Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмекті тағайындау мен төлеу Нұсқауы туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2004 жылғы 28 мамырдағы № 70 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 маусымда № 2985 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы және 2004 жылғы 24 мамырдағы Меңдіқара аудандық әкімиятың № 136 қаулысы негізінде Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының белгіленген тәртібімен ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмекті тағайындау мен төлеу Нұсқауы бекітілсін (қосымша).
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаты хатшысы

Қазақстан Республикасы             
Қостанай облысы Меңдiқара аудандық 
мәслихаты кезектен тыс сессиясының 
(үшiншi шақырылған) 2004 жылғы 28  
мамырдағы № 70 шешiмiне қосымша    

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ ЖӘНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА
МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ НҰСҚАУЫ

1. Жалпы ережелер

      Осы Нұсқау ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға құжаттандыру үшін (бұдан әрі - материалдық көмек) материалдық көмекті көрсету тәртібін реттейді.

2. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі

      Материалдық көмек өтініш беру нысанын алып жүреді.
      Материалдық көмекті тағайындау туралы арызды, оны алуға құқығы бар тұлға мекен-жай орны бойынша "Меңдіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне береді.
      Материалдық көмекті өтінген тұлға белгіленген нысан бойынша материалдық көмекті тағайындау туралы арызды тапсырады.
      Материалдық көмекті тағайындау үшін арызды қарау материалдық көмекті тағайындау жөніндегі комиссиямен 10 күндік мерзімде іске асырылады. Материалдық көмекті тағайындауда дәлелді бас тарту жағдайында өтініш берушіге бұл туралы жазбаша хабарланады.
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін материалдық көмекті есептеу және төлеу арыз берген айдан бастап жүргізіледі.
      Аз қамтылған азаматтар үшін материалдық көмекті тағайындау және төлеу арыз берген күннен мезгілді жүргізіледі.
      Тапсырылған ақпараттың нақтылығын растайтын толық жауапкершілікті арызды қабылдап алған тұлғалар алып жүреді. Жасалған төлемдерден кейін қандай да бұзушылықтарды немесе нақты емес мәліметтерді анықтау жағдайында, заңсыз төленген сомалар қолданыстағы заңнамадағы белгіленген тәртіпте кінәлілерден алынады.

3. Материалдық көмекті төлеу

      Материалдық көмекті төлеу аудан бюджетінің қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      Меңдіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесі есептеуді жүргізеді және азаматтардың тізімін құрастырады және "Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға ай сайын тапсырыстарды береді.
      Материалдық көмекті төлеу банкілік операциялардың түрлері бар, заңнамамен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Материалдық көмекті төлеу өткен айға жүргізіледі.
      Материалдық көмекті төлеу алушының қайтқан күнінен тоқтатылады.

4. Материалдық көмекті төлеуге бақылау жасау

      Меңдіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесі ай сайын АХАЖ (азаматтық хал актілерін жазу) органдарынан материалдық көмек тағайындалған тұлғалардың қайту жағдайларын тіркеу туралы мәліметтерді сұратады.
      Меңдіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік мекемесі ай сайын Зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесінен Қазақстан Республикасы аумағының шегінен кеткен ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері туралы мәліметтерді сұратады.
      Материалдық көмек заңсыз төленген бойынша құжаттарды дұрыс ресімдегені үшін, лауазымды тұлғалар, олардың кінәләрі бойынша бұл болғанда заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікті алады.
      Төленген сомаларға бақылау жасау материалдық көмекті төлеуді жүзеге асыратын конкурс жеңімпаздары мен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арасында салыстыру-актілер негізінде ай сайын жүзеге асырылады.
      Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесі материалдық көмекті төлеуге бюджет қаражатын дұрыс жұмсауға келесі тексерістерді жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады