Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып, жою жөнінде аудандық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімиятының 2004 жылғы 06 қаңтардағы N 01/10 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 18 ақпанда N 1424 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 14/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2007.06.01 N 14/03 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19-1 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", 1997 жылғы 7 мамырдағы N 100-1 "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңдарына сәйкес әкімият қаулы етеді:
      1. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып, жою жөнінде аудандық комиссия құрып, аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілсін (N 1 қосымша).
      2. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып, жою жөніндегі комиссияның ережесі бекітілсін (N 2 қосымша).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ш.Қ. Тәнкебаевқа жүктелсін.

                                                 Ә. Әбдіханов

Абай ауданы әкімиятының
2004 жылғы 06 қаңтардағы
N 01/10 қаулысына
N 1 қосымша
"Төтенше жағдайларды ескерту
және соңын алып, жою жөнінде
аудандық комиссия құру туралы"

Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

1

Тәнкебаев Шахмұрат Қамалұлы

- аудан әкімінің орынбасары
- төраға

2

Сергеева Нина Васильевна

- аудан әкімінің орынбасары
- төраға орынбасары

3

Бимағанбетов Марат Айтбайұлы

- төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман міндетін атқарушы - төраға орынбасары

4

Аглиулин Александр Минвалиевич

- Абай қаласының әкімі
- төраға орынбасары

5

Ульянкина Татьяна Ивановна

- сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы - хатшы

Комиссия мүшелері:

6

Үсенова Сарқыт Серікқызы

- әлеуметтік сала бөлімінің бастығы

7

Сейілов Әділ Келдешұлы

- экономика және кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы

8

Әшімов Құсайын Әшімұлы

- ауыл шаруашылық Департаменті бөлімінің бастығы

9

Белан Наталья Григорьевна

- "Абай аудандық медициналық бірлестігі" Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорының директоры (келісім бойынша)

10

Лейкин Михаил Давыдович

- "Орталық қалалық емхана" Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорының директоры (келісім бойынша)

11

Дәуітпаева Гүлнәр Төлеуқызы

- Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы

12

Ким Виктор Васильевич

- "Благоустройство-7" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

13

Тайлақбаев Асылхан Назымханұлы

- Қарабас кентінің теміржол станциясының бастығы (келісім бойынша)

14

Садық Сайран Әбдуәліұлы

- аудандық қаржы бөлімінің бастығы

15

Көрпешова Бақытжан Қазбекқызы

- аудандық білім бөлімінің бастығы

16

Күзембаев Алтай Олжабергенұлы

- "Абай электр торабы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің конкурстық басқарушысы (келісім бойынша)

17

Лапшаков Александр Петрович

- "Абай жылу торабы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

18

Мартынов Владимир Николаевич

- суда құтқару станциясының бастығы (келісім бойынша)

19

Оспанов Төлеген Әукенұлы

- аудандық ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша)

20

Онаев Саябек Қазбекұлы

- аудандық жол полициясы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

21

Тұтқышев Көмек Исабекұлы

- "Ұлан" Өндірістік Кооперативінің төрағасы (келісім бойынша)

22

Салауатов Мүслім Сағынайұлы

- "Абай-Сервис" Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорының директоры

23

Имашев Спандиар Исабекұлы

- Жолдарды эксплуатациялау басқармасы - 42 бастығы (келісім бойынша)

24

Шарабуряк Игорь Иванович

- N 30 өрт қауіпсіздігі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

25

Шайменов Мереке Қайыпұлы

- аудандық телекоммуникация торабының директоры (келісім бойынша)

26

Назипова Галина Замиловна

- "Газоіl" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газ учаскесінің бастығы (келісім бойынша)

27

Айтжанов Жақсылық Айтжанұлы

- Есенгелді ауылдық округінің әкімі

28

Балкенов Рымбай Балкенұлы

- Южный кентінің әкімі

29

Балбеков Серікбай Борисұлы

- Қарабас кентінің әкімі

30

Байқадамов Қайрат Оразбайұлы

- Самар ауылдық округінің әкімі

31

Гладков Николай Леонидович

- Агрогородок ауылдық округінің әкімі

32

Журавицкая Галина Павловна

- Көксу ауылдық округінің әкімі

33

Жақыпов Мұрат Асанұлы

- Құлаайғыр ауылдық округінің әкімі

34

Иманбаева Күләш Төкенқызы

- Сәрепті ауылдық округінің әкімі

35

Кенжебаев Нұржан Сағынайұлы

- Топар кентінің әкімі

36

Таубаева Замзагүл Оралқызы

- Изумрудный кентінің әкімі

37

Танкебаев Серікхан Қайыркенұлы

- Юбилейный ауылдық округінің әкімі

38

Түлкин Мәгдіғарап Жақсыбекұлы

- Құрма ауылдық округінің әкімі

39

Тұрысбеков Есенгелді Есейұлы

- Ақбастау ауылдық округінің әкімі

40

Шаберт Людмила Сергеевна

- Жартас ауылдық округінің әкімі

Абай ауданы әкімиятының
2004 жылғы 06 қаңтардағы
N 01/10 қаулысына
N 2 қосымша
"Төтенше жағдайларды ескерту
және соңын алып, жою жөніндегі
аудандық комиссия құру туралы"

Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі аудандық комиссия (бұдан былай комиссия) кеңесші - мәжіліс құрушы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қаулысымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдайлар саласындағы заңдылықтарға, аудан әкімінің шешімі мен өкімі, аудандық әкімияттың қаулысына сәйкес құрылған. Комиссия қауіпті жағдай, апат, жаппай қырылу, эпидемиялық ұшқын, адамдардың жұқпалы ауруларымен, ауылшаруашылық малдар мен өсімдіктердің аурулары туындауы салдарынан төтенше жағдайларды (ТЖ) ескерту және жою саласындағы бірыңғай мемлекеттік бағдарламаны жасау мен жүргізу бойынша ұсыныс әзірлеу үшін құрылған.
      2. Комиссия ауыл округтерімен және кент әкімдерімен, комитеттермен, басқармалармен, барлық меншік нысанындағы (бұдан әрі әкімдер мен ұйымдар) кәсіпорындармен, мекемелермен ара қатынас жасау арқылы өкілеттігін жүзеге асырады.
      3. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) аудан аумағында тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық - техникалық және өзге де шаралар жүйесін құру жөнінде ұсыныс әзірлейді;
      2) төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою үшін күштерді жетілдіріп, қаржыны пайдаланудағы негізгі бағыттарын анықтайды;
      3) төтенше жағдайларды ескертіп соңын алу үшін материалды - техникалық ресурстар құру жөнінде ұсыныс әзірлейді;
      4) төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды медициналық сауықтыру, әлеуметтік - экономикалық және құқықтық қорғау мәселесі жөніндегі әкімдер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан азаматтарды қорғайды;
      5) төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою мәселесі жөніндегі талдаушылық, сараптамалық және басқа жұмыстарды орындау үшін әкімияттар мен ұйымдардың мамандарын қатыстырады;
      4. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссияның құқығы:
      1) төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою саласында әкімдер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру бойынша ұсыныс енгізеді;
      2) комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша әкімдермен ұйым басшыларының баяндамасын тыңдайды;
      3) комиссияның жұмысы үшін қажетті, әкімдер мен ұйымдардың жұмысы бойынша ақпарат талап етеді;
      4) төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі бағдарламалық шараларын іске асыруға бюджеттен бөлінген қаржыны әкімдер мен ұйымдардың мақсатқа пайдалануына талдау жүргізеді;
      5) төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою мәселелері жөніндегі зерделеу, сараптамалық және өзге де жұмыстарды орындау үшін әкімият және ұйым мамандары қатыстырылады.
      5. Аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі аудандық комиссиясының төрағасы болып табылады.
      6. Комиссия мәжілісі қажеттілік бойынша өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
      7. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі аудандық комиссиясының құзыреттігіне сәйкес қабылдаған шешімдері нұсқаулық сипатта болады.
      8. Комиссия жұмысында қарастыратын, шешетін маңызды мәселелер бойынша аудан әкіміне жүйелі түрде ақпарат береді.

2. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссия мүшелерінің қызметтік міндеттері

      9. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссияның жұмысын басқарады, тұрғындардың қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, тұрмыстық қамтамасыз ететін, ауыл шаруашылық объектілерін, болуы мүмкін қатерден, аппатан, жойқыннан және экологиялық апаттардан сақтауды қамтамасыз етеді. Құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырумен жүргізуге басшылық жасайды.
      Төтенше жағдайларды ескерту, келесі жағдайларға байланысты төтенше жағдайлардың залалын азайту мен жоюға бағытталған шараларды әзірлеу және өткізу бойынша ауыл және кент әкімдерінің жұмысын үйлестіреді:
      1) тұрғын және халық шаруашылығы объектілерін қорғау;
      2) төтенше жағдайларды бақылау, болжау, апаттан құтқару мен ізін жою жұмыстарын жүргізу бойынша көп салалы қызметтермен бөлімдерді қолдау;
      3) зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету;
      4) тұрғындардың апаттан сақтану, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасырыну орнын, қажет заттармен қамтамасыз ету;
      5) басқару мен байланыс жасауды ұйымдастыру, ақпараттық басқару жүйесін құру.
      Қажетті сақтандыру және резерв қорларын, материалдық заттардың артық қорын жасақтау, төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі жұмысты материалды - техникалық жабдықтармен қамтамасыз етумен айналысады. Материалды-техникалық жабдықтар, жанар жағар май материалдарын, азық түліктер, дәрі дәрмектер қорын жасауға бақылау жүргізеді. Төтенше жағдайлардағы қимыл қозғалыс бойынша оқу жаттығуларын өткізеді.
      Ауданның азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің басшылық құрамының жұмысына басшылық жасайды.
      10. Төтенше жағдайларды ескерту және соның алып жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары.
      Қаржылық резерв құру, төтенше жағдайлардың зардабын азайту және соңын алып, жою, ескерту жөніндегі жұмыстар мен шығындарды қаржыландыру, сонымен қатар:
      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескертуге, зардабын азайтуға және соңын алып, жоюға бағытталған шараларды өткізумен байланысты;
      2) зардап шеккен тұрғындарға қаржылық көмек көрсетумен байланысты;
      3) төтенше жағдайлар аумағында зерттеу жұмысын жүргізумен байланысты;
      4) төтенше жағдайларды бақылау жасау, болжау, апаттан құтқару мен апат ізін жою жұмысын жүргізу бойынша көп салалы қызметтер мен бөлімшелерді құру және қолдаумен байланысты;
      5) зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетумен байланысты;
      6) тұрғындардың апаттан сақтану, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасырыну орнын, қажет заттармен қамтамасыз етумен байланысты;
      7) басқару мен байланыс жасауды ұйымдастыру, ақпараттық басқару жүйесін құрумен байланысты;
      8) қажетті сақтандыру және резерв қорларын құрумен байланысты.
      11. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман.
      Төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия төрағасының басшылығымен тұрғындардың, қоршаған ортаның, тұрмыстық қамтамасыз ететін және халық шаруашылығы объектілерінде болуы мүмкін апаттан, қираудан, жаппай қырылу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, құтқару жұмыстарын ұйымдастырады.
      Төтенше жағдайларды болдырмау және соңын алып, жоюға бағытталған шараларды құрып, орындайды. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері мен құрылымдарын жинақтайды.
      Аудандық төтенше жағдай комиссиясының, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайдың аумақтық және объектілік құрылымдарының жұмысын үйлестіреді.
      Төтенше жағдайларда немесе аудандық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша аудандық комиссияның мүшелеріне хабар беріп, жинайды.
      Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссиясы төрағасының тапсырмасының орындалуына бақылау жүргізеді.
      Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссия бойынша комиссия жиналысын ұйымдастырып, өткізеді.
      Төтенше жағдай болған жағдайда азаматтық қорғаныстың әскери емес құрылымдарын іске жұмылдыру бойынша азаматтық қорғаныстың аудандық штабына міндеттер қояды. Аса қауіпті объектілердің ахуалын тексеру жүргізеді.
      Қоғамдық топтардың жұмысына басшылық жасап, оларға міндеттер қояды, тиісті азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері арқылы ақпарат жинайды.
      Төтенше жағдай комиссиясының мүшелерін, басқарушы-командалық құрамның азаматтық қорғаныс курстарындағы үйрену сабақтарына жіберіп, бақылау жасайды, сондай-ақ тұрғындарды төтенше жағдайлардағы әрекетіне үйретуді қадағалайды. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасы мен құрылымдарын тексереді, олардың жүктелген міндеттерді орындаудағы әзірлігін бақылайды.
      Облыстық төтенше жағдайлар басқармасымен тығыз қарым қатынаста болады, мәлімет, баяндама дайындайды, хат хабар алмасуды реттейді. Барлық жағдайда төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі аудандық комиссия төрағасының нұсқауларын орындауды ұйымдастырады.
      Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға төтенше жағдайлар бойынша қалыптасқан жағдайды және төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссия төрағасы болмаған уақытта берілген өкімдер немесе бұйрықтар туралы баяндайды.
      12. Төраға орынбасары, Абай қаласының әкімі.
      Абай қаласының аумағындағы төтенше жағдайды болдырмауға және соңын алып, жоюға бағытталған шараларды орындауды жүзеге асырады. Қала халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тұрмыстық қамтамасыз ету объектілерінің күнделікті, сол сияқты төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе оның соңынан кейін объектілердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      Төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия төрағасының басшылығымен жұмыс істейді, Абай қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия төрағасының нұсқауларын орындауды ұйымдастырады. Инженерлік қызмет құрамы басшылығының жұмысына басшылық жасайды.
      13. Комиссия хатшысы, сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы.
      Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жиналысын әзірлеп, өткізуге қатысады, комиссия жиналысының хаттамасын жүргізеді.
      14. Төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып жою жөніндегі комиссиясының мүшелері:
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау мен жол бермеуге бағытталған шараларды, сондай-ақ аудан аумағында төтенше жағдайлардың соңын алып, жою шараларын орындауды жүзеге асырады.
      Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының бұйрықтары мен өкімдерін, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жиналысының хаттамалық шешімін орындайды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сондай-ақ оның соңын алып, жою жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеп, құруға қатысады. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жиналыстарына қатысады.
      15. Комиссия мүшелері, ауылдық округтер мен кент әкімдері.
      Жұмысындағы міндеттері:
      1) жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің қойған талаптарын қалтқысыз және дәлме дәл сақтап, орындайды;
      2) Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жиналысын, комиссия жұмысының жоспарын құруға қатысады;
      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау, немесе оның соңын алып, жою үшін қабылданған төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қабылдаған жоспарлар мен шараларды орындайды;
      4) ауылдық округ, кент аумағында объектілердің күнде немесе әсіресе төтенше жағдайлар туындау қаупі кезінде немесе оның соңын алып, жою кезінде денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық, және өзге де, тұрмыстық қамту объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды жүргізеді;
      5) төтенше жағдайлар қаупі туындағанда округтер мен ауыл тұрғындарының қоныс аударуын қамтамасыз ету, басқа аумақтардан аудандардан, облыстан қоныс аударған тұрғындарды қабылдап алуды ұйымдастырады;
      6) төтенше жағдайлар туындау қаупі немесе оның соңын алып, жою кезінде уақытында және шұғыл қимылдау үшін округ аумағындағы барлық техникалық, адам күші ресурстарын қажет жағдайда күшке жұмылдырады;
      7) төтенше жағдайлар қаупі туындағанда, сондай-ақ ауылдық округ пен кент аумағындағы төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғауға бағытталған қажетті шараларды орындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады