Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 30.06.2011 № 201 қаулысымен (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінің қаражатын пайдалану Ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары И.И. Нащекинге жүктелсін.
Аудан әкімі
Әкімият мүшелері
Қостанай облысы
Алтынсарин ауданының әкімиятының
2004 жылғы 18 мамырдағы № 48
"Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің
қаражаттарын пайдалану Ережесін
бекіту туралы" қаулысымен бекітілді
Алтынсарин ауданы әкімияты
резервінің қаражаттарын пайдалану
Ережелері
Осы Ережелер Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану және бөлу тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Аталған Ережелерде төмендегі келесі түсініктер қолданылады:
Алтынсарин ауданы әкімиятының резерві - үстіміздегі қаржы жылына аудандық бюджетте қаралып және Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулысы бойынша бір жолғы күтпеген шығындарды қаржыландыруға бөлінетін - қаражаттар;
күтпеген шығындар - үстіміздегі қаржы жылы ауданның бюджетін құру барысында оларды алдын-ала болжау және жоспарлау мүмкін болмағандықтан және кідіріссіз қаржыландыруды қажет ететін - шығындар.
Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің құрамындағы Алтынсарин ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу ушін қаражаттар - Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша Алтынсарин ауданы әкімияты немесе жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бөлінетін - қаражаттар.
2.ҒАлтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттарынан қаржыландырылатын бір жолғы күтпеген шығындарға келесі іс-шаралар енеді:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, ол мыналарды қамтиды:
төтенше жағдайлардың орын алуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұратын және тамақтандыру тіректерін ұстау және оларды қаржыландыру;
шұғыл іс-әрекет жасайтын апаттан құтқару және апаттарды қалпына келтіру бөлімшелерін құтқару техникалық құрал-жабдықтармен қосымша жабдықтау;
төтенше жағдайлар орын алған аймақтарға құтқару күштері мен құрал-жабдықтардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
2) сот шешімдері бойынша Алтынсарин ауданы әкімияты міндеттемелерін өтеу.
2. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің
қаражаттарын пайдалану және бөлу тәртібі
3. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлуді Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулысы негізінде белгіленген заң тәртібінде шығарылатын, қаржыландыруды ресімдеу арқылы, тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға, аудандық бюджеттің шығындар құрамында бекітілген мөлшерлер шегінде аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады, онда қаражатты алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі және оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі.
4. Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің қаражаттары қатаң мақсатта тағайындалады және оны осы Ережеде және резерв қаражаттарын бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қарастырылмаған қажеттілікке болмайды.
5. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулыларын әзірлеу барысында келесі жағдайлар ескеріледі:
1) ағымдағы қаржы жылында аудандық бюджеттен бөлінген қаражаттың жоқтығы;
2) Алтынсарин ауданы әкімиятының резерв қаражаттарының қажеттілігі ағымдағы қаржы жылында туындады және оның қажеттілігі қаражат алушының соттың шешімдері бойынша Алтынсарин әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуден басқа, бұрынғы міндеттемелерімен байланысты емес.
6. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражаттар бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы Алтынсарин әкімиятының қаулысы бір жылдық мерзімге дейінгі сипатта болады, ол Алтынсарин ауданы әкімиятының тиісті қаулысы негізінде ғана күшін жояды.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті Алтынсарин ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды.
8. Негізделген мәліметтерді ұсыну тәртібі мен тізбесі Алтынсарин ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиямен анықталады.
9. Аймақтық және кең ауқымдық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, қажеттілігіне байланысты аудан бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия белгіленген заңдылық тәртіп бойынша Алтынсарин ауданы әкімиятының қарауына төтенше жағдайларды жоюға қаражат жөніндегі қаулының жобасын ұсынады.
10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдары резервінің есебінен қаржыландырылуы тиіс.
4. Алтынсарин ауданы әкімиятының, сот шешімдері бойынша
жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін
өтеу үшін қаражат бөлу
11. Алтынсарин ауданы әкімиятының, сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың орындаушылық құжаттары болған жағдайда Алтынсарин ауданы әкімияты резервінің есебінен қамтамасыз етіледі.
12. Алтынсарин ауданы әкімиятының міндеттемелерін өтеу үшін Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражат бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулы жобасын белгіленген заңдар тәртібімен аудандық қаржы басқармасы дайындайды.
13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен қаражат бөлу жөніндегі Алтынсарин ауданы әкімиятының қаулы жобасын белгіленген заңдар тәртібімен жергілікті атқарушы орган дайындайды.
5. Бақылау және есептік
14. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервінен бөлінген қаржыны алушылар, орындалған жұмыстың құны мен көлемі, олардың қолданылуы жөніндегі есепті ауданның аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімінде ұсынуы қажет.
15. Ауданның аудандық қаржы басқармасы Алтынсарин ауданы әкім әкімиятының резервтік қаражаттарын пайдалану және оның тиісті кезеңге қалдығы жөніндегі ақпаратты ай сайын Алтынсарин ауданының әкіміне ұсынады.
16. Алтынсарин ауданы әкiмиятының резервiнен бөлiнген қаражаттарды мақсатсыз пайдаланғаны үшін қаржыны алушы Қазақстан Республикасының заңдылығында қаралған тәртiппен жауап береді.
17. Алтынсарин ауданы әкімиятының резервтік қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады.