Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 2004 жылғы 11 наурыздағы № 140 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 5 сәуірде № 2860 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2008.06.27 № 303 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 14 тармағына сәйкес "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 1 тармағы бойынша халықтың тұрмыстары төмен бөлiгiн әлеуметтiк қорғау мақсатында Қостанай ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жеке санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтiк төлемдердi төлеумен тағайындаудың Ережесi бекiтiлсiн (1 қосымша).
      2. Аудандық бюджет қаражаты есебінен ақшалай немесе нақты өнім түрінде атаулы әлеуметтік көмектің келесі түрлері бекітілсін:
      1) зейнеткерлік қорда қаражаттары жоқ халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органдарды есебінде тұрмайтын азаматтарды жерлеуге айырықша жағдайлардағы әлеуметтік көмек.
      2) тұрғын үйлік көмек;
      3) жедел әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына жеке санаттағы азаматтарға халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні, қарттар күні, мүгедектер күні, тәуелсіздік күні және басқа мерекелер мен мерей тойларды атауға бір жолғы әлеуметтік көмек;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерiнiң тұрмыстық қажеттерiне әлеуметтiк көмек;
      5) ерекше жағдайлардағы оралмандарға уақытша тұрғын үйдің шығыстарын олардың тұрақты үй алғанға дейін коммуналдық қызметтердің төлем ақыларын өтеуге бір жолғы әлеуметтiк көмек;
      6) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектері дүние салғанда оларға салттық жөн-жоралар көрсетуге аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесіне әлеуметтік көмек;
      7) ерекше жағдайларда аз қамтамасыз етілген азаматтарды құжаттандыруға әлеуметтік көмек;
      8) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және сол аудан мекемелері мен кәсіпорындарынан зейнетке шыққан азаматтарға материалдық көмекке үндеу жасаған уақытында қай елді мекенде тұрғанына байланыссыз көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік көмек;
      9) елеулі саяси және қоғамдық мағыналы коммерциялық емес сипаттағы және әлеуметтік сипаттағы бағдарламаларды іс жүзіне асыруға жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек;
      10) Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің бір жылдық оқу тобында оқитын балаларға әлеуметтік көмек;
      11) жетім балалар мен дарынды балаларға және ата-ана қарауынсыз қалғандарға тұрмысы төмен отбасы балаларына жасынан мүгедек болған балаларға, егерде дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес оларға оқу орындарында оқуға қарсылық көрсетілмесе, және жоғары оқу орындарының кешенді тестілеуінде талап етілген жоғарғы көрсеткішке 1-3 балл жетпеген оқу.
      3. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсететiн аудандық комиссия құрылсын және оның құрамы бекітілсін (2 қосымша).
      4. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихатының бекітуіне енгізілсін.
      5. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету және ол төлемдердi төлеу бойынша уәкiлеттi орган болып "Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгiленсiн.
      6. Аудандық комиссия (М. Демесенов), "Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (М. Жүсiпов), "Қостанай облысының қаржы Департаментінің Қостанай аудандық қаржы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (Г. Климбей, келісім бойынша) әлеуметтiк көмектердiң уақытында тағайындалып төленуiн қамтамасыз етсiн.
      7. Қостанай ауданы әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 129 "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы" (тіркеу нөмірі 1408, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2002 жылғы 17 мамырда № 20(95) жарияланған), 2003 жылғы 26 тамыздағы № 344 "Қостанай ауданы әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 129 "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі 2472, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2003 жылғы 17 қазанда № 44(169) жарияланған) қаулылары күшін жойды деп саналсын.
      8. Қаулының орындалуына бақылау аудан әкiмінiң орынбасары М.А. Демесеновке жүктелсiн.

      Аудан әкімі

Қазақстан Республикасы      
Қостанай облысы             
Қостанай ауданы әкiмиятының 
2004 жылғы 11 наурыздағы    
№ 140 қаулысына 1 қосымша   

Жеке санатты азаматтарға атаулы
әлеуметтiк төлемдер төлеу және тағайындау
ЕРЕЖЕСI

      Бұл ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 14 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңының 12 бабының 1 тармағы бойынша әзiрлендi, халықтың тұрмыстары төмен топтарын әлеуметтiк жағынан қорғау мақсатында, 258-015-000 "Жеке санатты азаматтарға жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмiмен әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасы бойынша тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтiк көмек төлемдерiн көрсету тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы қағидалары

      1. Бұл ережелер әлеуметтiк қолдауды керек ететiн жеке азаматтар мен отбасыларына атаулы әлеуметтiк көмек тағайындаудың ережелерiн реттейді.
      2. Атаулы әлеуметтiк көмектi көрсетудің тағайындау үшiн, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде аудандық комиссия, атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердің, бiлiм және әлеуметтiк қорғау органдарының, қорғау қызметкерлерiмен басқа мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен құрылады.
      Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ болуы керек.
      Комиссия жұмысын төраға басқарады, ол комиссия жүргізетін жұмысына жауапты.
      3. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша аудандық комиссия:
      1) азаматтардың әлеуметтiк көмек пен тұрғын үйлiк көмектер жөнiндегi арыздарын қарайды;
      2) көмек сұраушы отбасыларының әлеуметтiк тұрмыстық жағдайын және қамсыздандыру деңгейiн тексередi;
      3) дау-дамай шағымдардың нақты-қарасын шешедi.
      4. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңнамасын, аудандық және облыстық әкiмияттың қаулыларын, аудандық және облыстық мәслихаттар сессияларының шешiмiн, аудан және облыс әкiмдерiнiң әлеуметтiк, тұрғын үйлiк көмектердi тағайындау және төлеу бойынша шешiмдерiн және осы Ережелердi басшылыққа алады.
      Комиссия өз жұмысын қоғамдық тұрғыда жүзеге асырады.
      5. Аудандық комиссия арызданушының келiсiмiмен тиiстi органдардан мәлiметтер алу үшiн сұраныстар жасауға құқылы, қажеттi атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн арызданушының нақты тұрмыстық материалдық жағдайын зерттеу үшiн, оның мекен жайына барып тексерiстер жасай алады.
      6. Өтiнушiнiң материалдық жағдайына зерттеу жүргiзу әкiмінiң талабымен немесе комиссияның шешiмiмен өткiзiледi.
      Тексерiс барысында учаскелік комиссиялар атаулы көмек сұрауға өтiнушiнiң душар еткен жағдайды анықтайды. Бұл жөнiнде отбасы құрамына ондағы еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың барлығына, кәмелетке жетпеген балаларға және қарауға жататын тұлғаларға, отбасындағы жұмысты және жұмыссыздарға отбасының нақты табыс деңгейi ескерiледi.
      7. Әлеуметтік көмек алуға өтiнушi мен оның отбасының материалдық жағдайын тексеру өтiнушiнiң немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшесiнiң алдында жүргiзiледi.
      Егерде өтiнушi зерттеу жұмысын жүргiзуге қарсылық білдіріп онан бас тартса онда ол жөнiнде қорытынды жасалып ол комиссияның қарауына, немесе уәкiлеттi органға ия болмаса әкiмге жiберiледi.
      Комиссия мүшелерi өтiнушi олардың тұрмысындағы өзіндік құпиялығы бар мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
      8. Комиссия отырысы он күн iшiнде бiр рет өткiзiледi оның шешiмi жалпы мүшелерiнiң отырысқа 2/3 қатысса ғана есептеледi.
      9. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi деңгейде келесі өтiнiш түрінде берiледi:
      1) жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдардың есебiнде тұрмаған зейнет қорда ақшалары жоқ жұмыссыз азаматтарды жерлеуге айырықша жағдайларда әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үйлiк көмекке;
      3) шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына және жеке санаттағы азаматтарға Халықаралық әйелдер күнi, Жеңiс күнi, қарттар, мүгедектер, Тәуелсiздiк күндерiне және басқа мерекелiк мерей той күндерiне бiр жолғы әлеуметтік көмектер;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектерiнiң тұрмыстық қажеттерiне әлеуметтiк көмектер;
      5) айырықша жағдайларда репатрианттарға (оралмандарға) бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетуге аудандық комиссиямен анықталған мөлшерде Затобол поселкісінің және тиісті округ, село әкімінің қолдаухаты бойынша пәтер алғанға дейін уақытша тұрғын үйге шығын сомасын дәлелдейтін құжаттарды ұсынғанда, оларға тұрақты пәтер алғанға дейінгі коммуналдық қызметтерге кеткен төлемдерді өтеуге;
      6) аудандық соғыс және еңбек ардагерлерінің Кеңесіне әлеуметтік көмек аудандық Кеңесінің қолдаухаты негізінде Ұлы Отан соғысының құрбандары мен мүгедектері және оған қатысушыларға жөн-жоралық салт дәстүрлер көрсетуге тоқсанда бір рет 10 мың теңгеден аспайтын сомада;
      7) айырықша жағдайларда тұрмыстары төмен азаматтарды құжаттауға әлеуметтік көмек;
      8) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және материалдық көмек сұраған уақытында тұратын орнына қарамай ауданның мекемелерінен немесе кәсіпорындарынан зейнетке шыққан азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмектер;
      9) жеке санатты азаматтарға үлкен қоғамдық және саяси маңызы коммерциялық емес сипаттағы өзіндік әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру үшін әлеуметтік көмек;
      10) Қостанай ауыл шаруашылық колледжінде 2003 жылғы 21 қазандағы № 396 Қостанай ауданы әкімиятының қаулысымен белгіленген шарт бойынша "Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің бір жылдық оқу тобындағы оқушыларды оқытуды қаржыландыру туралы" мемлекеттік нормативті құқықтық актілер тіркелімінде 2003 жылы 7 қарашада № 2547 болып оқу орнының оқыту үшін төлемақы мөлшері жөніндегі анықтамаға сәйкес тіркелген;
      11) жетім балалар мен дарынды балаларға және ата-ана қамқорынсыз қалғандарға, тұрмысы төмен отбасы балаларына, жасынан мүгедек болғандарға егерде дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес оларға оқу орындарында қарсылық көрсетілмесе және жоғары оқу орындардың кешенді тестілеуінде талап етілген жоғары көрсеткішке 1-3 балл жетпеген жағдайларда әлеуметтік көмектер.
      10. Әлеуметтiк көмектiң көрсетiлген түрлерi (тұрғын үйлiктен басқа) ақшалай немесе заттай түрде берiледi.
      Комиссия отбасының нақты мұқтажына (киiм-кешек, дәрi, отын және басқалары) мақсатты әлеуметтiк көмек тағайындай алады.
      11. Атаулы әлеуметтiк көмектiң барлық түрлерiн көрсетуде жұмыс iстеушiнi жерлеуге берiлетiн әлеуметтiк көмектен басқа кейбiр ерекше жағдайларда халықтың жұмыспен қамтылуы мәселесi бойынша уәкiлеттi органдардың есебiнде жоқ жұмыссыз зейнеткерлік қорда қаражаты жоқ азаматтарға атаулы әлеуметтік көмектiң негiзiне отбасының орташа жанына шаққандағы кiрiсi, кедейшiлiк деңгей шегінен артпаған мөлшері алынады.
      Жанұяның жалпы бiрiккен кiрiсi "Жалпы бiрiккен кiрiсi атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткерлер ережесiне" сәйкес есептелiнедi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 3-п бұйрығымен бекiтiлген.
      12. Атаулы әлеуметтiк көмектердi есептеудiң тәртiбi:
      1) әлеуметтiк көмек тағайындау туралы арызды оны алуға құқылы азамат бередi, кейбiр жеке жағдайларда соғыс, еңбек ардагерлер аудандық кеңесінің және аудандық мүгедек қоғамының өтiнiшi бойынша оған сәйкес тиiстi қосымша құжаттар мен әлеуметтiк көмектiң түрiне байланысты аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары бере алады;
      2) тиiстi құжаттар түскен күннен кейiн әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн оларды қарау он күн iшiнде жүзеге асырылады;
      3) әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тартуы жөнiнде комиссия өтiнушiге жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi;
      4) өтiнушi арызы мен құжаттарында көрсетiлген мәлiметтер бойынша заңнамаға сәйкес берiлген мәлiметтердiң растығына толығымен жауапты;
      5) комиссияның шешiмiне өтiнушi сот арқылы шағымданады.

2. Айырықша жағдайларда зейнеткер қорының шотында
қаражаты жоқ, халықты жұмыспен қамту мәселесі
бойынша уәкiлеттi органдардың есебiнде жоқ қайтыс
болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге
әлеуметтiк көмек

      13. Кейбiр айырықша жағдайларда зейнеткер қорының шотында қаражаты жоқ халық жұмыстылығы мәселесi бойынша уәкiлеттi органдардың есебiнде жоқ қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтiк көмек отбасы кiрiсiне қарамастан төленедi.
      14. Қайтыс болғанды жерлеуге әлеуметтiк көмек оның отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi нақты атқарушы азаматқа төленедi.
      15. Жерлеуге әлеуметтiк көмектi алуға өтiнiш жасау құқығы қайтыс болғаннан кейiн 6 ай бойы сақталады.
      16. Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтiк көмек алу құқығын дәлелдейтiн құжаттар:
      1) әлеуметтiк көмектi тағайындауға арыз;
      2) қайтыс болғаны туралы анықтама;
      3) қайтыс болғаны туралы куәлiк (көшiрме);
      4) еңбек қатынастарын бекiтетiн құжаттар (еңбек кiтапшасы, өтінушінің жұмыссыздығын бекітетін округ әкімі аппаратының анықтамасы) жерлеуді нақты атқаратын тұлғаны бекітетін округ әкімі аппаратының анықтамасы;
      5) өтінушінің жұмыстығын немесе жұмыссыздығын бекітетін жұмыспен қамту бойынша уәкiлеттi органның анықтамасы;
      6) зейнеткер қордың шотында бар немесе жоқ қаражаты туралы бекітетін зейнеткер қордың анықтамасы.

3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс
мүгедектерiнiң тұрмыстық қажеттерiне әлеуметтiк көмек

      17. Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне әлеуметтiк көмек өтiнiш түрiнде сипатталады.
      18. Әлеуметтiк көмектi төлеу, оны алушының қайтыс болған күнiнен бастап тоқтатылады.
      19. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын куәландыратын құжаттар:
      1) арыз;
      2) Ұлы Отан соғысының ардагерi немесе мүгедегi куәлiгi (көшiрме);
      3) жеке куәлiгi, СТН.

4. Бiр жолғы әлеуметтiк көмек

      20. Бiржолғы әлеуметтiк көмек алу құқылы тұрмысы төмен отбасылары мен орташа жанға шаққандағы азаматтардың кiрiсi кедейшiлiк шегiнен төмен болса немесе кейбiр ерекше жағдайларға байланысты жедел әлеуметтiк қолдауды керек ететiндерге немесе жеке санаттағы азаматтарға халықаралық әйелдер күнiн, Жеңiс, қарттар, мүгедектер, тәуелсiздiк күндерi мерекелерiн тойлауға және басқа мерекелiк немесе мерей тойлық шаралар өткiзуге бағытталады.
      21. Бiр жолғы әлеуметтiк көмек алуға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және бір жолғы материалдық көмек алу сол уақытта тұратын елді мекеніне қарамай ауданның мекемелерінен және кәсіпорындарынан зейнетке шыққан азаматтар құқылы.
      22. Бiр жолғы әлеуметтiк көмек мөлшері атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссиясымен, айырықша, шұғыл жағдайларда аудан әкімімен азаматтық арызы және селолық округ, село, Затобол поселкісінің жанындағы учаскелік комиссияның материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі бойынша, ауырғанда емдеу мекемелердің анықтамасы, қолдау хаты, басқа жағдайларда селолық округ, село, Затобол поселкісінің әкімдерінің, соғыс және еңбек ардагерлер аудандық Кеңесінің, аудандық мүгедектер қоғамы Кеңесінің қолдаухаты бойынша анықталады.
      23. Келесi санаттағы азаматтар кестесi әлеуметтiк қолдауға құқылы мерекелiк және мерей тойлық даталарда:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Социалистiк еңбек ерлерi, үшінші дәрежедегi даңқ ордендерiнiң иегерлерi;
      3) "Алтын Қыран", "Отан", "Даңқ", "Халық қаhарманы" ордендерімен марапатталғандар;
      4) Совет Армиясының мүгедектерi;
      5) чернобыл, ауған мүгедектерi;
      6) "За оборону Ленинграда" медалімен, "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталғандар;
      7) Чернобыл АЭС апатының салдарын жоюға қатысушылар 1986-1987 жж., 1988-1989 жж.;
      8) басқа мемлекеттер аумағында соғыс қимылдарына қатысқандар;
      9) кәмелетке жетпеген концлагер тұтқынындағылар;
      10) Ауған соғысы мен Ұлы Отан соғысы кезiндегi әскерге жалданған құрамдар;
      11) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесiрлерi, басқа некеге отырмаған;
      12) қаза тапқан жауынгерлер жанұясы;
      13) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң қайтыс болған Отан соғысына қатысушылардың әйелдерi;
      14) еңбектiк тылға қатысушылар;
      15) көп балалы аналар "Алтын алқа", "Күмiс алқа", "Ер ана", I-II дәрежедегi "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған;
      16) төрт және онан да көп бiрге тұратын балалары бар көп балалы аналар;
      17) ақталған азаматтар;
      18) республикалық деңгейдегi дербес зейнеткерлер;
      19) еңбек ардагерлерi;
      20) I, II, III топтағы мүгедектер;
      21) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар;
      22) жалғыз басты зейнеткерлер.

5. Репатрианттарға (оралмандарға) бiр жолғы
әлеуметтiк көмек

      24. Ерекше жағдайларда репатрианттарға (оралмандарға) бiр жолғы әлеуметтiк көмек көрсету және төлеу уақытша тұруына төлейтін шығыстарын қайтаруға және оларға пәтер алу мерзімінде уақытша тұруға берілген тұрғын үйдің коммуналдық қызметтеріне, отбасыларға келгеннің өз арызы және тұлғаны, репатриант (оралман) мәртебесін, отбасы құрамын, туыстық қатынастарын растайтын құжаттары, тұрған үшін және коммуналдық қызметке шыққан сомасын растайтын құжаттар және тиісті селолық округ, село, Затобол поселкесінің әкімінің сенімхаты негізінде.
      25. Репатрианттарға (оралмандарға) бiр жолғы әлеуметтiк көмектер тағайындауға келесi құжаттар қажет:
      1) әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегі арыз;
      2) тұрған мекен жайынан отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) шығын сомасын растайтын құжаттар;
      4) репатриант (оралмандығы) мәртебесін куәландыратын құжат;
      5) селолық округ, село, Затобол поселкесі әкімінің сенімхаты;
      6) жеке куәлiгi, әлеуметтік жеке коды.

6. Жоғары оқу орындары мен Қостанай ауыл шаруашылық
колледжінің бюджеттік бір жылдық тобында
оқитын жетiм балалар мен дарынды балаларға және
тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтiк көмек

      26. Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің бір жылдық тобында оқитындарға 2003 жылғы 7 қарашада № 2576 болып мемлекеттік нормативті құқықтық актілердің тізбесімен тіркелген "Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің бір жылдық оқу тобында оқитын оқушыларды қаржыландыру туралы" Қостанай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 қазандағы № 396 қаулысына сәйкес Қостанай ауыл шаруашылық колледжінде бір жылдық топта оқитын балаларға әлеуметтік көмек көрсету аудандық комиссиясының шешімімен тағайындалады.
      Әлеуметтік көмек оқу орнының бір жылдық оқуға төлем ақы көлемі жөніндегі анықтама туралы студенттің есеп шотына арызына сәйкес салымшының жүктеуі бойынша (187 үлгі) Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің есеп шотына аударылады.
      27. Бір жолғы әлеуметтік көмек Қостанай ауданның жоғарғы орындарында оқитын дарынды балаларын қолдаудың бір түрі болып саналады, ол көмек үстіміздегі жылы орта мектепті үздік оқып, кешенді тестілеуде қажетті жоғары баллға 1-3 балы жетпегендерге бірінші оқу жылына беріледі.
      Комиссия төрағаның атына жазылған арыздары бойынша әлеуметтік көмек конкурстық негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсететін аудандық комиссияның шешімімен, арызда оқу орнының аты, факультеті және мамандығы төлемақы сомасы көрсетіледі. Студенттің арызына байланысты салымшының талабы бойынша (187 үлгі бойынша) оқу орнының есеп шотына аударылады.
      Әлеуметтiк көмек жетім және дарынды балаларға, әке-шешелерінің қамқорынсыз қалған және төменгі деңгейде қамтылған отбасыларына, бала жасынан мүгедектерге егерде оларға дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясының ұйғарымы бойынша тиісті жоғары оқу орындарында оқуға қарсылықтары болмаса.
      Арыздар аудандық газетіне хабарлама шыққан күннен екі жетінің ішінде қабылданады. Комиссияның отырысы құжаттар қабылдану біткеннен кейін үш күн мерзімнің ішінде өткізіледі, конкурстың нәтижесі қатысушыларға жеткізіледі.
      Егерде студенттер өздері жөнінде шындыққа жанаспайтын мәліметтер бергені үшін заңмен қарастырылған тәртіп бойынша комиссия төленген қаражат сомасын өндіріп алуға құқылы.
      28. Жоғары оқу орындарында оқитындарға әлеуметтiк көмек тағайындауға келесi құжаттар керек: арызы, орта білімі жөнінде құжаты, тестілеудің нәтижесі, мақтау қағаздары, дипломдар, қорғаншы немесе қамқоршы ретіндегі қаулы, мүгедектерге дәрігерлердің ұйғарымы, олардың тиісті оқу орындарында қарсылықтардың жоқтығы туралы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органның анықтамасы және селолық округ, село, Затобол поселкесі әкімінің аз қамтылған отбасы статусын растайтын анықтамалар және тұрғын мекен жайынан анықтама, оқу орнынан оқыту төлемдерінің мөлшері туралы анықтамалар, жеке басының куәлігі, әлеуметтік жеке кодының көшірмесі.

7. Ұлы Отан соғысының қайтыс болған
ардагерлері мен қатысушыларына салтты гүлдер
алуға ардагерлер Кеңесіне әлеуметтiк көмек

      29. Аудандық ардагерлер Кеңесіне әлеуметтiк көмек тоқсанда бір реттен аспайтын 10 мың теңге сомасында аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің қолдаухаты негізінде Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерi мен қатысушыларға салтты гүлдер алуға бөлінеді.

8. Айырықша жағдайларда тұрмыстары төмен
азаматтарды құжаттандыруға әлеуметтiк көмек

      30. Тұрмыстары төмен азаматтарды құжаттандыруға әлеуметтiк көмек айырықша жағдайларда егер отбасында табыс болмаса ғана өтінушіге беріледі.
      Әлеуметтік көмек азаматтың арызы, округ, село, Затобол поселкісі әкімінің сенімхаты, құжаттануының шығыс соманы растайтын анықтама немесе басқа құжаттар бойынша төленеді.

9. Қорытынды ережелер

      31. Заңнамамен белгiленген тәртiп бойынша өтiнушiлерге атаулы әлеуметтiк көмек төлеу мен тағайындаудың дұрыстығына комиссия жауап бередi.
      32. Алдынала әлеуметтiк көмек алуға және оның мөлшерi жөнiнде шындыққа жанаспайтын өзгерiстер туралы мәлiметтер бергенi үшiн азаматтар әлеуметтiк көмектер алу құқынан мерзімі үш айға дейін айырылады.
      33. Белсендi түрде жұмыс iздемей ия болмаса уақытша берiлген ақылы қоғамдық жұмыстан бас тартқаны үшiн жұмыссыздардың әлеуметтiк көмек алу құқылары жойылады.
      34. Әлеуметтiк көмектi төлеу мекен жайындағы халықтық банкiнiң филиалы және "Қазпошта" бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады, әлеуметтiк көмек алуға негiз бiткеннен кейiн ия болмаса қайтыс болғаннан кейiн алушының құқығы жойылады.
      35. Әлеуметтiк көмек көрсетуге бөлiнетiн қаржыны пайдалануға бақылауды уәкілетті қаржы органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы     
Қостанай облысы            
Қостанай ауданы әкiмиятының
2004 жылғы 11 наурыздағы   
№ 140 қаулысына 2 қосымша  

Атаулы әлеуметтік көмектер көрсету
бойынша аудандық комиссияның құрамы

Демесенов Мереке Андреевич

-

Қостанай ауданы әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

Жүсiпов Мұқаш Ыбырайұлы

-

Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары

Воронина Ольга Федоровна

-

Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылығы бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелерi:

Ильминская Вера Яковлевна

-

Қостанай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат және әлеуметтік сала  бөлімінің басшысы

Климовская Любовь Терентьевна

-

Қостанай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы

Невмержицкая Людмила Леонидовна

-

Қостанай облысының қаржы Департаментінің Қостанай аудандық қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы (келісім бойынша)

Лим
Варвара Николаевна

-

Қостанай ауданының салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы

Мураева Надежда Александровна

-

аудандық ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы (келісім бойынша)

Қондыбаева Гүлнар Оралқызы

-

Қостанай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады