15 бап келесі редакцияда мазмұндалсын: "Қажет болған жағдайларда Мәслихат уақытша комиссияға осы регламенттің 14 бабында келтірілген функцияларды орындауын және сессияға шығарылатын сұрақ бойынша шешім жобасын дайындауды тапсырады, оның жұмысына мемлекеттік органдар, мекемелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдар өкілдерін, азаматтарды тартуға болады.
Тартылған тұлғалар өз қорытындыларын жазбаша түрде береді, қолмен, бар болған жағдайда мөрмен куәландырылған".
5) 20 бапта ""Орталық Қазақстан" және "Индустриальная Караганда" газеттерінде" сөздері "бұқаралық ақпарат құралдарында" сөздерімен ауыстырылсын.
6) 52 бап келесі редакцияда мазмұндалсын: "Қабылданған шешім ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді, егер мәслихатпен оның күшіне ену басқа мерзімі белгіленбесе. Мәслихат шешімдері оның аппаратымен орындаушыларға және көңіл бөлген адамдарға жеткізіледі. Оның құзыры шегінде қабылданған мәслихат шешімдері және азаматтардың құқығына, еркіндігіне және міндеттеріне қатысты болса және жалпы міндетті маңызы және ведомствоаралық сипаты болса облыстық әділет Департаментінде тіркелуге және ресми жариялануға жатады. Жобасы бұрын қала халқымен талқылау үшін жарияланған шешім, жергілікті баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға жеткізілуі тиіс".
7) 75 бапта ""Орталық Қазақстан" және "Индустриальная Караганда" газеттерінде" сөздері "бұқаралық ақпарат құралдарында" сөздерімен ауыстырылсын.
8) 84 бапта "Орталық Қазақстан" және "Индустриальная Караганда" газеттерінде тыңдауға екі апта қалғанда" сөздері "бұқаралық ақпарат құралдарында тыңдауға бір апта қалғанда" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Нормативтік-құқықтық актінің құрылымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қаулысының 13 тармағы 4 тармақшасының талаптарына сәйкес келтірілсін:
1) қалалық Мәслихаттың шешімдегі тарауларының рим сандарын араб сандарына ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша баптарды тармақ деп саналсын;
3) 1 баптың тармақшаларының нөмірлері а); б); в); г); д) орыс әріптерінен 1); 2); 3); 4); 5) араб сандарына жақшаларымен ауыстырылсын;
4) 3 баптың дефистері 1); 2); 3); 4); 5) араб сандарына жақшаларымен ауыстырылсын;
5) 28 баптың дефистері 1); 2); 3); 4); 5) араб сандарына жақшаларымен ауыстырылсын;
6) 50 баптың 1.; 2.; 3. тармақшалардың нөмірлері 1); 2); 3) ауыстырылсын;
7) 68 баптың дефистері 1); 2); 3); 4); 5) араб сандарына жақшаларымен ауыстырылсын.
8) 69 баптың 1.; 2.; 3.; 4. тармақшалардың нөмірлері 1); 2); 3); 4) ауыстырылсын;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау адам құқығы, заңдылық, этика, наградалар, регламент, атаулар және атын өзгерту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Кистанов С.П.).
ІІІ шақырылған қалалық
мәслихаттың VI сессия төрағасы Т. Әшімов
Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов