Жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен кредит беру жөнiндегi келiсiмнiң шарттарын бекiту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 90/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде N 2392 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы N 76/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 27.03.2014 N 76/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi
N 832  қаулысымен бекiтiлген, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын
мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк
нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi Ережеге сәйкес,
жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен кредит беру шарттарын
анықтау мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жергiлiктi бюджеттер есебiнен кредиттер беру жөнiндегi
келiсiм шарттары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен кредит берiлетiн
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, облыс мемлекеттiк сатып алу,
қаржы департаменттерi жұмыста аталған шарттарды басшылыққа алатын
болсын. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
В. З. Бочинге жүктелсiн. 

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

        Облыс әкiмдiгiнiң       
2004 жылғы 26 наурыз      
"Жергiлiктi бюджеттер қаражаттары 
есебiнен кредит беру жөнiндегi  
келiсiмнiң шарттарын бекiту туралы"
N 90/4 шешiмiне        
қосымша            

  Жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен кредит беру
                  жөнiндегi келiсiмнiң шарттары

N р/с Баптардың атауы Бюджеттiк бағдарламалардың атаулары
(бұдан ірi  Бағдарлама)
13.9.272.006
"Экономика салаларын қолдау мен дамыту үшiн кредит беру"
13.9.272.005
"Жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру"
10.1.257.009
"Ауылшаруашылық товарларын өндiрушiлерге кредит беру" 
1 2 3 4 5

1

Бағдарламаның мақсаты

Облыс
экономикасы салаларында инвестициялық жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету 

Экспортқа бағдарланған және импорт алмастыратын өнiм өндiрiсiн, қызмет көрсету саласы өндiрiсiн  дамытуға бағытталған шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржы-кредиттiк қолдау 

Экономиканың агроөнеркәсiп секторындағы инвестициялық жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету 

2

Кредит беру көзi 

Жергiлiктi бюджеттер

Жергiлiктi бюджеттер

Жергiлiктi бюджеттер

3

Бағдарламаның әкiмшiсi

Облыс экономика департаментi, қалалар мен аудандардың экономика басқармалары

Облыс экономика департаментi, қалалар мен аудандардың экономика басқармалары

Облыс ауыл шаруашылығы департаментi, қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы басқармалары

4

Инвестициялық жобаларды iрiктеу мен бекiту 

Тиiстi облыстық (қалалық, аудандық) комиссиялар анықтайтын басымдықтар бойынша 

Тиiстi облыстық (қалалық, аудандық) комиссиялар анықтайтын басымдықтар бойынша

Тиiстi облыстық (қалалық, аудандық) комиссиялар анықтайтын басымдықтар бойынша

5

Қарызгер

Екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен (бұдан әрi Ереже) және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн (мерзiмдi және жылдық) бюджеттiң атқарушы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржы 90 тармағына сәйкес кредит берушiлер  белгiлеген банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар, рәсiмдерi ережесi 

Екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен (бұдан әрi
Ереже) және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн (мерзiмдi және жылдық) бюджеттiң атқарушы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржы 90 тармағына сәйкес кредит берушiлер  белгiлеген банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар, рәсiмдерi ережесi

Екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен (бұдан әрi  Ереже) және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн (мерзiмдi және жылдық) бюджеттiң атқарушы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржы 90 тармағына сәйкес кредит берушiлер белгiлеген банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар, рәсiмдерi ережесi

6

Соңғы қарызгер      

Қызметiнiң негiзгi түрi экономиканың сәйкесетiн саласы болып табылатын заңды және жеке тұлғалар 

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi  заңды және жеке тұлғалар 

Қызметiнiң негiзгi түрi ауылшаруашылық өнiм өндiру мен қайта өңдеу негiзгi қызметi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар 

7

Бюджеттiк кредит беру түрлерi 

Мерзiмдi кредит немесе кредиттiк желi

Мерзiмдi кредит немесе кредиттiк желi

Мерзiмдi кредит немесе кредиттiк желi

8

Берiлетiн кредиттердiң валютасы 

Теңгемен

Теңгемен

Теңгемен

9

Облыстық бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары бойынша соңғы қарызгерге келетiн бюджеттiк кредиттiң мерзiмi мен сомасы  

Қысқа мерзiмдi кредит (1 жылға дейiн) 100 млн. теңгеге дейiн;

Орташа мерзiмдi кредит (1 жылдан артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын) 200 млн. теңгеге дейiн;

Ұзақ мерзiмдi кредит (3 жылдан артық)  300 млн. теңгеге дейiн

Қысқа мерзiмдi кредит (1 жылға дейiн) 30 млн. теңгеге дейiн;

Орташа мерзiмдi кредит (1 жылдан артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын) 50 млн. теңгеге дейiн;

Ұзақ мерзiмдi кредит (3 жылдан артық)  100 млн. теңгеге дейiн

Қысқа мерзiмдi кредит (1 жылға дейiн) 10 млн. теңгеге дейiн;

Орташа мерзiмдi кредит (1 жылдан артық, бiрақ  3 жылдан аспайтын) 30 млн. теңгеге дейiн;

Ұзақ мерзiмдi кредит  кредит (3 жылдан артық)  50 млн. теңгеге дейiн

10

Қалалар мен аудандардың  бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалары бойынша соңғы қарызгерге келетiн бюджеттiк кредиттiң мерзiмi мен сомасы 

Қысқа мерзiмдi кредит (1 жылға дейiн) 10 млн. теңгеге дейiн;

Орташа мерзiмдi кредит (1 жылдан артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын) 30 млн. теңгеге дейiн;

Ұзақ мерзiмдi кредит (3 жылдан артық)  50 млн. теңгеге дейiн

Қысқа мерзiмдi кредит (1 жылға дейiн) 3 млн. теңгеге дейiн;

Орташа мерзiмдi кредит (1 жылдан артық, бiрақ  3 жылдан аспайтын) 5 млн. теңгеге дейiн;

Ұзақ мерзiмдi кредит (3 жылдан артық)  10 млн. теңгеге дейiн

Қысқа мерзiмдi кредит (1 жылға дейiн) 3 млн. теңгеге дейiн;

Орташа мерзiмдi кредит (1 артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын) 5 млн. теңгеге дейiн;

Ұзақ мерзiмдi кредит (3 жылдан артық)  10 млн. теңгеге дейiн

11

Бюджеттiк кредиттiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету

Соңғы қарызгер негiзгi борышты және есептелген сыйақыны өтеудi қарызгер-банк кредит берушiмен бiрлесiп белгiлеген өтем кестесiне сәйкес жүзеге асырады. Негiзгi борыш және/немесе бюджеттiк кредит бойынша сыйлықақы өтелмеген жағдайда пайда болған борышқа мерзiмдi кешiктiрген әр күн үшiн бюджеттiк кредит бойынша борыш сомасынан (0,1 (нөл бүтiн оннан бiр) шегiнде айыппұл пайызы есептеледi). Бюджеттiк кредиттердi дер кезiнде қайтаруды қарызгер-банк тиiстi қамтамасыз етедi.

Соңғы қарызгер негiзгi борышты және есептелген сыйақыны өтеудi қарызгер-банк кредит берушiмен бiрлесiп белгiлеген өтем кестесiне сәйкес жүзеге асы-рады. Негiзгi борыш және/немесе бюджеттiк кредит бойынша сыйлықақы өтелмеген жағдайда пайда болған борышқа мерзiмдi кешiктiрген әр күн үшiн бюджеттiк кредит бойынша борыш сомасынан (0,1 (нөл бүтiн оннан бiр) шегiнде айыппұл пайызы есептеледi). Бюджеттiк кредиттердi дер кезiнде қайтаруды қарызгер-банк тиiстi қамтамасыз етедi.

Соңғы қарызгер негiзгi борышты және есептелген сыйақыны өтеудi қарызгер-банк кредит берушiмен бiрлесiп белгiлеген өтем кестесiне сәйкес жүзеге асырады. Негiзгi борыш және/немесе бюджеттiк кредит бойынша сыйлықақы өтелмеген жағдайда пайда болған борышқа мерзiмдi кешiктiрген әр күн үшiн бюджеттiк кредит бойынша борыш сомасынан (0,1 (нөл бүтiн оннан бiр) шегiнде айыппұл пайызы есептеледi). Бюджеттiк кредиттердi дер кезiнде қайтаруды қарызгер-банк тиiстi қамтамасыз етедi.

12

Бюджеттiк кредиттi мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету 

Кредит берушiге қарызгерден бюджет қаражатының заңсыз пайдаланған сомалары үшiн (мақсатсыз пайдаланған кредит қаражаты сомасының 25 (жиырма бес) пайызы шегiнде) Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте (Ережелердiң 182 - т.)  айыппұл алу құқығы берiледi

Кредит берушiге қарызгерден бюджет қаражатының заңсыз пайдаланған сомалары үшiн (мақсатсыз пайдаланған кредит қаражаты сомасының 25 (жиырма бес) пайызы шегiнде) Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте (Ережелердiң 182- т.)  айыппұл алу құқығы берiледi

Кредит берушiге қарызгерден бюджет қаражатының заңсыз пайдаланған сомалары үшiн (мақсатсыз пайдаланған кредит қаражаты сомасының 25 (жиырма бес) пайызы шегiнде) Қазақстан
Республикасының қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте (Ережелердiң 182- т.)  айыппұл алу құқығы берiледi

13

Қарызгер-банктiң жауапкершiлiгi 

Кредит беру тәртiбiнiң орындалуы, бюджет қаражатының қайтарылуы және бюджеттiк кредиттiң мақсатты пайдаланылуы үшiн белгiленедi

14

Соңғы қарызгер үшiн жеңiлдiктi мерзiмнiң болуы (болмауы)

Қарызгер-банктiң және кредит берушiнiң тиiстi есептерiмен расталады. Сонымен бiрге жеңiлдiктi уақыттың ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының 1/3-нен (үштен бiрiнен) аспауы керек (Ереженiң 180-1-т)

15

Кредиттi қамтамасыз ету (кепiлдiктiң түрi) 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кепiлдiктер, кепiлдiкке алу, мүлiктi кепiлдiкке салу, мүлiктiк емес құқықтар және қамтамасыз етудiң өзге де түрлерi

16

Бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы 

Қарызгер-банк  алдыңғы тоқсандағы операциялардың нәтижесiнде бюджетке ұйымдастырылған бағалы қағаздардың қайталама  рыногындағы тiркелген мөлшерлеме бойынша мемлекеттiк орташа мерзiмi индекстелмейтiн мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша конкурс өткiзiлген датасындағы Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң ұлттық валютадағы айналысқа шығарылған ақшаның өлшенген орташа пайдалылығы құны бойынша-(Ереженiң 164-1 т.)

Соңғы қарызгер- сыйақы мөлшерлемесiнiң көлемi бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн төленетiн сыйақы мөлшерлемесiнiң 1,5 есесiнен аспауы керек (Ереженiң 164-5 т.)

Қарызгер-банк  алдыңғы тоқсандағы операциялардың нәтижесiнде бюджетке ұйымдастырылған бағалы қағаздардың қайталама  рыногындағы тiркелген мөлшерлеме бойынша мемлекеттiк орташа мерзiмi индекстелмейтiн мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша конкурс өткiзiлген датасындағы Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң  ұлттық валютадағы айналысқа шығарылған ақшаның өлшенген орташа пайдалылығы құны бойынша -(Ереженiң 164-1 т.)

Соңғы қарызгер- сыйақы мөлшерлемесiнiң көлемi бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн төленетiн сыйақы мөлшерлемесiнiң 1,5 есесiнен аспауы керек
(Ереженiң 164-5 т.)

қарызгер-банк  алдыңғы тоқсандағы операциялардың нәтижесiнде бюджетке ұйымдастырылған бағалы қағаздардың қайталама  рыногындағы тiркелген мөлшерлеме бойынша мемлекеттiк орташа мерзiмi индекстелмейтiн мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша конкурс өткiзiлген датасындағы Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң  ұлттық валютадағы айналысқа шығарылған ақшаның өлшенген орташа пайдалылығы құны бойынша-(Ереженiң 164-1 т.)

Соңғы қарызгер- сыйақы мөлшерлемесiнiң көлемi бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн төленетiн сыйақы мөлшерлемесiнiң 1,5 есесiнен аспауы керек (Ереженiң 164-5 т.)

17

Қарызгер-банктiң кiрiсi

Кредит берушi қарызгер-банктiң соңғы қарызгерге арналған сыйақының шектi мөлшерлемесi және бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы мөлшерлемесi шеңберiнде бюджеттiк кредит бергенде тиiстi пайда алу мәселесiн шешудi қарастырады

18

Бюджеттiк кредиттi өтеуге қызмет көрсетудiң өзге жағдайлары  

Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасы шеңберiнде  тараптардың келiсiмi бойынша анықталады

Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасы шеңберiнде  тараптардың келiсiмi бойынша анықталады

Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасы шеңберiнде  тараптардың келiсiмi бойынша анықталады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады